Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
 
 
 Дыбыс жүйесін оқыту әдістемесі.
Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі дыбыстарды артикуляциясы, акустикасы, 
перцепциясы тұрғысынан сипаттама тәсілін қолдана отырып түсіндірген. 
Ғалым қазақ тілі дыбыстарын үйрету айту барысында фонетикалық 
дағдыларды меңгеру үшін алдымен оқушыны дыбыстардың жасалуына 
қатысты артикуляциялық базаны игеруге, дыбыстардың айтылуына 
байланысты ерекшеліктерді білуге, дыбыстардың естілуіне қатысты 
өзгешеліктерді тануға, дыбыстардың қолданылу ережелеріне қатысты 
ерекшеліктерді меңгеруге дағдыландырады
.
Латын графикасымен жазылған бұл оқулық қазақ мектептеріне 
арналған қазақ тілі сияқты арнайы тақырыптан басталмайды. Оқулықтың 


45 
ерекшелігі алдымен оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін сөздер мен 
сөз тіркестерін қазақша таныту арқылы қазақ дыбыстары мен әріптерін 
үйретуден басталады. Ең бірінші дыбыс Б (В bala, bar) әрпі. Оқулықтың 
алғашқы бетінде Б-дан басталатын сөздер мен оны бейнелейтін суреттер 
берілген. Мысалы, «бала» сөзі мен баланы бейнелейтін сурет және bala otьr, 
bala partada otьr деген сөйлемдер берілген. Жаттығулардан кейін үйретіліп 
отырған әріпті таңбалау каллиграфиясы, көркем жазылу жолдары 
көрсетілген. Демек, бұл оқулық құрылымы әліппе құрылымына 
сәйкестендіріліп жасалған. Сол кезеңде орыс мектептерінде қазақ тілін 
оқыту 5-сыныптан басталатын болғандықтан, автор оқушыларға бейтаныс 
дыбыстар мен сөздерді меңгерту үшін әліппе жүйесімен бастап, әрі қарай 
бірте-бірте күрделендіруді көздеген болуы керек. Себебі, қазақ сөздерінде 
белсенді қолданылатын дыбыстар оқулықтың алғашқы тарауларында 
меңгертіліп болғаннан кейін, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік 
заңдылықтарды үйрететін сабақ жүйесі (жаттығулар, ережелер, ескертулер, 
мысалдар) жалғасады. 
Н.Сауранбаев осы оқулығында алдымен Bb, Pp, Tt, Ss, Rr, Ll, Ьь, Dd, 
Kk,Aa,Oo дыбыстарынан басталатын сөздермен таныстырады, сол аралықта, 
мысалдар арқылы дауысты дыбыстардың қазақ тіліне тән айтылым мен 
жазылым ерекшеліктерін түсіндіріп өтеді. Мәселен, 1938 жылғы алғашқы 
басылымында Ьь (Ыы) мен Jj (Іі) дауыстыларының қызметін
айтылымындағы ерекшеліктерін былайша көрсетеді: «ь произносится 
короче, чем русское «ы», и пишется только в твердых слогах» [37]. Ал 1950 
жылғы 5-ші басылымында былайша түсіндіреді: «Звук ы в казахских словах 
всегда произносится очень кратко. Например: отыр – произносится отр. 
Домбыра – произносится домбра» [38].
Бүгінгі орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулығында осы 
ерекшелік айтылмаған. Қазақ балалары үшін жазылуы бірдей Ыы 
дыбысының айтылымы да бірдей сияқты, ал орыс балалары қазақ сөзінде 
кездескен Ы-ны орыс тіліндегідей созып айтатытын күнделікті өмірден көріп 
жүрміз. Демек, қазіргі әдістемеде екі тіл арасындағы осы айтылым 
айырмашылығын енгізіп, оған қатысты жаттығу жұмыстарын көбейту қажет.
Ал өз заманында Н.Сауранбаев өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі оқулығын жазу 
барысында қазақша таза сөйлету принципіне сай дыбыстардың айтылымында 
болатын айырмашылықтарға ерекше мән берген екен.
Сол сияқты оқулық авторы осы тақырып аясында қазақ тіліндегі жуан 
және жіңішке дауыстыларды арнайы фонетикалық ережесімен емес, 
қарапайым формада түсіндіру жөн көрген. Мысалы жуан-жіңішкелі Ьь (Ыы) 
мен Jj (Іі) дыбыстарын былайша ұғындырады: «J мягкая разновидность ь. Он 
пишется в мягких слогах». Кейін 1950 жылғы 5-ші басылымында бұл ережені 
былайша толықтырады: «Звук і – мягкая разновидность ы. Он произносится 
очень кратко, всегда пишется в мягких слогах. Например: кітап – 
произносится ктап. Бір – произносится - брь» [38].


46 
Ғалым Н.Сауранбаев қазақша төл дыбыстардың айтылым ерекшелігін 
түсіндіру арқылы сөйлеу тазалығына дағдыландыруды мақсат еткендіктен 
транскриптілеп көрсетуді жөн көрген. Бұл көңілге қонымды әдіс болғанымен, 
ғалым неге бұл ережені дәйектеу үшін аралас буынды кітап сөзін алғаны 
белгісіз болып қалды. Оның орнына үйшік, етік, етікші деген бұрын өтілген, 
оқушыға таныс жіңішке буынды сөздермен беруі тиіс еді. Әлде аралас 
буынды сөздегі «к-нің» тұтастай жуан буынды сөздегі «к-мен» айтылымын 
ойша салыстыру үшін, жіңішкелі буындағы к-ның жуан буынды сөздегі к-ға 
қарағанда сәл жұмсақтау айтылатынын оқушы өзі ойланып айтып жаттықсын 
деген мақсатта ұсынды ма екен?!
Негізінен Н.Сауранбаев осы оқулықты жазуда өзге ұлт өкілдерін қазақ 
тілінде дұрыс сөйлетуді басты мақсат еткен болуы керек. Себебі оқулықтың
өн бойында қазақ және орыс тілдеріндегі жазылым мен айтылым 
заңдылықтарындағы ерекшеліктерді түсіндіріп отырады. Мысалы, О 
дыбысын өткенде автор мынадай түсіндіру-ереже ұсынады: «Объяснение: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет