166
Метатекст (метамәтін)- постмодернистік шығармаларға тән дүние. Ол
тақырыпты ғана ашпайды, сонымен қатар авторлық сӛзге кӛңіл аударатын
мәтін.
Мәтін эротикасы – мәтіндік (жалпы белгілік) шындықтың қалыптаспаған
қалыптарын кӛрсету үшін қолданылатын постмодернистік философияның
метафорасы
Обскурантизм – білімге, ғылымға қарсылық
Онтология – субьекті мен оның әрекетінен тәуелсіз ӛмір сүретін, болмыс
туралы философия.
Пародия – белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды,
тұтас бір жанрды соған еліктей сынап-сықақайтын әдебиет, театр, музыка және
эстрада жанры.
Пастиш – әлде бір шығармашылыққа немес жеке бір стильге еліктеу.
Плюрализм – дүниенің негізгі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір
бастамасы жоқ, рухани мәндерден тұрады дейтін ілім.
Полифония – монологтың диалогқа, кейіпкерлердің кӛп дауыстылыққа
ұласуы
Поп-арт – кӛпшілік ӛнер. ХХ ғасырдың елуінші жылдарының ортасында
пайда болған ағылшын-американдық ӛнердін бір бағыты. «Ӛнер тілі іс жүзінде
қолдануға пайдалы болуы керек».
Постструктурализм – структурализмді ығыстырып, оның кӛптеген
кемшіліктерін сынай отырып дамыған ағым.
Рационализм – (лат. ratio - ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын
философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың
ӛлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі ақылы.
Релятивизм – дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар ӛзара тек
салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида.
Достарыңызбен бөлісу: