98
– Орым // орым: бір орым от // бір орым шөп
(МҚ, Т
1
-105).
Орым
– «көлем»
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Шөп орған адамның физикалық
қуаты таусылғанша орып үлгерген шөбінің көлемін емес, орақпен бір рет орып
түскен кездегі немесе малдың бір уақыт азығына жетерлік көлемдегі шөпті
білдіреді.
– Оқтам // бір оқтық, оқ жетерлік: бір оқтам иер // бір оқ атым жер
(МҚ,
Т
1
-112).
Оқтам
– «қашықтық» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Садақтан атылған
жебенің
(оғының)
жеткен жеріне дейінгі қашықтықты білдіреді. Мұнда садақ
тарта алатын кез келген адамның оғы жетер орташа қашықтығы алынады.
Адамның физикалық қуаты мен қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына
басты негіз болады. Қазіргі қазақ тілінде көбіне осы ұғым
оқ бойы жер, бір атым
жер
тіркесі арқылы беріледі.
– Екім // егім: бір екім иер // бір егім жер; бір еккенде егілетін жер (шамасы)
(МҚ, Т
1
-105).
Екім
– «аудан» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Жер бетінің бір
адамның егін салуға физикалық қуаты жететін аумағы. Адам қуаты мөлшерлік
ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Пішім // тілім; кесім; пішім: бір пішім қағұн – бір тілім қауын. Басқаларға
да солай қолданылады
(МҚ, Т
1
-455).
Пішім
– «көлем» ұғымын білдіретін
шамалауыш мөлшерлік. Ұстауға және жеуге ыңғайлы етіп тілінген қауынның
қалыпты көлемін
(қалыңдығын)
білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның
тууына негіз болып тұр.
– Тілім // тілім, бөлік: бір тілім ет // бір тілім ет. Ұзынынан кесілген, яки
тілінген нәрсенің барлығына да «тілім» дейді
(МҚ, Т
1
-456).
Тілім –
«көлем»
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Нақты мөлшері белгісіз болғанымен,
пышақпен бір кесіп алған аз мөлшердегі зат мөлшерін (нан, ет, т.б.) білдіреді.
– Тізім // тізбе; тізім: бір тізім иүнжу // бір тізбе інжу
(МҚ, Т
1
-455).
Тізім
– «көлем» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Мойын не қолға тағуға
ыңғайлы көлемдегі інжу тізбегін білдіреді. Қол мен мойын шеңберінің көлемі
«мөлшер» ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Иұғрұм // (илем, жайым –А.Е.): бір иұғрұм ұн // бір илем ұн; бір рет қамыр
илейтін ұн
(МҚ, Т
3
-66).
Иұғрұм
– «көлем», «сыйымдылық» ұғымдарын
білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Зат мөлшерінде кейде көлем мен
сыйымдылық ұғымдары қатар жүреді. Өйткені сыйымдылықпен өлшенген қою,
қатты заттардың қандай да бір көлемі болады. Ал бұл сөз бір реткі тамаққа
жетерлік көлемдегі немесе сыйымдылық шамадағы ұн мөлшерін білдіреді. Илеу
немесе қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Иүгрүм // (жүгірім – А.Е.): бір иүгрүм иер // бір жүгірім жер: бір жүгіріп
барып қайтатын жер
(МҚ, Т
3
-66-67).
Иүгрүм
– «қашықтық» ұғымын білдіретін
мөлшерлік. Ол адамның бір рет жүгіріп бара алатын қашықтығына тең. Адамның
физикалық қуаты мен екі аяқтың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз
болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: