Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Pravda, pьroletariat емес proletariat , tьramvai емес tramvai. 
Екіншіден, түбір сөздің орта буынында екі дауыссыз дыбыстың 
арасында буындалуға лайықты келетін ы, і дыбыстары жазылмайды. 
Мәселен, Axьmet емес Axmet, telegьramma емес telegramma. Осы үлгі-ереже 
қабылдағаннан кейін, жапырақ пен топырақ сөздерінің де екі дауыссыз 
арасындағы дәнекер ы дыбысы түсіріліп (жапрақ, топрақ) жазылатын болды. 
Кейінгі емле қаулысында осы соңғы екі сөзде дәнекерлі ы дыбысының 
сақталып жазылуына рұқсат етілді.
Үшіншіден, бір буынды үнді бітеу түбір сөздегі қысаң ы, і –лер тәуелді 
жалғауы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Orьnm емес Ornьm, auьlьm емес 
aulьm, myljkjm емес mylkjm, qalьqьm емес qalqьm. 


12 
Төртіншіден, бір буынды бітеу сөздегі қысаң ы, і –лер аяғына тәуелді 
жалғаулар жалғанғанда соңғы қатаң дыбысы ұяңдап келетін болғанда ы, і 
дыбыстары жазылады. Мысалы, tyljk – tyljgj, kөrjk – kөrjgj, syljk – syljgj. 
(Қысаң ь, j дыбыстарының жазылуы туралы. Төте оқу, 1938. 8 март) [9]. 
Н.Сауранбаев үсті-үстіне өзгерген емле ережелерін ғана емес, жалпы 
орфографиялық ережені жасау принциптерінің де ретке келмей жатқанын 
талқылаған болатын. 1938 жылы Социалистік Қазақстан газетіне жариялаған 
«Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар» атты мақаласында емле жасаудың 
морфологиялық принципін дұрыс қолданылмай жүргенін былайша 
түсіндіреді: «Емле қаулысының негізінде емленің принципіне, сонымен 
байланысты құбылмалы сөздердің жазылуына күрделі өзгерістер ендірілді. 
Бірақ қаулы шыққаннан бері аз күнгі тәжірибені алсақ, осы өзгерістерді не 
асыра ұғынып, не шала ұғынушылық бар екені байқалады. Сөздердің 
жазылуы 
жайындағы 
ережені 
дұрыс 
қолданбаушылық 
та 
бар. 
Морфологиялық принцип бойынша сөздерді айтылуынша жазбай, тұрпатын 
сақтап жазамыз деп, әлдеқашан бірігіп, кірігіп кеткен сөздердің түбірін 
қуалаушылық бар. Бұл дұрыс емес, өйткені морфологиялық принцип сөздің 
түбірін іздеп тауып жазу деген сөз емес, әртүрлі айтылатын сөздерді 
бірыңғай жазу деген сөз, яғни жазуды бір ізге түсіру деген сөз. Олай болса, 
сөздің түбірін қуып жату қажет емес». (Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар) 
[10]. Сондай-ақ морфологиялық принциппен шешілетін емле мәселелерінің 
қиындықтарын қалай айқындау керектігін нақты көрсетеді: «Морфологиялық 
принципке сүйеніп сөздер көбіне айтылуы екі түрлі болатын сөздер. 
Мысалы: saudaker – sәudeger, вesçьldьq – вesсьldьq сияқты сөздер. Мұндай 
сөздердің формасын сақтап жазу керек. Олай болатын себебі мұндағы 
өзгешелік сөз құрау мағынасымен байланысты емес, сөздердің 
айтылуындағы орфографиялық заң. Ал Вelвeu, Acudas деген сөздерде «tas»-
тың «das» болып, «ваu»- дың «веu» болып өзгеруі мағынамен байланысты» 
(Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар) [10].
Бұнымен қоса Н.Сауранбаев мағынаға байланысты жазылуы әртүрлі 
болып келетін кейбір емле заңдылығын түсініспеушіліктің басын ашып 
көрсету үшін былайша дәйектеп көрсетеді: «Вúlai-вьlai деген есімдіктерінің 
негізі бір болғанмен мағыналары басқа-басқа. Мәселен «вúlai болуының 
себебі мынау» дегендегі «Вúlai» үстеулік мағынаны білдіріп тұр. Ал «Вьlai 
қарай кетті» дегендегі «вьlai» бағытты көрсетіп есімдік болып тұр. Мұның 
орнына «вúlai қарай кетті» деп айтуға болмас еді». (Емле жөнінде бірқатар 
ұсыныстар).
Н.Сауранбаев осы кезеңдегі орфографиялық заңның лингвистикалық 
тұрғыдан сауатты құрылуына елеулі үлес қосты. Орфографиялық 
принциптердің (фонетикалық, морфологиялық) әрқайсысына тән белгілерін, 
критерийлерін, заңды ережелерін де ұсынған болады. Соның ішінде кейбір 
келіспейтін тұстарын да айтқан еді. Мысалы: «Кәіtjp (qalai etjp), Byitjp (вúlai 


13 
etjp) сөздерін жазудың морфологиялық принципіне қайшы келетін бір 
мәселе бар, ол - қазақ тілінде тоғыспалы заң бар деушілік. Шынында 
тоғыспалы заң бар екені рас, бірақ ол заң грамматикалық заң емес, 
орфографиялық заң. Мысалы, Qúnanвaev Ҫiengali дегенімізде «в» 
дыбысының әсерінен «n» дыбысы «m» дыбысына айналады да, «q» 
дыбысының әсерімен «n» дыбысы «ŋ»-ға айналады. Мұны грамматикалық 
заң десек, онда осы заңға сүйеніп Qúnamвaev, Ҫieŋgali деп жазуымыз керек. 
Сондықтан жаңа программада тоғыспалы заң дегенді шығаруымыз керек». 
(Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар).
1938 жылғы соңғы емле қаулысындағы бірігіп жазылатын сөздердің 
нақты ережесі болмауын сынға ала отырып, оның салдарынан тілімізде бірге, 
бөлек берілетін сөздердің әртүрлі жазылуы кең етек алғанын, бұл 
сауатсыздықтың денін күшейтетінін атап өтеді. Ереже ұсынбас бұрын бірге, 
бөлек жазылатын сөздердің критерийлерін анықтап алуды ұсынады: «Айта 
кететін бір мәселе қосылып жазылатын қос түбірлі сөздер жайы. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет