иығаш та,
фарсах та осы ұзындық
шамасына тең. Ал ДТС-те де
иығаш сөзінің үш түрлі мағынасы берілген: бірінші
мағынасы – ағаш; екінші мағынасы туралы:
jығаш: мера расстояния:
bіr jығаш jер – расстояние в один йигаш, около семи километров (МК. ІІІ. 8.),
– деп
берілген
[188, с. 265]. Екі деректе де ұзақ қашықтық мәнін білдіретіні
айтылғанымен, теңестірілген сандық мәнінде айтарлықтай алшақтық бар. ДТС-
те үшінші мағынасы:
«jїγač III: jїγač julduz // Юпитер (TT VII 1 32 )», – деп берілген
[188, с. 265]. Күн жүйесіндегі ең алып планета саналатын Есекқырғанның
(
Юпитер) көкте, алыста орналасуына байланысты
jїγač julduz // алыс жұлдыз деп
аталған болса керек. Бұлай болғанда
иығаш сөзі алыс, шалғай деген тағы да бір
сындық мағынаны білдіреді. Біздіңше,
иығаш – М.Қашқари заманынан да бұрын
қолданыста болған ұзындық өлшемі. Өйткені ұзындық өлшемі ретінде
мағынасының тұрақтанып, тұтас түркі тайпаларында кеңінен қолданылуы бірер
ғасырдың шегінде жүзеге аспайды. Бұл сөз тіпті кейінгі XV ғасырға тән тарихи
жазбаларда да жиі кездеседі. XV
– XVI ғасырға жататын «Бабырнамада» да
иығаш өлшемі кездеседі. Мұнда шамамен 6 км қашықтыққа меңзеледі [198, 436 б.].
Фарсах та алыс қашықтықты білдіретін өлшем ретінде М.Қашқари
сөздігінде бірнеше жерде кездеседі. Сөздікте түркілердің жер көлемін сипаттау
үшін осы
фарсах сөзін қолданылады. Соған қарағанда
иығаштан гөрі
фарсах сөзі өлшемдік мәнде жиірек қолданыста болғанға ұқсайды. Сөздікте былай
беріледі:
Рұм өлкесінен Машынға дейін күллі түрік елдерінің ұзын бойы бес мың фәрсах, ені үш мың фәрсах болып, барлығы сегіз мың фәрсахты құрайды. Бұлардың орнын анық білдіру үшін бәрін жер беті секілді картаның ішінде көрсетіп өттім (МҚ, Т
1
-56). Мұндағы Рұм «Кіші Азия) қазіргі Рим болса,
Машын (Үндістан, Моғолстан) елін білдіреді. Осы аралықтағы ұланғайыр
жердің қашықтығы 5000 фарсах. Ал А.Егеубай фарсах сөзіне:
Фәрсах – ұзындық өлшемі, 6,24 шақырымға (км) тең (МҚ, Т
1
-56), – деп түсініктеме береді. Олай
болса, Қашқари деректеріндегі түркі жұртының батысы мен шығысының
арақашықтығы 31,200 км болады. Ал тұтас жер шары экваторының ұзындығы
40,076 км деп беріледі. Демек,
фарсах туралы не А.Егеубай көрсеткені жаңсақ,
не М.Қашқаридың түркі жұртының аумағы туралы дерегі жаңсақ болғаны және
фарсах пен
иығаштың қашықтық мәні тең емес. А.Егеубайдың
«Бір фарсах он екі мың аршынға тең» деген дерегі бойынша есептегенде де
фарсах жоғарыдағы
6400 шақырымға сәйкес келмейді. Демек екі өлшем бірлік те ұзақ
арақашықтықты білдіргенімен, мәні тең емес.
М.Қашқари сөздігінде кездесетін өлшем бірліктердің келесі бір тобы –
салмақ өлшем бірліктері. Сөздікте нақты сандық мәні бар небәрі 4-5 салмақ
өлшемі кездеседі. Салмақ өлшем бірліктері орта ғасырдағы күнделікті тұрмыста
да, ірілі-ұсақты сауда-саттықта да ұдайы қажеттілік тудыратын өлшемдердің
санатына жатады. Алайда М.Қашқари сөздігінде
сағұ, батман, қырқлұм, кевші сияқты әлденеше салмақ өлшемдері ғана кездеседі. Десе де, осы бірнеше сөз
түркі тайпаларында салмақ өлшемінің дәлдігіне болған қажеттілік ерте кезеңнен
басталғанын аңғартады. Мұның өзі өркениеттің бір белгісі саналады.
М.Қашқари сөздігінде өлшем бірліктердің кейбірі аталып қана өтеді де,
нақты мәні түсіндірілмейді. Мұның себебін біз жалпыға түсінікті болуынан деп
болжаймыз. Сондай өлшемдердің бірі –
сағұ (МҚ, Т
3
-306). Сөздікте оның өлшем
110
екені ғана айтылады. Мұның нақты қандай заттарға қолданылатыны жайлы
мысал да берілмеген. Ал ДТС-те аталған өлшемнің мәні былай түсіндіріледі:
«
Saγu: мера измерения для зерна (МК ІІІ 225): qїrqlum saγu / мера измерения
сыпучих тел (≈16,48 л) (МК ІІІ 418)» [188, с. 481]. Бұған қарағанда,
сағұ тек
салмақ өлшемі емес, сыйымдылық өлшемін де білдіреді және ол санауға
келмейтін, көлемі, салмағы арқылы өлшенетін, ұсақ, қатты заттарға
қолданылады. Ал