Монография Қарағанды 2015 Ре по зи то ри й к ар гу



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата06.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#41690
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Zharilgapov takirov (1)

Акмеизм 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


28 
Акмеизм – (acme – гр. жоғары деңгей, шың, гүлдену, гүлденген мезгіл) – 
ХХ ғасыр басында Ресейде символизмге қарсы туындаған әдеби ағым. 
Аталмыш ағымның негізін орыс поэзиясындағы «Цех поэтов» үйірмесінің 
мүшелері: Николай Гумилов (1886 - 1921), С.М. Городецкий (1884 - 1967), О. 
Мандельштам (1891 - 938), М. Зенкович (1891 - 1973), А. Ахматова (1889 – 
1966) т.б. қалады. 1910 жылы символистердің «Весы» журналы жабылған соң, 
ақын Н. Гумилев «Бұл символизмнің мүлде құрып жоғалуы емес. Адамзат 
философиялық ойлауын доғармайынша символизм тоқырамайды. Ендеше 
символизм жоғалып кетпейді, керісінше ӛзінің түрін ӛзгертіп, қолданылу аясын 
түрлендіреді» - деген пікірін білдірді. Осылайша «акмеизм» символистер мен 
футуристердің шығармашылықтарына қарсылық ретінде пайда болады.
ХХ ғасырдың басындағы қоғамда болып жатқан ӛзгерістермен тарихи 
бетбұрыстардың екпініне тӛзе алмаған символизм құлдырап, оның орнын 
футуризм мен эгофутуризм ауыстыра бастады. Ресейдің ӛз ішіндегі тарихи 
дүрбелеңнің соңы саяси қуғынға апарып тірейтіндігін ерте сезген Н.Гумилев 
халықты сол қиындыққа дайындаудың әдісін ойластырады. Ол тәсіл күйзелген 
жанды жігерлендіріп, батыл қадамға бастайтын қажырлы болуға үйретіп, тың 
істерге жетелеуі керек еді. Ол әдебиетке акмеизм болып енеді.
«Акмеизм» кӛне гректердің «акмэ» деген сӛзінен шыққан. Ер азаматтың 
күш-қуаты мен қайратының толысқандығын бейнелейді. Сондықтан да ӛнер 
иелерінің орта жасқа келіп ақылдарының кемелденіп толуымен, қайрат- 
күштерінің қуаттылығымен байланыстырған. Сонымен бірге, антика 
суретшілерінің туылған және ӛлген жылы айтылмай, шығармашылығының 
толысып, даналық ойлары мен пікірлерінің қалыптасатын кезеңі «акмэ» деп 
аталатын символдық образды терминмен бейнеленген. Акмеизмнің негізін 
салушылар оны «адамизм» деп те атаған. «Адамизм – жер бетіндегі алғашқы 
адамның пайда болуымен, дәлірек айтқанда «Адамның» есімімен 
байланыстырыла аталады». «Адамизм» терминін алғаш С. Городецкий 
қолданған. «Адамизм – ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар, ӛмірге 
кӛзқарасы нық әрі табанды деген мағынаны береді. Алғаш әлемді жандандырып 
бойына нәр жіберген, табиғаттың сұлулығы мен тазалығын, кӛркемдігін кӛріп, 
оны ӛз қолымен жасауды тағдыр адамға бұйыртқан. Акмеистер де солай, жаңа 
қоғамды ӛз қолдарымен жасап, оған ӛз аттарын беріп, бағыттарын 
айқындаулары тиіс» деген ойдан туындаған. 
Акмеизм – (1913-1914) шамамен екі жыл ӛмір сүрген әдеби ағым. Жалпы 
акмеизмнің алты белсенді мүшесі аталады. Олар: Н.Гумилев, А.Ахматова, 
О.Мандельштам, С.Городецкий, М.Зенкевич, В.Нарбут. «Жетінші акмеист» 
рӛліне Г.Иванов айтылады, бірақ А.Ахматованың айтуынша «акмеистер алтау 
болған, жетінші ешқашан болмаған». «Цех поэтов» үйірмесіне әр түрлі 
уақытта біраз ақындар мүшелікке қабылданған. Олар: Г.Адамович, Н.Бруни, 
Вас.В.Гиппиус, Вл.В.Гиппиус, Г.Иванов, Н.Клюев, М.Кузьмин, Е.Кузьмина-
Караваева, 
М.Лозинский, 
С.Радлов, 
В.Хлебников. 
Символистердің 
жиналыстарына қарағанда, «Цех» мәжілісі нақты сұрақтарды шешті: ақындық 
шеберлігін шыңдайтын мектеп, кәсіби бірлестік те болды. Акемизм ӛкілдерінің 
шығармашылық тағдыры әртүрлі. Мысалы: Н.Клюев кейіннен бұл әдеби 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


29 
бірлестікке қатысы жоқ екенін мәлімдесе, Г.Адамович және Г.Ивановтар 
эмиграцияда жүрсе де акмеизмді әрі қарай жалғастырды. 
С.Маковский редактор болған «Апполон» журналы Гумилев пен 
Городецки жазған акемистердің бағдарламасы мен шығармаларын басып 
тұрды. «Аполлон» журналында негізінен екі қағида болды: біріншіден, 
нақтылық, жүйелілік; екіншіден, ақындық шеберлікті жетілдіру. Әдебиеттің 
жаңа бағытына негізделген Н.Гумилевтің «Наследие символизма и акмеизм» 
(1913), С. Городецконың «Некоторые течения в современной русской поэзии» 
(1913), О.Мандельштамның «Утро акмеизма» (1913) мақалалары жарық кӛрген. 
«Апполон» журналына жазған мақаласында Сергей Городецкиймен бірге 
«символизм ӛлді» деп мәлімдеген Николай Гумилев «акмеизмді» – «сәулетті 
үй» деп атаған. Алайда «сәулет үйі» әр адамның ӛз ішінде болмақ. Шекспирдің 
эстетикалық кӛзқарасы мен Рабленің философиясын басшылыққа алған 
Н.Гумилев барлық жаңа істерді жақсы оймен бастауды насихаттайды. 
Дегенмен акмеизм әдебиетке жаңа тыныс, соны леп әкелуімен 
ерекшеленді.
Символистердің о дүниеде де ӛмір бар, бұл ӛмірдің рахатына кенелмесек, 
басқа ӛмірде бақытты боламыз деген анимистік кӛзқарастарына қарсы тұрып, 
оларға ӛз идеяларын ұсыну арқылы символизмді ығыстыра бастады. Алайда 
символизмнің образдап беретін тәсілдерін пайдаланып, одан мүлде қол үзіп 
кете алмады.
Акмеизмнің символизмнен басты айырмашылығы ӛмірді абстракциялы 
түсінуден аулақ, суреткердің жеке философиялық субъектизмінен тыс, ӛмірдің 
шынайы шындығымен адамның ерен еңбегі мен жігерін бірге дәріптеу болды.
Теорияны 
жатсынған 
акмеистердің 
(Н.Гумилев, 
А.Ахматова, 
О.Мандельштам) шығармашылықтарында дін, философия мәселелері ӛзіндік 
ерекшелігімен 
байқалды. 
Акмеистік 
кезең 
бұл 
ақындардың 
шығармашылықтарында аз ғана уақыт кӛрінді. Дегенмен акмеизм кӛптеген 
жаңа зерттеулерге жол ашты, соның ішінде әдебиеттанушы Б.Эйхенбаум 
символистік ақындардың дамуын жоққа шығарып, акмеизмді жаңа сатыда 
қарастырды. Алайда, кӛптің назарында болған символизм акмеистердің 
шығармашылығына бӛгет болмады. Акмеизм әдебиетке қарапайым оқырманды 
алып келді. Әдеби ағым ретінде акмеизмнің басты жүзеге асырғаны – әдебиетті 
ізгілендіру жолына қарай бағыттап, даму сатысын ӛзгертуі. Кӛрнекті ғалым 
С.Аверинцев акмеизм туралы пікірінде: «уақыт рухына қарсы шығу дегеніміз 
қиялға қарсы шыққанмен бірдей» деген. Жоғары талғамды символистерге 
акмеистер шығармашылығындағы адам әлемі нәзік психологиясымен, сӛйлем 
интоноциясымен, салмақты сӛздерімен жауап берді.
Н.Гумилев, 
А.Ахматова 
және 
О.Мандельштамның 
акмеизмінен
С.Городецкий, М.Зенкевич, З.Нарбуттың адамизмі ерекшеленді. Н.Гумилев, 
А.Ахматова, О.Мандельштамдардың адамизмнің талаптарына сәйкес келмеуі 
үшеуін бірнеше рет сынға іліктірді. 1913 жылы З.Нарбут М.Зенкевичке тәуелсіз 
топ құруға немесе Гумилев тобынан кетіп, кубофутуристерге ӛтуге ұсыныс 
жасады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


30 
Акмеизмнің негізгі қызметі символизм мен реализмді теңдікте ұстауы 
болды.
Эмиграциядағы орыс поэзиясына акмеизм үлкен ықпал етті. Себебі 
Н.Гумилевтің Францияға жер ауып кеткен шәкірттері Г.Иванов, Г.Адамович, 
Н.Оцуп, И.Одоевцевалардың шығармаларында кӛрініс берді. Осылардың
ішіндегі мықтылары Г.Иванов пен Г.Адамовичтер ӛлеңдерінде акмеизмнің 
негізгі ұстанымдары: жеңіл мысқыл, қарапайымдылық, интонацияға кӛп мән 
берген. Ал Кеңестік Ресейде Ник.Тихонов, И.Сельвинский, М.Светлов, 
Э.Багрицкийдің шығармаларында акемизмнің ұшқындары астарлы түрде 
бейнеленді. Сондай-ақ акмеизм авторлық ӛлендерге де ӛз ықпалын тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет