Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
164
Юлия Кристева
Юлия Кристева 1941 жылы 24 маусымда Болгариядағы Сливен қаласында
дүниеге келген. Француз тілі мен әдебиетін зерттеуші, психоаналитик, жазушы,
семиотик, философ.
1960 жылдары Франциға кетіп қалады. Тель Кель тобының жетекшісі,
француз сыншысы және жазушы Соллерса Филипке тұрмысқа шығады.
Постструктурализмнің ӛкілі Р. Барттың оқушысы, М. М. Бахтиннің идеяларын
таратып, насихаттаушы.
Интертекстуалдық мәтінінің негізін салушы. «Семиотика» (1969),
«Революция поэтического языка» (1974), «Полилог» (1977) атты еңбектердің
және атақты «Разрушение поэтики» (1967) мақаласының авторы.
Одан басқа, Юлия Кристева феминист и публицист ретінде қоғамда
белсенді қызмет атқарған.
Бірнеше романдардың авторы. «Смерть в Византии» романы орыс тіліне
аударылған. Осы роман оны бір жағынан кӛрнекті жазушы етсе, екінші
жағынан, У. Эконың «семиотикалық» романының жалғастырушысы етіп
кӛрсетті. Кӛркем шығармада терең ойшылдығымен кӛрінеді.
Бұл романнан Ю. Кристеваның философиялық концепциясын байқаймыз.
«Жын екеш жында ӛлді, қалғаны апиын мен кокаин және нашақорлар мен
бұқаралық ақпарат дәуірі» (Кристева 2007:129).
Филолог Т.Амирян ӛз диссертациясында, Ю.Кристеваның «Смерть
в Византии» романын, бір уақытта бірнеше жанрды кӛрсететін, әртүрлі
теориялық концепцияны шебер интеграциялай білгендігін талдап кӛрсетеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
165
Достарыңызбен бөлісу: |