Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет40/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   112
Оқыту қызметі. Бұл қызмет білім мазмұнын жаңартумен айналысу барысында 
әр  баланың  белгілі  бір  білім,  білік, дағдыларды  жинақтауын  сипаттайды  және 
ол  төмендегідей  факторлармен  анықталады:  балалардың  жас  ерекшеліктері, 
жеке  интелектуалдық  мүмкіндіктері,  белсенділіктері,  оқу-тәрбие  іс-әрекетімен 
араласуға  арнайы  және  психологиялық  дайындығы,  қарапайым  білім 
негіздерімен  қаруландыруға  арналған  керекті  материалдық-техникалық 
базаның  болуы,  дамыту  орталықтарының  әдістемелік  талаптарға  сай 
ұйымдастырылуы  т.б.  Сондай-ақ,  балалардың  қарайым  білімдерінің  толығуы, 
мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  білім  беру  бағдарламаларында 
қарастырылған  білім,  білік,  дағдыларды  жинақтауынан  көрініс  тапты.  Зерттеу 
базаларындағы  эксперимент  жұмыстарына  байланысты  тәрбиешілер  өздеріне 
таңсық болған жаңалықтарды ашып, таңқалдырып жатты. Осыған байланысты, 
олардың  білмегенді  біліп,  білімдері  одан  әрі  артып  отырды.  Білім  мазмұнын 
жаңартудың  жүзеге  асуына  кейбір  жайттар  кедергі  болды.  Атап  айтқанда: 
балабақшалардың  материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз  етілуінің 
жеткіліксіздігі,  оқу  әдістемелік  еңбектердің  мазмұнын  қайта  жаңарту 
қажеттілігі,  теориялық  зерттеулер  жүргізуде  қазақ  тіліндегі  әдебиеттердің 
аздығы сияқты қиындықтар кездесті.  
Тұлғалық-дамытушылық қызметі. Білім мазмұнын жаңарту үдерісі балалардың 
өзіндік 
белсенді 
қабілеттерін 
дамытудан, 
нақты 
дүниетанымдық 
көзқарастарының анықталуынан көрінеді. Жеке тұлғаның ішкі талпынысының 
негізінде  шығармашылығының  жетілуіне  әсер  етеді.  Білім  мазмұнын  жаңарту 
үдерісі  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  жеке  тұлғасының  қызығушылықтары 
үйлесім  тапқан  жағдай,  яғни  оқу  тәрбие  жұмыстарының  мақсаттары  мен 
балалардың қызығушылықтары сәйкес болуы, таңдауға мүмкіндік жасалуы - іс-
әрекеттің тұлғалық-дамытушылық қызметінің жүзеге асуының басты шарттары 
болып табылады.  
    Тұлғаның жеке қабілеттері көрініс тауып, бақылау және салыстыру негізінде 
балалардың  жуапкершілік,  табандылық  сияқты  қасиеттерінің  дәрежелері 


 
116 
анықталды.  Балалардың  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарауы,  төзімділік  пен 
шыдамдылық  таныта  білуі  эксперимент  жұмыстары  мен  бақылау  жасауда 
ептілік  қажет  екендігі  анықталып,  олар  осы  қабілеттерді  меңгеруге  икемділік 
таныта  бастады.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  үдерісінің  бұл  қызметі  тек 
аталған  қабілеттер  мен  икемділіктерді    ғана  сипаттамайды,  сонымен  қатар 
жалпы  баланың  тұлғалық  ерекшеліктерін  айқын  ашып  көрсетіп,  оқу  тәрбие 
үдірісінде  белсенділіктері  төмен  балалардың  белсенділіктерінің  артуын 
бейнелейді. Бір сөзбен айтқанда, балалардың тұлғасының қалыптасып, дамуына 
оң  ықпалын  тигізеді.  Олар  білім  мазмұнын  игерумен  айналысу  кезінде 
шыдамдылық,  төзімділік  сияқты  қасиеттер  қалыптасып,  түрлі  ақпарат 
көздерінен алған жаңалықтар арқылы білімдері жетілді.  
    Білім  мазмұнын  жаңарту  үдерісінің  бұл  функционалдық  компоненттері  бір-
бірімен тығыз байланысты бола отырып, тұтас динамикалық бір жүйе құрайды 
да  бізге  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың 
тиімділігін көрсететін моделдің бір бөлігін қамтиды. Білім мазмұнын жаңарту 
барысына 
жасалған 
құрылымдық-функционалдық 
талдау 
оның 
ерекшеліктерінен,  көрініс  табатын  фактілерін  тіркеуге  мүмкіндік  береді. 
Осыған  сәйкес  біз  білім  мазмұнын  жаңартудың  қалыптасу  өлшемін  анықтау 
мәселесіне  көше  аламыз.  Білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесі  оның  критерилері 
мен  деңгейлерін  анықтаумен  тікелей  байланысты.  Критерий  –  зат  немесе 
құбылысты  бағалаудың  негізгі  белгісі.  Осы  мәселеге  қатысты  И.Ф.Исаевтың 
жоғарғы  мектеп  оқытушыларының  кәсіби-педагогикалық  мәдениетін  өлшеуге 
байланысты  қойылған  нақты  талаптарды  басшылыққа  алдық.  Ол  талаптар 
сапалық  көрсеткіштердің  сандық  көреткіштермен  сәйкес  болуымен  тығыз 
байланысты.  
    Автор  осы  талаптың  орындалуы  үшін  төмендегідей  ескертулер  жасайды: 
біріншіден,  нақты  критеридің  төменгі  немесе  жоғарғы  дәрежесін  көрсететін 
сапалық  көрсеткіштерді  анықтау;  екіншіден,  критерий  өлшелініп  отырылған 
сапаның  педагогикалық  кеңістіктегі  динамикасын  сипаттауы;  үшіншіден, 
критерий  іс-әрекеттің  негізгі  түрлерін  қамтуы  керек.  Білім  мазмұнын жаңарту 
үдерісінің  қалыптасу  критерилерін  анықтауда  осы  талаптарды  негізгі  деп 
таныдық.  Білім  мазмұнын жаңарту  балалардың  жеке  тұлғасының  қалыптасып, 
дамуына  ықпалын  ескеріп,  оның  құрылымын,  күрделілігін  мойындай  келе, 
олардың  өзінің  шығармашылық  әрекетінің  негізінде  жаңа  білімдер  мен 
дағдыларды  игеретіндігіне  көз  жеткіздік.  Осыған  байланысты  білім мазмұнын 
жаңартудығ  негізгі  критерилеріне:  зерттеудің  түрткісін,  ойлаудың  ғылыми 
стилін,  зерттеуге  деген  технологиялық  дайындық,  баланың  өздігінен  дербес 
әрекет  ету  белсенділігін  жатқыздық.  Аталған  критерилер  негізінде 
эксперименттің  қорытындыларын  пайдалана  отырып  олардың  әрқайсысының 
басты белгілерін ашып көрсетпекпіз.  
Зерттеудің  түрткісі.  Тәрбиешінің  іс-әрекетінде  танымдық  қажеттіліктерінің 
белсенділігі, 
зерттеудің 
маңыздылығын 
ұғынуы, 
зерттеуге 
деген 
қызығушылығының  болуынан  көрінеді.  Бұл  критеридің  көрсеткіштері 
сауалнама, жеке әңгімелесу, бақылау арқылы алынды. 


 
117 
Ойлаудың  ғылыми  стилі.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  критерилерінің  бірі 
ретінде  төмендегідей  көрсеткіштер  сипатталды:  өзіндік  зерттеу  әрекетінің 
құрылымдық  бөліктерін  ойластыра  алу,  ғылыми  ойлаудың  талаптарын 
орындауы, зерттеудің қорытындысын жасай білуі. Бұл критерий тәрбиелеу мен 
білім беру бақылаудың диагностикасы арқылы анықталды.  
Зертеуге  деген  технологиялық  дайындық.  Зерттеліп  отырылған  мәселеге 
қатысты басты түсініктерді меңгеруі, ғылыми танымның әдістерін пайдалануға 
қатысты  икемділіктері  мен  дағдылары.  Критерий  балалармен  топта  және  бос 
уақыттарында жүргізілген оқу, ойын, еңбек іс әрекеттерінің негізінде, бақылау, 
сауалнама, әңгімелесу қорытындысынан анықталды.  
Жеке  тұлғаның  шығармашылық  белсенділігі.  Балалардың  оқу,  ойын,  еңбек 
және  зерттеу  іс-әрекетіне  араласуы  барысында  өзіндік  белсенділіктері, 
қойылған  мәселені  шешуге  байланысты  мүмкіндіктерімен  сипатталады. 
Аталған  критериді  өлшеу  үшін:  өзін-өзі  бағалау,  бақылау,  сауалнама  жүргізу, 
олардың  іс-әрекетінің  қорытындысы  болып  табылатын  жұмыстарға  жасалған 
талдау  әдістерін  пайдаланып,  білім  мазмұнын  жаңартудың  өлшемдері  мен 
көрсеткіштерін айқындап алдық. Ол төмендегі кестеде көрсетілді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет