10
1
Кесте 1: мөлшер категориясының тілдік табиғатын тану және тарихи парадигмасын анықтау
механизмі
1
Мөлшер – өте күрделі жаратылыстанымдық ұғым және ғаламды құраушы субстантивті негіздердің бірі. Мөлшерді
адамзаттың ақыл-ой қызметінен
бұрын пайда болған
субстантивті мөлшер
(Гегельше – таза мөлшер) және рухани-
материалдық ізденістер нәтижесінде анықталған
субъективті мөлшер
(Гегельше – анықталған мөлшер) деп екіге жіктеуге
болады. Мұнда субстантивті мөлшерді адамзат ақылы түбегейлі анықтауға қауқарсыз. Өйткені «шекті мен шексізді өлшеуге
болмайды» (Абай). Десе де адамзаттың танымдық ізденісі ұлғайған сайын субстантивті
мөлшер субъективті мөлшерге
ауысып отырады. Сана кеңістігіндегі мөлшер,
ең әуелі, бес сезім мүшесі мен рухани ізденістердің нәтижесінде ұғымға
айналады да, оның
бір бөлігі мазмұнға ие болып, адамдар арасында ақпараттық алмасу (тілдесу) қажеттілігінен, тіл
бірліктеріне, тілдік мөлшерге айналады. Бұл қайта айналып мөлшер туралы ұғымның ұлғаюына септігін тигізеді. Бұлар, дәл
осы формада, ұдайы бір-біріне тәуелді байланыста әрекет етеді. Ұғым деңгейіндегі
мөлшерді тұжырымдар, теориялар,
аксиомалар түрінде философия ғылымы анықтаса, оның заттар (материя) бойынан көрініс табатын тілдік емес формасын түрлі
ғылым салалары анықтайды. Бұл ғылымдардың басты мақсаты – мөлшер жайлы ақиқат ұғымға
жету және оны адамзат
игілігіне жарату. Ал тілдік деңегейде мөлшер тілдің коммуникативтік және эстетикалық қызметі (функциясы) негізінде тіл
бірліктеріне айналады. Бұл тілде
поэтикалық мөлшер
мен
бейтарап мөлшер
деп анықталатын
мөлшердің екі тобын
қалыптастырады. Аталған екі топтың да тілдік құпиясын лингвистика ғылымы анықтайды. Бұл лингвистиканың үш
парадигмасы аясында, көптеген жаңа және дәстүрлі бағыттар шегінде қарастырылады.
Мөлшер ұғымдық категория болғандықтан, мөлшерлік ұғым мен мөлшер мәнді
бірліктердің ішкі логикалық
байланысын, ұғымдану мен құрылымдану жүйесін тіл философиясы анықтайды. Ал оның поэтикалық тілдегі образды
құрылымдар жүйесін, семантикасын лингвопоэтика зерделейді. Мөлшер категориясын тану үдерісін жеңілдету, жеделдету
үшін қазақ тіл білімі мен әлемдік лингвистикада бұған дейін жасалған зерттеулердің тұжырымдары
мен тәжірибелерін
назарда ұстау да аса қажет. Сондай-ақ субъективті мөлшер – тіл мен таным үдерісіндегі тарихи категория болғандықтан, оның
тілдегі жүйесін парадигмасын сол тілдің барлық тарихи кезеңдері бойынша байланыстыра қарастыру қажет. Міне, осындай,
тұтасқан, бір-біріне тәуелді зерттеу әдістері мен жүйесі мөлшер категориясы туралы толыққанды тұжырым мен түсініктерге
жетелейді. Бұл зерттеу осы жүйені мақсат етіп құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: