22
болып жазылған. Осыған қарап біреулер туыс жүйелі принцип бұзылады
дейді. Бізше, бұл былай болу керек. Адам мен фамилиялары ереже заңы
бойынша бұдан былай туыс жүйелі принцип бойынша бастапқы тұлғалары
сақталып жазылуы керек. Мұны әрбір жеке азаматтар,
азаматтық жайды
тіркеу бөлімдері, паспорт орны, түрлі ұйымдар, есеп-санақ бөлімдері мықтап
есіне сақтауы керек. Ал деформацияланған сөздердің түп тегі қуылмай-ақ сол
қалпында
ашудас, желбау, белбеу, жанбас, жамбас, Ащысай, Балхаш
қамыт, доға, балғурай осы қалпында жазылғаны дұрыс. Бірақ мұндай
сөздерге арнап орфографияда ереже берілмей, олар емле сөздігінде
көрсетілуі тиіс» [Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін
жетілдіру мәселелері // Социалистік Қазақстан 1950, 26 март].
Н.Сауранбаев сол кездегі қателікке бой алдыратын, жазылуы қиындық
келтіретін сөздерді теріп, олардың емлелік
ережелерін көрсету арқылы
дұрыс жазылу нормасын түсіндіріп отырған. Ондай қате сөздер қатарын
негізінен орыс тілі арқылы енген сөздер толықтыратын. Орыс тілі арқылы
енген халықаралық терминдер мен интернационал сөздерге қосымша жалғау
мәселесі (жуан немесе жіңішке жалғау) шешімін таппай дау тудырғаны да
белгілі. Н.Сауранбаев өз мақаласында бұл мәселенің басын былай ашып
берген болатын: «Кейінгі 10 жыл ішінде ана тілінің, оның әдеби түрінің даму
процесіне байланысты бірнеше жаңа құбылыстар пайда болды. Олар туралы
қазіргі орфографияда арнаулы ереже жоқ. Мәселен, халықаралық
терминдерге, шет тілдерден кірген сөздерге қазақша қосымшаларды жалғау
тәсілі, қысқарған сөздерге
жалғанатын қосымшалардың, тырнақшаға
алынатын сөздердің қосымшалары туралы. Қазір полк, педагог, парк, гудок
сияқты сөздерге қосымшалар жуан да, жіңішке де болып жалғанып жүр. Бұл
– әрине теріс нәрсе. Бұл, бізше, былай нормалану керек. Термин сөздерге
қазақша жалғау, жұрнақтар соңғы дауыссыз дыбыстың жуан, жіңішкелігіне
қарай емес,
соңғы буынның жуан, жіңішкелігіне қарай жалғану керек.
Мысалы:
педальге емес, педальға, дизельға емес дизельге. Қазақ тілінің
негізгі заңында қосымшалар сөздің соңғы буынына қарай жалғанады. Олай
болса, термин сөздерге қосылатын қосымшаларды да осы негізгі заңға
бағындыруымыз керек. Бірақ қазақ тілінде
к,г барлық дауыссыздардың
ішінде тек жіңішке (
қ,ғ –лардың тек жуандығы сияқты);
яғни қазақ тілінің
дыбысталу артикуляциясында
қ,ғ келген сөздер жіңішке болмайды.
Сондықтан соны
к,г-лерге біткен терминдерге қазақша қосымша (зорламаса)
жуан жалғанбайды. Мәселен,
паркқа, педагогқа емес – паркке, педагогке
болады. Осыған байланысты аяғы
к, г-лерге біткен терминдерге қазақша
қосымшалар жіңішке түрінде жалғануы керек. Мәселен,
полк-ке, геолог-тің
сияқты соңындағы қатаң
к дауысты
дыбыстан басталатын қосымша
жалғанса, қазақ тіліндегі заң бойынша ұяң г-ге айналады. Мысалы,
гудок-
Достарыңызбен бөлісу: