Монография Қарағанды 2015 Ре по зи то ри й к ар гу



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата06.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#41690
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Натурализм 
 
Натурализм (француздың naturalism; латынның naturalis-табиғи, natura-
табиғат) – ӛмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып баяндауды мақсат ететін 
бейнелеу тәсілі [11,240]. Қазақ энциклопедиясында бағыт, әдебиеттану 
сӛздігінде ағым деп берілген натурализм қазақ әдебиетінде әлі күнге дейін 
нақтыланып болмаған. Орыс әдебиетінде бағыт деп қолданса, ал бізде әдебиет 
сӛздігіне сүйеніп ағым деп қолданылады.
Жалпы ХІХ ғасырдың аяғында Еуропа және ағылшын әдебиеті мен 
ӛнерінде пайда болған бағыт. Натурализм ӛмірді тексеріске, зерттеуге салмай, 
бар кӛрген-білгенді тек сол қалпында айтып беруді талап етеді. Бір затты не 
адамды суреттегенде оның жалпы бейнесін не қимылын жеріне жеткізе, майда-
шүйде, елеусіз тастауға болатын бӛлшектеріне дейін жеткізуді мақсат тұтады.
Француз әдебиетінде бұл тәсілді енгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль 
Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмнің тууын ең 
алғаш байқаған – Теодор Фонтане. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы 
белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа 
мектепті кӛріп, ӛздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан 
жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің 
жағдайы қандай екен? Орыс жазушылары Ф.Достоевский, И.Тургенев, 
Л.Толстой шығармаларында натурализм кӛрініс тапты. Орыс әдебиетінде 
«натуралдық мектептің» негізін қалаушы Н.Гоголь, идеялық дем беруші 
В.Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор.
Орыс натурализмі жан-жақты зерттеліп, қомақты еңбектер жазылған. Ал 
қазақ әдебиетіндегі натурализм – әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. 
Сондықтан да болар бұл ағым жӛнінде осы кезге дейін бірде-бір еңбек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


22 
жазылмаған. Кейде сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу 
түрінде берілгенімен, оны бетке ұстар зерттеу деп айта алмаймыз. 
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмнің» зерттелу тарихына кӛз 
жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып 
қолданылады. Белгілі әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов натурализмде бағыттық 
белгілерден гӛрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады [12,343].
Натурализм қазақ әдебиетінде қанатын жайып, тамыр тастаған құбылыс 
емес. Бұның себебі қазақ халқы жалаң табиғаттан гӛрі әдемілік, арман-қиялға 
кӛп берілгендігінен болар. Романтизм халықтың арман-мақсатын, тілек-ниетін 
білдіріп аңыздар, қиял-ғажайып ертегілер бойынан кӛрініс берсе, натурализм 
адам ӛмірінің жалаң физиологиялық жақтарын кӛрсетуге талпынып, қазақ 
әдебиетіне «ӛзгешелеу» ағым ретінде ене бастады. Тамырын тереңге жая 
алмағанымен, қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Қазақ баласы 
тумасынан романтик болғандықтан, романтизм құбылысы ұлттық әдебиетімізге 
сіңіп, етене жақын болып кетті. Ал натурализмнің жайы бӛлек.
Қазақ 
әдебиетіндегі 
натурализм 
туралы 
елеулі 
пікір 
айтқан 
ғалымдарымыздың 
қатарына 
Е.Ысмайлов, 
М.Қаратаев, 
Т.Кәкішев, 
Р.Нұрғалиды, тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеуші ғалым Ж.Жарылғаповты т.б. 
жатқызамыз. С.Жұмағұлов «Сын сардары» еңбегінде осы сыншы 
ғалымдарымыздың натурализм туралы пікірлерін бір арнаға жинап, сол кезде 
жазылған мақалалар, қоғам қайраткерлерінің жаңа ағымға деген кӛзқарастары 
хақында қысқаша мәлімет береді. Сол кезең тұрғысынан қарастырсақ, ғалым 
ағаларымыздың ой-пікір, кӛзқарастары кеңестік идеологияның құрсауынан 
шыға алмағанын байқаймыз. Оны белгілі әдебиетші ғалым академик 
М.Қаратаевтың мына ой-толғамынан кӛреміз: «Сәтсіздіктердің үлкен себебінің 
бірі - адам образын түюдегі жалаңдық, біржақтылық. Мұның арғы атасы 
натурализм – схема, штамп. Бұл тек сол кезеңнің ғана емес, соңғы 
онжылдықтың да әдеби даму процесінің дамуына, әдебиет саласының 
кӛтерілуіне кедергі жасап келе жатқан шырмау, шикілік» [13,27] десе, қазақ 
әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыншы-
ғалым Е.С.Ысмайылов «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы» 
мақаласында 
І.Жансүгіров, 
С.Мұқанов, 
Т.Жароков, 
Ә.Тәжібаев, 
А.Тоқмағанбетов, Б.Майлин шығармаларында кӛрініс берген натурализм 
элементтерін мысалға келтіре отырып, кемшіліктерін батыл сынға алады. 
Сыншы кӛркем әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізетін бұндай 
кемшіліктермен, сәтсіздіктермен бітімсіз күресу керек деп ӛз ойын білдіреді 
[14,113]. Ж.Смағұлов «Ұлттық әдебиеттану әлемі» монографиясында Кеңестік 
әдебиеттану ғылымында сӛз болған натурализм, формализм туралы айтысқа 
қазақ әдебиетші-сыншы ғалымдарымыздың да үн қосқанын айтты. «Қазақ 
әдебиетіндегі натурализм, формализм туралы Қазақстан Жазушылар одағы 
ұйымдастырған пікірталас 1936 жылдың 2 кӛкегінде басталып үш күнге 
созылды. Әдеби айтыс дәрежесінде ӛткен бұл пікірталастағы негізгі ойлар 
баспасӛз бетінде жарық кӛрді». Алайда, бұл пікірталаста сӛйлеген сӛздер мен 
жазылған мақалаларда айтылар ойдың бағыты орыс әдебиетінің ғылымында 
жасалған тұжырымның тӛңірегінде ӛрбіді. Дегенмен, бұл айтыс қазақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


23 
әдебиеттану ғылымына әдеби жанр, ағым және кӛркемдік әдіс, кӛркем 
шығармаға теориялық талдау жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді саралауда 
жаңа ізденістер жасауына жол ашты. Әдебиет маркстік-лениндік әдіснаманы 
басшылыққа алған теорияның заңдылықтарына икемделе бастады да, кӛркемдік 
даму, поэтикалық жаңа түр мен келісті ырғақ іздеу, жаңа образ сомдауда 
социалистік реализмнің талап-тілегін басты бағдарда ұстауға кӛшті. Осыған 
байланысты әдебиет теориясының мәселелерін сӛз етуді басты назарға алған 
мақалалар жазылып, олар қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық 
білімдер системасының толық қалыптасуы жолында ӛз үлесін қосты деп 
жазады ғалым ағамыз [15,207-210]. Мұнда кеңестік дәуірде ӛткен әдеби 
айтыста ғалымдарымыз орыстың әдебиетші ғалымдарының пікірлерімен 
келісіп, маркстік-лениндік әдіснаманы басшылыққа алып, солардың сойылын 
соққанымен, олардың ұлттық әдебиетімізге әдеби-теориялық тұрғыдан баға 
беруге кӛшкенін аңғарамыз.
Натурализмге байланысты қазақ әдебиетінде де кӛптеген мақалалар 
жазылды. Мысалы: «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Қазақ әдебиетіндегі 
формализм, натурализм туралы айтыс» (1936, №15), Қ.Қуанышұлының 
«Маяковский творчествосы және қазақ әдебиетіндегі формализм мен 
натурализмге қарсы» (1936, №18), «Социалды Қазақстан» газетіндегі 
Е.Ысмайыловтың «Әдебиетіміздегі формализм мен натурализмге қарсы» (1936, 
№78), «Әдебиетіміздегі натурализм» (1936,№80) секілді мақалаларда ұлттық 
әдебиетте натурализм басты кемшілік болып отыр деп шешеді [15, 208-209].
Е.Ысмайылов «Сын және шығарма» еңбегінде бірталай ақын-жазушы 
шығармаларына тоқталған. Олар: А.Тоқмағанбетовтың «Берлин кӛшесінде», 
«Сталиндік маршрут», «Уборщица» сынды поэмаларын талдай отырып «Асқар 
поэмаларының кемшіліктері қайсы?» деген сауалға ӛзінше жауап берді. «Асқар 
поэмаларында нақты сюжет, заңды шебер композиция болмайды, оның 
шығармалары кӛбіне схемалы, қисынсыз оқиғалардың, хроникалардың 
негізінде жазылады. Асқар поэмаларында адам образдары жасалмайды, 
адамның мінезі, жан сезімі дегенді бермейді, берсе де үстірт кӛрсетеді. Нақты 
дараланған адам образдары кӛрінбейді, тек адам ӛміріне байланысты сыртқы 
әрекет суреттері ғана берілген», - деп ӛз қорытындысын жасайды [14,255]. 
Келесі «Ақын және ревролюция» монографиясында сыншы С.Сейфуллин 
шығармашылығына кӛрнекті орын берді. Сондай-ақ «І.Жансүгіров «Заводта», 
«Алтын қазан», «Қуат», Сәбит «Балқаш», «Кӛмір коммунизмі», Тайыр «Мотор 
жыры», «Бес жылдықтың балғасы», Әбділда «Олқылық», Ӛтебай «Қара алтын» 
т.б. шығармаларын Е.Ысмайылов аталғандардың кӛбі ӛндірістік машинаның 
сырт кӛрінісін ғана болмаса, адам образын, жұмысшының еңбек сезімдерін 
поэзия тілімен ашып бере алмаған шығарма» деп бағалады [16,201].
Ал бүгінгі тұстағы ұлттық әдебиетімізде ғалымдардың натурализм туралы 
жаңа зерттеулері жарық кӛруде. Бұл еңбектерден натурализм кеңестік дәуірде 
біржақты зерттелгенін байқаймыз. Мысалы әдебиетші ғалым Ж.Ж.Жарылғапов 
«Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» монографиясында натурализмді ағым 
ретінде 
мойындайтын 
уақыттың 
жеткендігі 
туралы 
айтады. 
«Әдебиеттануымызда әлі дұрыс бағасын ала алмай жүрген, кӛбінесе 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


24 
кӛркемсіздік пен талғамсыздық ұғымдарымен қатар пайдаланылып келген 
натурализм тенденциялары, адам образын натуралистік бейнелеу құралдары 
арқылы жасау ұлттық прозамызға жат болған жоқ. Адам тұлғасына 
биологиялық тұрғыдан үңілу, тұрмыстық детальдарға аса үлкен мән беру, ол 
детальдардың аллегориялық астарын пайдалану, тілдің түсініктілігімен 
шынайылығын қатаң қадағалау, сол арқылы шығарманың публицистикалық
мазмұнын 
арттыру, 
әсіресе, 
Б.Майлиннің 
бірқатар 
әңгімелерінде, 
С.Ерубаевтың, Ж.Аймауытовтың образ сомдау тәсілдерінде ұтымды 
пайдаланылғанын аңғаруға болады. Демек, қазақ прозасындағы реализмнің 
жетілу жолында натурализмнің орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды, қайта 
реалистік прозаға барар жолдағы сан қилы ізденістердің бірі деп таныған абзал. 
Натурализм прозамыздағы очерк жанрының пайда болуына ықпал жасады. Бұл 
сол шақтағы қазақ қаламгерлерінің публицистік қызметімен де тікелей 
байланысты. Қара сӛз ӛнерімізде сәл кейін туған документалды және ӛндірістік 
романдардың пайда болуының негізінде де натуралистік бейнелеу 
ұстанымдары жатыр. Сондықтан натурализмді тек регрестік сипаттағы 
құбылыс деп қарауды шектейтін уақыт жеткен сыңайлы» - дегенді біршама 
уақыт айтып келеміз [17,311-312].
Натурализмді ӛткен ғасырда кӛркем шығарманың нәрін кетіретін, 
әдебиеттің кӛркемдігін жоятын бағыт, ұлттық прозамызға жат деп келген 
болсақ, бүгінгі таңда жаңаша кӛзқараспен қарауымыз қажет. Натурализм – 
қатаң бұрмаланып кӛрсетілетін шындық деп ойлаймыз. Ж.Жарылғапов 
натурализмнің идеялық-кӛркемдік қырларының бірнеше элементтерін ашып 
кӛрсете отырып, ХХ ғасырдың басында натурализмның қазақ прозасына белгілі 
бір дәрежеде әсері болғанын, оны белгілі қаламгерлер Ж.Аймауытов, 
С.Ерубаев, Б.Майлиннің шығармаларын ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдеп 
берді.
ХІХ ғасырда бастау алған әлемдік әдебиеттегі «натурализм» ХХ ғасырдың 
жиырмасыншы жылдары қазақ прозасында да кӛрініс берді. Қазақ прозасында 
натуралистік ағымның әдеби-эстетикалық принциптері кӛлемді шығармаларда 
да байқалды.
Кӛркем шығармадағы натуралистік ойлаудың үлгісі қазақ әдебиетінде 
Б.Майлиннің бірқатар шағын әңгімелерінде бой кӛрсетті. Мысалы - «Күлпаш» 
әңгімесі. Шығарма басталысымен тұрмыстық детальдармен суреттелген. 
«Күлпаштың кӛңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді... Үстінде ӛрім-
ӛрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі кӛйлек, оның сыртында 
тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген кӛне 
бӛкебайдың жұрнағы. Бет-аузы кӛнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің 
бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша 
Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр [18,79]. 
Оқиға орын алатын жер тұрмыстың ұсақ-түйегімен беріледі. Мұнда біз 
Күлпаштың тұрмысының жұпыны екенін кӛре отырып, оның жоқшылықтан 
әбден қажығанын, сонымен қатар баласы Қалимен танысамыз. Ал енді 
Күлпаштың күйеуі Мақтыммен танысуда осы жұпыны үйдің жоқшылық 
сарынымен, әйелі мен баласына тамақ тауып әкелемін деп ел кезіп жүруі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


25 
секілді күйзелген тұрмыс, күйбең тіршілікпен ұштасып беріледі. «Үй суық, 
жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... үйдің 
ішін жылытуға – пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ... қара 
судан басқа дәм татпағанына бүгін үшінші күн. Алты айғы қыс тартқаны – 
аштықтың зардабы. Бар сенетіні байы Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп, ерте 
кетіп, кеш келеді. Бірақ, оның да табары жоқ...[18,79]. Жазушы тұрмыстық 
жағдайды суреттей келіп ондағы ұсақ жайларға мән беруі – натуралистік 
суреттеу ерекшелігі. Міне, бұл – қазақ ауылындағы кедейлердің аштық 
зардабын тартқан тұрмысы.
«Ӛз кейіпкерлерін тым қарапайым адамдардың ортасынан іздеу, ең тӛменгі 
әлеуметтік қабаттың, қалың бұқараның қатардағы ӛкілінің тыныс-тіршілігіне, 
тұрмысына барлау жасау, олардың жүріс-тұрысы мен сӛйлеу мәнеріне дейін 
сол қалпында жеткізуге тырысу – натуралистік әдебиет қалыптастырған 
дәстүрлер» [17,320]. Демек, Бейімбет жазған шағын әңгімелердегі қазақ 
ауылының кейпі, ондағы кейіпкерлердің мүшкіл жағдайы, жұпыны тіршілік, 
күйзелген тұрмысты еш ӛзгеріссіз беруі және де ұсақ түйек детальдарды 
назарынан қалдырмай тәптіштеп суреттеуі натурализмге жататынын кӛреміз. 
Сондай-ақ «Аштық құрбаны», «Қара бала», «Шариғат бұйрығы», «Баянсыз 
бақ» секілді бірқатар әңгімелерінде натуралистік элементтер кӛптеп кездеседі.
ХХ ғасырдың басында натурализм тек әлем әдебиетіне ғана әсер етпеген. 
Сонымен бірге жаңа қалыптаса бастаған қазақ прозасына да белгілі бір 
дәрежеде ықпал еткенін байқаймыз.
Натурализм – толық зерттелмеген сала. Натурализмнің терең қырларын 
зерттеушілік тұрғысынан қарастыру мен ұлттық әдебиетіміздегі кӛрінісін 
анықтауда тың ой-пікірлер мен ғылыми тұжырымдар жасау әлі де болса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет