Монография Қарағанды 2015 Ре по зи то ри й к ар гу



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата06.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#41690
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Футуризм 
 
Футуризм – латын тілінен аударғанда «болашақ» деген мағынаны 
білдіреді. Футуризм – ХХ ғасырдың басында Ресейдің авангардист 
суретшілердің шығармаларында кӛрініс тауып, онан соң кӛркем әдебиетте 
әдеби ағым ретінде атала бастады. Футурист суретшілер қанды кӛтерілісті 
бейнелеуде қызыл күрең және қызыл түстерді таңдап алды. Белгілі суретші 
Гюден Теодор (1802-1880) «Мұхиттағы дауыл» деп аталатын суретін, Уолтер 
Краинның 1892 жылы Мюнхенге қойылған «Нептунның тұлпарлары» деп 
аталатын т.б. суреттерін атауға болады. Сонымен қатар ХХ ғасырдың 
басындағы Италия мен орыс футуристері ӛз мемлекеттерінің ішкі саяси 
жағдайларымен байланыстырып кӛрсетті. Оған атақты орыс суретшісі 
И.К.Айвазовскийдің «Теңіз» деп аталатын суретін мысалға алуға болады.
Ақын Томмазо Маринетти мен суретші Дж.Баламен бірігіп 1909 жылы 22 
ақпанда 
Францияның 
«Фигаро» 
газетінде 
футуризмның 
манифесін 
жариялайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


26 
Маринеттидің «техникалық» бағдарламасының нәтижесінде, адамның 
логикалық ойлауы мен психологиялық толғанысы ығыстырылып поэзия атыс 
пен шабысқа, белгісіз бағытқа асыққан қимылға негізделеді. Оның манифесін 
басшылыққа алған суретші, музыкант, мүсінші футуристер пайда болады. Оны 
ақын Г.Апполинер, футурист суретшілер, К.Карра, Л.Руссоло қолдайды. 
Дж.Северени 1910 жылдары салған картиналарында, ауыр ӛнеркәсіпті дамыту 
әлемді динамикалық қозғалысқа әкеле жатқандығын шеберлікпен бейнелейді. 
Ал Ресейде бұл ағым авангардизмнен бӛлініп шығып, ХХ ғ. басында кӛркем 
ӛнер мен әдебиетте, оның ішінде поэзияда кең қолданыла бастады. 1910 жылы 
Ресейде «Гилея» атты футуристердің қозғалысы құрылды. Ақындар айтар 
ойларын поэзияда жеткізе алмаса, суретшілер қыл қаламның күшімен жеткізсін 
деген мақсатта, «Гилея» үйірмесіне қатысушыларға сурет салдырып үйрете 
бастайды. Бұлардың ішінде В.В.Маяковскийден басқаларында арнайы 
суретшілік білімі болмады. Сондықтан да аталмыш кезеңде абстрактылы 
суреттер пайда болып, шындықты ашып айтуға болмайтын, ойын жас баланың 
шатпағындай жеткізетін кӛркемдік тәсіл болып қалыптасып, соңынан 
«творчество дураков» яғни «ақымақтардың шығармашылығы» деген мазақ атқа 
ие болды. Бұл үйірмеге «Бубновый валет» (1910-1916), «Ослиный хвост» (1912) 
деп аталатын суретшілер тобы келіп қосылады. Оны Д.Бурлюк пен Л.Лифшин, 
В.Каменский басқарады. Әр түрлі кӛзқарастағы суретшілердің бұл бас қосуы 
туралы орыс футуризмін зерттеуші В.Марков былай дейді: «Суретшілер 
кӛрмесінде алғаш бір-бірімен танысқан топтың мүшелері ӛздерінің футурист 
екендіктерін бастапқыда білмейді. Кейін зерттеушілер оларға футуристер және 
кубофутуристер деп ат қояды». 
1911 жылы Игорь Северянин футуризм сӛзіне «эго» деген терминді қосып 
«Рядовые люди из цикла эго-футуризм» деген поэма жазады. Сӛйтіп эго-
футуризмнің негізін салады. 1912 жылы И.Северянин мен К.Олмипов бірігіп 
«Скрижали Академии эго поэзии» деген атпен эгофутуристердің алғашқы 
манифесін жариялайды. Кейін ол «ғарыштық футуризм» деп аталады. 1913-
1914 жылдардың аралығында Д.Д.Бурлюк бастаған кубофутуристер мен 
И.Северянин басшылық еткен эгофутуристер бірігеді. 
1914 жылы Италия футуризмінің негізін қалаушы ақын Т.Маринетти 
футуризм жайлы баяндама жасау үшін Петербург пен Москваға келеді. Бұл 
кезде орыс футуристері француздардың кубофутуристерімен ортақ тіл 
табысып, саяси пікір жағынан тығыз байланысып үлгереді. Сондықтан да 
кейбір зерттеушілер: «Футуризм – жаңа Ресейдің басты ӛнері болды», - деп 
атап кӛрсетеді. Футуризм – солшыл коммунизмнің кӛркем ӛнерінің түрі болып, 
1917 жылы барлық авангардистерді нигилистердің ұрандарының аясында 
біріктіріп, «солшылдар» атанды. Бірақ олар ӛздерінің кӛзқарастары мен 
идеялық бағыттары жағынан большевиктерден гӛрі, анархистерге жақын 
келгендіктен, коммунистерге қатерлі болып саналады да, 1930 жылдан бастап 
аралары бӛлінеді. Бұдан кейін олардың орнын жұмысшы-шаруа әдебиеті 
ауыстырады. Түрлі сатылардан ӛтіп орыс әдебиетінде пайда болған футуризмді
кеңес үкіметінің әдебиет зерттеушілері мойындамағандығы туралы футуризмді 
зерттеуші В.Марков: «Футуризм – буржуазиялық қатерлі бағыт ретінде, ұзақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


27 
жылдар бойы кеңестік саясаттың бағанасының басындағы масқараға айналып 
келді де, 1930 жылдан кейін оны мүлдем естерінен шығарады».
Футуристер әлемде әділеттіліктің болуын талап етеді. Осы орайда 
қайсыбір футуристер, бірінші дүниежүзілік соғысқа сұранып барып одан 
поэзиямызға күш-қуат аламыз деп ойлайды. Бірақ кӛпшілігі соғыста ӛледі де, 
одан аман оралғандары ӛздері ойлағандай соғыс жамандықтан тазартушы күш 
емес, керісінше, адамзатқа қайғы-қасірет әкелетін қатер екендіктеріне кӛздері 
жеткенде, 
тұйыққа 
тіреліп, 
кӛпшілігі 
ӛз-ӛздеріне 
қол 
жұмсады.
В.Маяковскийдің Қазан тӛңкерісінен кейін коммунистердің соңынан еріп 
«бүлікшіл» бағытынан бас тартуы да осыдан болса керек деген тұжырым бар.
Негізінен футуризм ӛкілдерінің қатарына білім деңгейлері мен сауаттары, 
шыққан тектері әр түрлі топтың адамдары жиналды. Олардың поэзиясымен 
жақын 
танысқан 
символистер 
мен 
зиялы 
қауым 
ӛкілдері 
сӛз 
қолданыстарындағы тұрпайылықтан түңіліп, талғамдары нашар, сӛздердің 
қолданылу тәртібін білмейтін, дарынсыз қаламгерлердің жолына тосқауыл қою 
керек деген талаптар қойды. Ойларын мәнерлеп, астарлап, әдеппен жеткізуге 
дағдыланған символизм суреткерлері футуристердің ескірген әдеби сӛздерді 
тұрпайы қолдануларына қарсылықтарын білдіріп, «әдебиеттің бұзақылары», 
«шалшықтың ішіне түсіп, шұрылдап отырған бақалармен ортақ тіл табыса 
алмаймыз» деп теріс айналып, араларын бӛліп алды.
Футуризмді әр мемлекет әртүрлі пайдаланады. Италия футуризмнің 
басынан кӛрінген Маринетти ӛзгеге күш кӛрсететін басқыншылық бағыт 
ұстанады. Орыс футуристері сӛз еркіндігі мен ой еркіндігіне ерік берілуін 
қолдады. Сондықтан абстрактылы шығармаларда ӛмір шындығы ешбір 
әшекейсіз сол қалпында кӛрінсе, кӛркем шығармада екі қырынан танылды. 
Бірінде – пікірін әрлеп, әсемдеп, сезімді тербеп барып санаға жеткізуге 
ұмтылса, келесісінде – ойын тұрпайы әрі дӛрекі етіп жеткізеді. Ол футуризмде 
ӛктем сӛздер басым болып отыруы керек деген пікірге орайластырылды. Оны 
Сәкен Сейфуллин қызыл империяның ӛктемдік әрекеті қазақ еліне қандай 
жаманшылық әкеле жатқандығын әшкерлеу үшін пайдаланады. Дегенмен де, 
футуристердің манифестеріндегі ӛткеннің бәрін тәрік етіп лақтырып тастап, 
жолымыздағыны қырып-жойып алға ұмтылайық деген пікірлері мен 
кӛзқарастары тӛңкеріліс кезінде ғана емес, бейбіт кезеңде де үлкен рӛл 
атқарады.
Футуризмде шапшаңдық пен ұраншылдық, жылдамдық күш алады. Бұл 
қазақ әдебиетінде де кӛрініс берді. Оған Сәкен Сейфулиннің «Кел, жігіттер», 
«Жас қазақ марсельезасы», «Қызыл ерлер», «Біздің тұрмыс экспресс», 
«Советстан» 
поэмаларын 
жатқызамыз. 
С.Сейфуллиннің 
футуризмі 
авангардистік стильден шыққан деуге де болады. Кезінде ақынның бұл 
шығармалары сынға ұшырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет