112
1. XIII–XIV ғасыр қыпшақ ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы
лексикалық бірліктер
Қыпшақ ескерткіштерінде
5
мөлшер семантикасы лексикалық деңгейде
кеңінен көрініс табады. Оны сөз таптары шеңберінде нақты көрсетуге болады.
Ескерткіштерде мөлшер семантикасы, ең әуелі,
сын есімдер
арқылы беріледі.
Сын есімдердің кейбір мағыналық топтарының мөлшер семантикасын білдіру
қызметі түркі тілінің барлық тарихи кезеңдеріне және орта ғасыр түркі тілінің
барлық топтарына тән. Тілдер тобында жекелеген сөздердің морфологиялық
тұлғасы мен қолданыс аясында өзгешеліктер болғанымен, сын есімдердің жалпы
семантикалық жүйесі ұқсас. Сондықтан түркі тілінің бір бұтағына (тобына) тән
семантикалық жүйе екінші бұтағына да тән деп айтуға болады. Мұны аталған
кезеңдер мен тілдер тобы бойынша жүргізілген зерттеулер де көрсетеді.
Айталық, Мәмлүк қыпшақтары тілінде (оғыз тобының тілдік элементтері көп)
жазылған, «Китаб Муқаддима» ескерткішін арнайы қарастырған Қ.Садықбеков
аталған ескерткіште кездесетін сапалық сын есімдерді семантикалық
ерекшелігіне қарай: «Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер, заттың көлемін,
аумағын білдіретін сын есімдер, заттың мөлшерін білдіретін сын есімдер, заттың
сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер»,
–
деп төрт топқа бөледі [202, 48-49
бб.]. Мұнда төрт топтың екеуі мөлшер семантикасына тікелей қатысты. Демек,
сын есімдердің семантикалық өрісінің едәуір бөлігін «мөлшер» ұғымы құрайды.
Ал біз дереккөз ретінде алған қыпшақ ескерткіштеріндегі мөлшер
семантикасының сын есімдер арқылы берілу ерекшелігі төмендегідей:
«Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасында мөлшер семантикасын білдіретін
көп,
чандан
сын есімдері кездеседі. Бұлар бірнеше есім, етістік сөздермен
анықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста тіркесіп келіп, бірде іс-әрекеттің
уақыт жағынан созылыңқылығы мен мөлшер жағынан көптігін (
көп йығладылар
(АХ, 211/40)
// көп жылады),
бірде деректі заттардың
(алар көпдур
(АХ, 185/19)
// олар көп
) немесе абстрактілі заттық ұғымдардың (
Достарыңызбен бөлісу: