97
Белгілі бір мөлшер семантикасын білдіргенімен,
өлшеуіш соматизмдерден
мөлшерлік сипаты бір саты төмендеуі осы –
шамалауыш соматизмдер
. Бұл
топтағы соматикалық мөлшерліктер зат пен құбылыс мөлшерін, өлшемін
дәлдікпен анықтап бере алмайды, тек болжайды, шамалайды.
Мөлшерлік
конструкция
құрамында ғана «мөлшер» ұғымын білдіреді де, конструкциясыз
дербес қолданылмайды, бөлек шығарсақ, мағынасыз
графикалық тұлғаға
айналады. Көпмағыналы да емес, конструкция құрамында бір ғана мөлшерлеу
үдерісінің атауы болып келеді. Сондықтан олар кейде тұрақты құрылымдарға
ұқсаңқырайды, десе де олар – еркін тіркестер. Ондағы тұрақтылық мағынаның
біреу екендігі мен белгілі мөлшерлеу үдерісіне арнайы қолданылуында. Аталған
шамалауыш соматизмдер
зат пен құбылыс мөлшерін өлшеуде адам не жан-
жануарлардың физикалық қуатын, шамасын өлшем етеді. Яғни белгілі шамалар
соматизмдер арқылы тікелей өлшенбесе де,
мөлшерлеу үдерісі
дене мүшелердің
қатысы арқылы жүзеге асады. Тек бір сәттегі вербалды амалдар арқылы мөлшері
шамаланады. Олардың реті төмендегідей:
– Иаршым // (шаптырым – А.Е.): Бір иаршым иер // бір шаптырым жер;
бәйгеде бір шаптырым жер
(МҚ, Т
3
-66). Қазіргі қазақ тілінде
бір иарышым иер
(бір жарысым жер)
қолданысы жоқ. Сондақтан мұны А.Егеубаев
бір
шаптырым жер
деп аударады. М.Қашқаридың
иарышым
сөзін бөлек алып,
қашықтық өлшемі ретінде арнайы түсіндіруіне қарағанда, бұл түркі тілінде,
нақты болмаса да, болжалды қашықтық мәні бар өлшем бірлік екенін түсіндіреді.
Бұл, бір жағы, орта ғасыр түркі тілінің мөлшерлік ұғымдар мен тілдік бірліктерге
байлығын көрсетеді.
Қазақ тіліндегі
ат шаптырым жер
тіркесінің қашықтық мәнін ғалымдар
әртүрлі көрсетеді. Айталық: Арғынбаев – 30-40 км, С.М. Абрамзон – 50 км,
М.Әуезов – шамамен 20-25 км. Біздіңше, бұл мөлшерлік конструкцияның нақты
мәні жоқ. М.Әуезовтің шамамен айтқаны негізсіз емес. Бәйгеге түскен аттың
бабы мен физикалық қуаты шамамен осынша (20-25 км) қашықтықты бағындыра
алады. Бұл шама бәйге аттардың жүйріктігіне қарай және бәйгенің түрлеріне
қарай да өзгеріп отырады. Олай болса, орта ғасыр түркі тіліндегі
йарышым
сөзінде де нақты қашықтық мән болуы екіталай. Бұл да бәйгеге (аламанға)
қосылған аттардың бағындыра алатын арақашықтығына тең. Оның сандық мәні
әр кез әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бір-бірінен тым алшақ кетпейді.
Тағы бір айта кететіні, физикалық процесті білдіретін
йарышым
сөзінің дене
мүшесіне қандай қатысы бар деген ой тууы мүмкін. Төменде талданатын
шамалауыш соматизмдердің көпшілігі де осы типтегі сөздер. Сондықтан
физикалық процестер мен соматизмдердің қатысын осы арада анықтап өткен
абзал. Шынында жарысатын – ат. Бірақ сол аттың жарысы не шабысы төрт аяқ,
яғни дене мүше арқылы болады. Төрт аяқтың қуаты атты
Достарыңызбен бөлісу: