90
қимылдық компонент. Осы үштік құрылымның тұтастығы арқылы шексіз
мөлшерлік семантика жасалады. Бұл конструкция арқылы зат мөлшері
семантикасы да, қимыл мөлшері семантикасы да беріледі. Сөздікте зат мөлшерін
білдіретін мөлшерлік конструкциялар жиі кездеседі. Ал осы зат мөлшерінің өзі
заттар арқылы да, қимыл-әрекет арқылы да өлшенеді. Сондықтан
конструкцияның
мөлшерлік компоненті
бірде зат есімдер, бірде етістіктер болып
келеді. Конструкцияда ең негізгі компонент
мөлшерлік компонент
болып, ол
тұтас мөлшерлік семантиканың түзілуіне ұйытқы болады. Мөлшерлік
компоненттің өзі
туынды
сөз
және
түбір сөз
болып келеді. Туынды мөлшерлік
компоненттің түбірінің өзі кейде зат есім не етістік болып келеді. Мөлшерлік
компонент болатын түбір сөздер дербес тұрғанда ешқандай
мөлшерлік мағына
білдірмейді, тек заттық мағына білдіріп, зат есім сөзі болады. Мөлшерлік мағына
синтаксистік конструкцияның ішінде туындайды. Сондықтан мұндай мөлшерлік
компоненттерді
ауыспалы мөлшерліктер
деп атауға болады. Ал мөлшерлік
компонент туынды сөз болса, дербес тұрып
ешқандай мағына
білдірмейді де,
конструкция құрамында мөлшерлік семантика тудырады. Сондықтан мұндай
мөлшерлік компоненттерді
арнайы мөлшерліктер
деп атауға болады. Мөлшерлік
компоненттердің
мөлшерлік
семантикасы
тек
конструкция
ішінде
айқындалатындықтан, ол синтаксистік деңгейде қарастырылуы керек және
мөлшерлік семантика осы мөлшерлік компоненттердің аясында түсіндіру қажет.
М.Қашқари сөздігіндегі мөлшер семантикалы мөлшерлік конструкциялар
көбіне соматизмдердің қатысымен құрылады. Яғни оның мөлшерлік компоненті
не дене мүше атаулары, не дене мүшелерінің қатысымен істелетін қимыл-әрекет
болып келеді. Сөздікте «мөлшер» ұғымын білдіретін соматизмдердің жалпы
саны 40-қа тарта. Бұл сөздікте кездесетін мөлшер мәнді тілдік бірліктердің
жалпы санының 15% иелейді. Сөздіктегі мөлшер семантикалы соматизмдер
лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға жіктеледі.
Адамның дене мүшелері жаратылыстан берілген түрлі физикалық-
биологиялық табиғи функцияларға ие екені белгілі. Бұдан бөлек тұрмыс-тіршілік
барысында әртүрлі қажеттіліктер үшін де қолданылады. Сондай қызметтің бірі –
өлшем құралы. Айталық,
қол
– барлық жұмыстарды атқару құралы, сонымен
қатар, ол – өлшем құралы;
аяқ
– көзделген бір нысанадан екінші нысанаға
жетудің құралы, әрі ол да – өлшем құралы. Сол сияқты адам ағзалары,
қажеттілікке қарай, өзінің басты функциясынан бөлек түрлі қызметтерде
жұмсалады. Бұл туралы К.Күркебаев: «Соматикалық атаулар – дене мүше
атауларының өте ежелгі лексика-семантикалық сөздер тобы. Тілдің
эволюциялық дамуына сәйкес, дене мүше атаулары сөз мағыналарының дамуы
мен кеңеюі үдерісінде өлшемге айналған.
Достарыңызбен бөлісу: