14
– это
определенное количество, которое произвольно
принимается за в себе
определенную единицу по отношению к внешней численности», – деп анықтама
береді [40, с. 302]. Г.Гегель мөлшердің «шексіздік» ұғымының күрделі
мәселелерді қарастыра келіп, «оңбаған мөлшерлік шексіздік» деп атайды [39, 263
б.]. Бұл – мөлшердің және оның шексіздік қасиетінің тым күрделі, сан салалы
ұғым екенін түсініп жету еді.
К.Маркс мөлшер проблемасын диалектикалық материализм негізінде
қарастырды. Сондай-ақ мөлшердің «сапа» ұғымымен де ажырамас байланысы
барын негіздеді. Айнала қоршаған объективті дүние
сапалық
және
мөлшерлік
қасиеттерден құралатынын айқын көрсете білді. К.Маркс тұңғыш рет «мөлшер»
ұғымын экономика ғылымымен байланыстырды. Капитализмдегі өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастарды сапа
және мөлшерлік қатынастар
тұрғысынан қарастырды. Соның нәтижесінде сапа мен мөлшер категориясының
диалектикалық бірлігін дәлелдеді. Ол: «Әрбір пайдалы затты екі түрлі көзқараста,
яғни сапалық және мөлшерлік жағынан қарауға болады», – деп жазады [41, 173
б.]. Мұның өзі сапа мен мөлшер затты құраушы ең басты элементтер екенін
ұғындырады. Әрі «мөлшер» ұғымы «сапа» ұғымының кеңістік пен уақыт
ішіндегі көрінісі екенін ашып көрсетті.
Мөлшер категориясы дәстүрлі қазақ танымында, дала философиясында да
болмыстағы ең басты ұғымдардың бірі ретінде сипатталды. Ол түрлі мақал-мәтел,
ақыл-нақыл сөздерде, салт-дәстүр, тағы басқа да мәдени-рухани құндылықтарда
көрініс тапты. Көне түркілер танымында мөлшер категориясына тән белгілердің
бірі «шекті/шексіз» ұғымдарының мәні зор болды. Олар уақыт пен кеңістікті
шексіз, ал тіршілік пен адам өмірін шекті құбылыс деп таныды және ең үлкен
мақсат-мұраттарын уақытпен өлшеді, уақытпен теңестіргісі келді.
Мәңгілік,
шексіз өмірге ұмтылды. Түркілер бұл мәңгілік мұратын «мәңгі тасқа» былай деп
жазды:
Өтүкен йыш олурсар, беңгү іл тута олуртачсен // Өтүкен қойнауында
отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың сен /сонда/
(КТк., 55, 8). Мәңгілік өмірге
ұмтылу Қорқыттың ажалмен күресуінен де көрініс тапты. Мәңгілік өмір,
мәңгілік елдік идеясы кейінгі ғасырларда да әр кез жалғасын тауып отырды.
Қазақ хандығының алғашқы құрылу кезеңінде Асан қайғының «Жерұйық»,
«Жиделібайсынды» іздеуі соның айғағы. Ал бұл бүгінгі Қазақстанның «Мәңгілік
ел» идеясымен астасып жатыр. Демек, «уақыт» ұғымы – түркілер танымында ең
басты мөлшерлік ұғымдардың бірі.
Ал мөлшер категориясын тануда Абай жаратылыстық негізді шексіз,
адамзаттық негізді шекті деп сипаттады. Бұл туралы 38-қара сөзінде былай дейді:
Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке
мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмады. Алла
тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз
–
өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге
болмайды
(Абай, 38-қара сөзі). Мұнда «Алла» сөзі тар мағынада Жаратушының
өзін сипаттаса, кең мағынада оның жаратқан құбылыстары мен заңдылықтарын
көрсетеді. Алайда екеуі де шексіз. Абай мөлшерді тепе-теңдік, үйлесім ретінде
де сипаттай білді:
Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса –
жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті
салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек,
жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар.
Өлшеуінен асырса, боғы шығады
(Абай, 43-қара сөз). Егерде әрбір өлшемді нәрсе
15
қалыпты
шегінен шықса, тепе-теңдік бұзылса, дәл сол мөлшер басқа формаға
ауысады. Жинақтай келгенде, Абай «мөлшер» ұғымының субстантивті
негіздерін өлшеусіз, шексіз, адамзаттық негіздерін өлшеулі, шекті деп біледі.
Адамзат руханияты тарихындағы есімі әлемге белгілі аталған ойшыл,
ғұламалардың мөлшер категориясы туралы ой-тұжырымдары
мен анықтаған
басты жаңалықтарын түйіндей келе, төмендегі кесте
2
түрінде көрсетуге болады:
Кесте 2: мөлшер категориясының философиялық мәні
«Мөлшер» шартты түрде үш деңгейден тұрады. Материя мөлшердің пайда
болуының адам санасынан тыс, жаратылыстық негізін көрсетеді. Бұл объективті
мөлшер саналады. Әрі мөлшердің пайда болуының бірінші сатысы. Ал осы
объективті мөлшердің адам рухани кеңістігіне енуі, ойлау, таным жүйесі арқылы
сипатталуы, сан, шама формасында көрініс табуы оның адамзаттық негізі
саналады. Бұл объективті әрі субъективті мөлшер саналады. Бұл мөлшердің
ұғым ретінде пайда болуы, яғни екінші сатысы. Бір формадағы жаратылыстық
нысан әр адамда, әр этноста, әр халықта түрліше формада, ұқсамаған мөлшерде
сипатталады. Өйткені жаратылыстық дүние барлық адамға бірдей болғанымен,
адамзаттың рухани әлемі бірдей «кеңістікте» болмайды. Дүниені танудың
шарттары, құралдары, тәсілдері адамдарда жасына, жынысына, тобына, тағы да
басқа тарихи-әлеуметтік топтардың түріне қарай түрліше болады.
Сондықтан
нысандар осы «екінші әлемге» енгенде қайта құрылымданып, түрліше шамалар
болып танылады және ол тіл-тілдерден түрліше формада көрініс табады. Міне,
бұл мөлшердің пайда болуының үшінші сатысы. Бұл субъективті мөлшер болады.
2
Кестедегі түзу сызық философтардың бірінші болып анықтаған басты жаңалықтарын, үзік сызық өзінен бұрын
анықталған ақиқатты мақұлдауын, құптауын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: