Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


39 
3-ТАРАУ. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ 
ҚАЗАҚ 
ОҚУЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ САУАТ АШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Халық ағарту ісінде қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, 
С.Сәдуақасов, Т.Шонанұлы, Н.Төреқұловтар ұлттық тілді сақтай отырып, 
барлық ғылым салаларын оқытудың тың жолдарын ұсынғанымен, уақыт өте 
келе кеңестік өкімет өз билігін орнатты. Жыл өткен сайын қазақ тілі 
оқулықтарының кеңестік саясаттың ығымен жазылуына қандай оқиғалар 
түркі болғанын анықтау үшін 1920-50 жылдар аралығындағы Қазақстандағы 
халық ағарту комиссариатының жұмысына, оқулыққа қойылған талап-
ережелерге, сол кезеңдегі білім беру ісіне қатысты қаулы, заңдарға талдау 
жасау қажеттілігі туды. 
Халық ағарту комиссариатының деректеріне қарасақ, 1920 жылдары 
қазақты сауаттандыратын оқулықтар болған жоқ деген негізді ұстану арқылы 
оқулықтың әдістемесін орыс букварі мен орыс тілі үлгісіне салып жазу 
негізге алғанға ұқсайды. Ал тарихқа сүйенсек, Халық ағарту 
комиссариатының төрағасы болып сайланған А.Байтұрсынұлының ең бірінші 
ісі де – алдымен оқулық жазу, ауылдық жерлерден мектеп ашу, мұғалім 
даярлайтын Ташкенттегі институтты көшіру ісін жүзеге асырғанын 
байқаймыз. 1920 жылға дейін өзі қазақ тілі мен әдебиет оқулықтарын жазып, 
ал 
қарамағындағы 
қызметкерлері 
М.Дулатов, 
Х.Досмұхамедұлы, 
Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Асфендияровтарға жаратылыстану және 
қоғамдық ғылымдар оқулықтарын жаздыртқаны белгілі. Бірақ кеңес 
өкіметінің әкімшіл-әміршіл жүйесіне бағынбай, партияға енбей өздігінше 
жұмыс жасаған қазақ зиялылары қудалауға ұшыраған кезден бастап-ақ 
олардың еңбектері жойылды, тарихтан өшірілді. 
Енді ғана жанданып келе жатқан Қазақстанның халық ағарту ісінде 
тоқырау кезеңі басталды. Материалды базаның тұрақсыздығы, ағарту 
қызметкерлерінің ішінде нақты дайындығы бар кадрлардың жетіспеуі, 
халыққа білім беру мекемелерінің жергілікті халық тың тұрмыс жағдайын 
лайық болмауы сияқты мәселелер туындай бастады. Оған қоса қазақ 
әліпбиіне реформа жасау ісі бүйірден түйіп отырды. Дегенмен, алаш 
қайраткерлерінен тәлім-тәрбие алған, қазақ зиялыларының келесі легі ағарту 
ісіндегі аласапыран кезеңді басынан өткеріп, сол кездегі мәселелерді оңтайлы 
шешіп, қазақты сауаттандыру ісін ілгері жүргізе білді. Яғни қазақтың жаңа 
әліпбиін жасау, соған сай оқулықтар шығару, қазақ тілін зерттеп дамыту 
сияқты келелі мәселелерді тоқтатып қоймай, ілестіріп жүзеге асырып 
отырды.
Н.Сауранбаев құрастырған қазақ тілі оқулықтары өзіне дейінгі қызмет 
еткен оқулықтармен сарындас болғанымен, қоғам өмірі мен мәдениетіне сай
бейімделген әдістемесімен ерекшеленеді. Дегенмен, бұған дейін жазылған 
қазақ тілі оқулықтарымен салыстырғанда (авторлары А.Байтұрсынұлы, 
Т.Шонанұлы, Ғ. Бегалиев, І.Кеңесбаев) Н.Сауранбаев оқулықтарында тілдік 


40 
теорияны терең меңгертуге баса назар аударылады да, ұлттық 
құндылықтарды жаңғырту оқулық мысалдарынан да, жаттығу мәтіндерінен 
де кең көрініс таппайды. Оған себеп білім беру жүйесіндегі саясаттың 
талаптары болса керек. Себебі, кеңес билігі орнаған бетте-ақ халықты 
сауаттандыру, білім беру ісі түбегейлі орыстандыру саясатына бой 
алдырғанын білеміз. 
Тоталитарлық басқару саясаты толық орнағаннан кейін орыстанған 
үлгідегі оқулықтарды жазу қолға алынды. Енді мектептегі оқыту тілі қай 
тілде болу шарттылығы, қай пәндер міндетті деп саналуы, пәндік 
бағдарламалардың өзгермеу шарттылығы халық ағарту комиссариатының 
күн тәртібінен кетпеді. Алаш қайраткерлерінен кейін келген зиялылар қазақ 
мектептерін сақтап қалуға, орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті пән 
ретінде жүргізілуіне, типтік бағдарламаларға қазақ ақын-жазушыларын 
енгізуге барынша атсалысты. Қ.Кемеңгерұлы сол кездегі қоғамға ұлттық 
кадрлардың қажет екенін жақсы сезініп, соған қатысты өз пікірін білдіреді. 
«Мектеп қай тілде болу керек?» деген мақаласында ХХ ғасырдың 
жиырмасыншы жылдарындағы ауыл мектебінің жай-күйін сөз етеді. Ғалым 
мектепте баланы ана тілінде оқытуды дұрыс санап, баспасөз бетінде ойын 
ашық айтады: «Орта мектеп орыс тілінде болсын деушілерге: «Егер орта 
мектепте оқу орыс тілінде болса, бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы 
шықпайды. Ұлт мектептері, ұлт мәдениеті болмайды. Және басқа түрік 
ұлттары орта мектебін өз тілінде жүргізіп жатқанда қазақтың өз алдына ауа 
жайылуы қисынсыз» деген [32, 119]. Қ.Кемеңгерұлының бұл көзқарасынан 
ұлттық мәдениет, ұлттық дүниетаным, ұлттық психологиямыздан айырылып 
қалмау ниеті аңғарылады. 
Кеңестік саясаттың қысымы мен билігінің ықпалы соншалық сол кезде 
қазақ зиялыларының арасында да тартыс туды. Ендігі көріп бағатынымызда 
орыс саясаты деп мойынсынғандар, ала-құла болмай-ақ, орыс оқулықтарын 
үлгі етіп, әдістеме мен бағдарламаның да бірізді болуын мақұл көре 
бастайды. Мысалы, І. Қабылов: «Бастауыш мектепте қазақ тілінде сауат 
ашылсын, бірақ орыс тілі міндетті пән ретінде енсін; орта мектеп тұтастай 
орыс тілінде оқытылсын. Мұның бәрі қазақтан орта дәрежелі білімге 
жетіскен адамдар шыққанша болуы керек»[33], - деген пікір айтқан. Ал 
Ә.Байтасұлы І.Қабылов пікіріне қарсы шығып, «патша үкіметінің 
орыстандыру саясатын жақтау» деп баға береді де, мақаласында өз 
ұсыныстарын көрсетеді: 1.Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде 
оқу қазақша болсын; 2. Қазақ мектептерінің бәрінде де орыс тілі міндетті бір 
сабақ есебінде ғана кірсін [34]. Осындай тартысты мәселелер сол кездегі 
баспасөз бетінде дүркін-дүркін жарияланып жатты. Бірақ оны түзету, бір 
жолға салып, ортақ ымыра табуға Ресей үкіметінің еш ықылас-пейілі де 
болмады. Дегенмен, мектептің түрі мен тілі туралы айтыс ұзақ жылдар бойы 
қызу жалғасты. Халық ағарту комиссариатының көтерген мәселелері қазақ 
зиялылары арасында өткір талқыға түсті. Т. Жүргенов ағарту жұмыстарына 


41 
қаржының дұрыс жұмсалмайтынын, мұғалімдердің білімдерінің төмен 
болуын, оқу тілінің аралас болуын қатты сынады. «Жоғары оқу орындары 
орысша болғандықтан, қазақ балалары емтихан тапсыра алмай отыр» дей 
келе, оқытушылардың жағдайының қиындығын айтып өтеді. Т.Жүргенов 
«бастауыш, орта, жоғары оқу орындары қазақша болсын» деп, оған жету 
жолдарын қарастырады. Ол үшін бастауыш, орта, жоғары оқу орындарында 
оқытылатын оқулықтардың бәрі қазақ тілінде болса, оқытушылар тегіс 
қазақша білетіндер болса толық жүзеге асатынын ашық айтады. Бұнымен 
қоса, мынадай ұсыныстарын да ортаға қояды:
1. Қазаққа деген оқу орындарының бәрі жатағымен болсын. 
2. Оқытушылардың еңбек ақылары ұлғайсын; 
3. Қазақтан білімпаздар әзірлеу әрекеті қолға алынсын 
[35]. 
Көп кешікпей-ақ осы аталған талап-тілектердің барлығы болмаса да
бірен-сарандары қолға алынып, қазақ балаларының толық білім алуына 
жағдай жасалды.
Дегенмен қазақ мектептерінде болсын, орыс мектептерінде болсын 
қазақ тілін оқыту жайы төмендей берді. Бағдарламадағы қазақ тілін оқыту 
сағат сандары қысқара берді. 
Осы мәселе Н.Сауранбаевты да толғандырмай қоймады. Яғни 1940-50 
жылдары Орталық Партия Комитетінің қаулысы бойынша бекітілген оқыту 
бағдарламаларына Н.Сауранбаев өзіндік сыни пікірін білдіре алды. 1941 
жылы Халық мұғалімі журналына жарияланған мақаласында ғалым былай 
дейді: «Қазіргі ана тілін оқыту тәжірибесінде бірнеше кемшіліктер бар, 
олардың ең күрделісі мыналар:
1. Ана тілі тек 1 кластан басталып, 7 класқа дейін ғана оқылады. 8,9,10 
кластарда тіл оқытылмайды. 1класс пен 7 кластарда тек әліппе, грамматика, 
орфография ғана оқытылады.
2. Сол 7 класта оқылатын тіл сабағы бір беткей – ылғи грамматика 
болады. 7 класқа дейін алынған грамматикалық білім 8,9,10 кластарда-ақ 
ұмытылып қалады. Ал жоғары дәрежелі оқу орындарында ана тілі тіпті 
болмайды.Дұрыс сөйлей білу, дұрыс жаза білу, дұрыс оқи білу, біреудің 
жазғанын, айтқанын толық ұғына білу, өзінің ойын ауызша, жазуша 
көркемдеп, анықтап айта білу сияқты тәжірибелік дағдыға жетілдіру 
мәселесіне тіпті көңіл бөлінбейді. Кітап жазушы да, тіпті оқытушы да 
сыдырып тек грамматиканы айтады да шығады. Бұл ең үлкен қате нәрсе» 
[Халық мұғалімі. Алматы, 1941 №11] 
[36]. 
1938 жылдан бастап орыс әдіскерлері ұсынған оқулық әдістемесі 
бойынша әліппе оқулықтары, бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі, орта 
мектепке арналған қазақ тілі, педучилищеге арналған қазақ тілі оқулықтары 
жарық көре бастады. Жазылған оқулықтар көңілінен шыға бастағаннан кейін 
Халық ағарту комиссариаты ауылдық жерлерден орыс-қазақ мектептерін 
ашуға жаппай кірісті. Дегенмен, саясаттың арқасында қазақтың ұлы да, қызы
да 7 жастан бастап білім алуға дағдылана бастады. Мектеп көбейген сайын, 


42 
оқулыққа деген сұраныс та арта түсті. Орыс әдістемесімен жазылған қазақ 
тілі оқулықтарының көшбасында І.Кеңесбаев пен Ғ.Бегалиев оқулықтары 20 
мыңнан 80 мың тиражбен жыл сайын қайта басылып отырды. Одан кейінгі 
оқулықтар легіне Н.Сауранбаевтың орыс мектептеріне арналған қазақ тілі 
оқулығы ілесті.
Ы. Алтынсариннің «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш 
құралы» атты еңбегі жалпы әдістемелік нұсқаулардың алғашқысы деп айтуға 
болады. Бұл оқу құралы тек грамматиканы емес, әңгімелескен, хат жазған 
кезде сөздерді дұрыс пайдалану жолдарын үйретуге бағыттады. Өзге ұлт 
өкілдеріне қазақ тілін оқытудың қазіргі технологиясы өз тарихын 
Ы.Алтынсарин дәуірінен бастайды. Оқулық жазу әдістемесінің көш басында 
Ы.Алтынсарин тұрса, оның екінші легі алаш қайраткерлері болды. Ал 
Н.Сауранбаевтар оқулық әдістемесін құрастырған үшінші лекке жатады.
Осы үш тарихи кезеңнің өзіндік талаптары болды. Қазақ халқының 
әлеуметтік-мәдени дамуы мен қоғамдағы өзгерістеріне сай жаңа оқулықтар 
мен тың бағдарламалар қажет болды. Әрбір кезеңде қазақ тілінің қоғамдағы 
орнына байланысты зиялы қауымның алдында мынадай ортақ мәселені шешу 
міндеттері тұрды: 
- қазақ тілінде оқулықтар шығару, 
- мектепке арналған пәндік оқу құралдарын шығару, 
- қазақ тілінде дәріс беретін мұғалімдерді дайындау. 
- орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту [37,3]
Осы міндеттерді орындау күшіне еніп жатқан кезеңде Н.Сауранбаев 
оқу орындары үшін жаңа оқулықтар жазу, жаңа бағдарламалар құрастыру, 
мекемелерде қазақ тілін оқыту үшін арнайы оқу құралдарын шығару, ол үшін 
сағаттар бөлу ісінде қыруар еңбек етті. Қай ғылымды болмасын оқушыға ана 
тілінде түсіндіруді дұрыс санаған Н.Сауранбаев жас жеткіншектердің 
болашақта жақсы маман болуы үшін алдымен тіл байлығын, сөздік қорын 
кеңейту қажеттілігін ұсынған болатын. 1941 жылғы «Ана тілін оқыту 
туралы» мақаласында былай деп жазады: «Мектептерде оқытылатын негізгі 
пәннің бірі – ана тілі. Ана тілін үйренудің маңызы зор. Барлық ғылымды тіл 
арқылы әсіресе ана тілі арқылы үйренеді. Сондықтан оқудың, оқытудың ең 
бірінші адымы осы тілден басталады. Бала оқуды, жазуды үйренеді. Оқу, 
жазу – тілдің, мәдениеттің көрінісі. Сол оқу, жазуды білу арқылы оқушы қай 
пәнді болса да меңгере алады. Тіл жағынан білімі неғұрлым терең болса, 
басқа пәндерді меңгеру сондайлық жеңілденеді. Соның үшін бастауыш, 
орталау, орта мектептен оқушылар тіл жағынан тиянақты, жүйелі білім алып 
шығуы керек».[38]
Н. Сауранбаев қазақ тіл білімінің теориясы мен оны оқытудың 
әдістемелік негізін терең меңгерген әдіскер-ғалым. Себебі, өзі өмір сүрген 
кезеңде орыс мектептеріне берілетін қазақ тілі оқулықтарын құрастыру 
мәселесі екі тілге ортақ универсалийлер мен қазақ тіліне және орыс тіліне 
тән ерекше уникалийлерді түсіндіріп жеткізу ережелері толық қалыптаспаған 


43 
болатын. Ғалым екі тілге де тән ортақ теориялық заңдылықтарды үйретудің 
әдістерін, оны меңгерту жаттығуларын оқулықтарда ұтымды жеткізе білген.
Н.Сауранбаевтың тіл оқыту әдістемесіне қосқан үлкен үлесін теория 
мен практиканы ұштастыру үшін тәжірибе арқылы ережені меңгерту әдісінен 
байқаймыз. Ғалым мақаласында осы мәселені былайша көрсетеді: «Тілден 
жүйелі білім беруді қалай түсіну керек? 
Тілден жүйелі білім беру – екі тараудан құралады: теориялық білім 
және оған сәйкес тәжірибелік дағды. Бастауыш, орталау, орта мектепте тілдің 
практикалық жағы теориялық жағынан басым болуы керек. Грамматика (яғни 
теория) практикалық білімді саналы түрде ұғындырып, оны баянды ету үшін 
қолданылады. Тіл білудің бұл екі тарауы бір біріне көмекші, тығыз 
байланысты болып жүреді.
Теориялық білімнің элементі мыналардан құралады: дыбыс жүйесі, 
дыбыс заңдары, сөз жүйесі, сөздің мағынасы, тұлғалары, мұндағы заңдылық, 
сөйлем жүйесі: сөйлемнің құрылысы, мүшелері, сөйлемнің түрлері, 
бұлардағы заңдылық.
Тәжірибелік білім: дұрыс сөйлей білу, дұрыс жаза білу, дұрыс оқи білу, 
біреудің жазғанын, айтқанын толық ұғына білу, өзінің ойын ауызша, жазуша 
көркемдеп, анықтап айта білу. Әсіресе сөзді орнына дұрыс қолдану, сөйлемді 
құра білу, т.б. Осындай дағдыға жетілуге грамматикалық білім үлкен сүйеніш 
негіз болады. Осы екеуін дұрыс ба йланыстырып 
оқығанда 
бастауыш, 
орталау, орта мектеп оқушылары тілден белгілі дәрежеде тұжырымды білім 
алып шығады, біліміне сәйкес тиісті тәжірибелік жұмысты атқаруға толық 
әзір болып шығады».[36] .
Өзімізге белгілі ХХІ ғасырда осы әдістер қайта қолға алынып жатыр. 
Бүгінгі күні әрбір ғылымның теориялық негізін түрлі медиатехнологиялық 
тәжірибелердің (вебинарлық, мувемейкерлік) көмегімен жасалған жаттығу, 
тапсырмалар арқылы, яғни тәжірибе арқылы түсіндіру тиімді болып отыр. 
Яғни білімнің теориялық көзі қолмен ұстап, көзбен көрген жағдайда,
тәжірибе жүзінде нақты әрі тез игеріледі. Демек, Н.Сауранбаевтың 
ұстанымы бойынша алған білімді іс жүзінде дұрыс қолдана білу – ғылым 
меңгергендігінің нәтижесі болмақ. Ал ол оқушыға берілетін білім 
бағдарламасы жан-жақты ескерілген болуы тиіс. Осы тұрғыдан Н.Сауранбаев 
әсіресе ана тілін оқытудың бағдарламасын жасауда өз ұсыныстарын айтқан 
болатын: «1. Бастауыш, орталау, орта мектептерге арналған ана тілі 
программада, кітаптарда ана тілінен берілуіге тиісті тәжірибелік 
дағдылардың түрі айқын көрсетілсін. Яғни мектептің әр деңгейін бітірген 
бала ана тіліннен қандай , қанша тәжірибелік білім алып шығуға тиісті екені 
айтылсын. Ана тілінің грамматикасын оқыту сол тәжірибелік тілекке сәйкесті 
болсын, құр грамматика үйрету ғана болмасын. 
2. 8,9,10 калстарда ана тілі оқытылсын. Онда ана тілінің стилистикасы 
оқытылсын. Стилистикадан арнаулы программа кітап жазылсын. Бұл 
кластарда стилистика сабағы әдебиетпен, шығармасын талдаумен 


44 
байланысты болып жүрсін. Осылай етіп жастарды ұлы адамдардың сөз 
өнерлеріне үйрету керек. Стилистика сөз өнерін үйретеді: сөз өнері деген 
дұрыс сөйлеудің, ойды ауызша да, жазуша да дұрыс білдірудің тәсілі. 
3. Бастауыш, орталау, орта мектептерде стилистиканың элементі 
оқытылсын. Ол элементтер бұл кластарда жүретін оқу, әдебиеттік оқу 
сабағына байланысты болып жүрсін. 
Мектептерде балаға таныс және жеңіл тақырыпта ойдан жаздыру 
жұмысы көңілдегідей жүргізілсін. Мұндай ойдан жазу жалпы болмай, белгілі 
бір мәселеге арналып жүргізілуі керек. Мысалы: белгілі саяси-мәдени 
сөздерді орнына пайдаландыруға, сөзді қайталамауға, сөйлемді қысқа, 
орнықты етіп құра білуге арнау сияқты.
Белгілі қысқа шығарманы оқып, оның мағынасын ауызша айттыру 
арқылы баланы сөйлеу тіліне жетілдіру, оқытудан үлкен орын алу керек. Бұл 
жұмысты да сөйлемді қысқа етіп айтуға, сөзді қолдана білуге, сөзге екпін 
түсіре айту, сөйлемді интонациямен айтуға арнайы өткізу керек. 
Оқушының сөздік қорын байыту, сонымен бірге сөздің мағынасын 
аңдату, мысалы: омоним, синоним, антонимдер, кейбір саяси, мәдени 
терминдердің мәнісін білдіру сияқты.
Осылармен бірге қаулы, хат, қолхат, сенімхат жазуды, мақала жазуды, 
конспекті жазуды үйрету керек. Бұл айтылғандар осы күнге дейін 
мектептерде оқытылып келді. Бірақ қазіргі дағды көбінесе грамматикаға 
көңіл бөліп, жоғарыдағыларға көңіл бөлмей келді. 
Грамматикалық материалдардың көлемі тұжырымдалып, одан босаған 
сағаттарды сөйлеуге, жазуға, жаттығуға жұмсау керек» [36] . 
Демек Н.Сауранбаев сол кезеңде қоғам талабына сай қазақ 
мектептерінде қазақ тілін оқытудағы кемшіліктер мен орыс мектептерінде 
қазақ тілін оқытудағы олқылықтардың басты себебі оқу бағдарламаларын, 
оның ішіндегі тақырыптардың өтілу ретін, сағаттар санын дұрыс, оңтайлы 
жасалмауынан болғанын байқаған болатын. Осыдан барып, оқу 
бағдарламаларын толықтырулар енгізіп, өзі өзгерткен бағдарлама бойынша 
оқулық құрастырып шығарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет