Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет112/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Ата аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайындаата аналармен өткізілетін өте 
қызықты  жұмыс  түрінің  бірі.  Мұнда  олар  тек  қана  педагог,  психологтарды 
тыңдап  қана  қоймайды,  өздері  алуан  түрлі  әдебиеттермен  танысып,  оқып 
үйреніп  оны  талдауға  қатысты.  Оны  ұйымдастырудың  жолдары:  біріншіден, 
оқу  жылының  басында,  алғашқы  ата–аналар  жиналысында  оларды 
толғандыратын  педагогикалық,  психологиялық  проблемаларды  анықтап  алды. 
Ол  туралы  тәрбиеші  арнайы  ақпараттар  жинайды  және  оған  талдау  жасайды. 
Әдіскердің  көмегімен  әдебиеттер  таңдап,  оны  ата–аналарға  оқу  ұсынылды. 
Олар  пайдаланған  әдебиеттері  бойынша  алға  қойған  мәселелерінің  шешу 
жолдарын айтып баяндады, пікір бөлісті. Тәрбиешімен ой бөлісті. Таңдалатын 
тақырып  қызықты  әрі  барлық  ата–аналарға  ортақ,  толғандыратын  тартымды 
болғаны тиімді болды. 
Ата–аналар  кештері  –  мұндай  кештер  ата-аналар  ұжымын  біріктіруге,  береке 
бірлікке  шақырады.  Ол  жылына  бір,  екі  рет  өткізілуі  мүмкін,  мұнда  балалар 
қатыспайды.  Ата–аналар  кештерінің  маңызы-ең  бастысы  мұнда  олар  өз 
балаларының  достарының  ата–аналарымен  пікірлесіп,  балаларының  өмірлік 
маңызды мәселелерін талқылады. Ата–аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін 
тыңдауға,  өзін  және  өзгені  тыңдай  білуге  ішкі  жан  дүниесімен  бөлісе  білуге 
үйренді. 
Ата-аналар кештерін өткізуге ұсынылған тақырыптар: 
«Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы», «Баланың ең алғашқы 
кітабы»,  «Менің  баламның  болашағы?»,  «Мен  оны  қалай  көремін?»,  «Менің 
баламның  достары»,  «Менің  отбасымның  мерекесі»,  «Біздің  отбасымыздағы 
«болады», «болмайды» ұғымдары жайында», «Туған күнді қалай тойлайсыз?», 
«Біздің балаларымыздың айтатын әндері». 
 Аталған  кештен  атаналар  бір  біріне  үлгі  боларлықтай  пікір  бөлісіп,  өз 
тәжірибелерін  ортаға  салып,  тың,  жаңа,  қызықты  мәселелерді  өздері 
үренетіндей болғаны абзал. 
Ата-аналармен  жүргізілетін  тренингтер-бұл  ата-аналардың  өз  балаларының 
мінез-құлқын оқып үйренуге, қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс 
түрі.  Тренингқа  ата-аналарлың  екеуі  де  қатысқаны  тиімді.  Тренинингқа  12-15 
ата-ана  қатыса  алды.  Теренингқа  ата-аналар  тұрақты  түрде  және  белсенді 
қатынасып  отыруы  тиіс.  Оның  нәтижесіне  жету  үшін  5-8  рет  өткізгенде 
тиімділігі  байқала  бастайды.  Ол  негізінен  балабақша  психологымен  бірлескен 
жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі. Тренингтерді төмендегі тақырыптарда 
өткізу  ұсынылды:  «менің  сүйікті  ойыншығым»,  «менің  сүйікті  кейіпкерім», 
«балалар ойыны», «балалықты еске алу», «менің отбасым туралы бейне көрніс», 


 
246 
«компьютердің  пайдасы  мен  зияны»  т.б.  Педагогтар  мен  ата-аналарға  кеңес 
егер: 
–  баланы  үнемі  сынап,  мінейтін  болсаңыз  –  онда  ол  барлығын  жек  көретін 
болып үйреніп кетеді; 
–  балаға  жөнсіз    күліп,  үнемі  ескерту  жасасаңыз  ол  тұйық,  ұялшақ,  бұйығы 
болады; 
–  балаға  үнемі  ескерту  мен  тежеу  жасасаңыз,  ол  өзін  кез  келген  ортада  кінәлі 
сезінуге үйреніп кетеді; 
–  баланы  орынды  мақтай,  мадақтай  білсеңіз,  ол  ақылды,  байсалды,  салмақты 
болуға талаптанады; 
– баланға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз ол өзін өзі бағалай білетін болады; 
– балаңыз шыдамды, төзімді болып өссе, онда ол басқаларды да түсіне білуге 
үйренеді; 
–  бала  шындықты  айтып  өсетін  болса,  ол  шыншыл,  адал  азамат  болып 
қалыптасады; 
– бала алаңсыз, қауіпсіз жағдайда өсетін болса ол барлық адамдарға сеніммен 
қарайтын болады; 
–бала  қауіп  -  қатермен,  ұрыс  -  керісті,  зұлымдықты,  жаман  жат  қылықтарды 
көріп өссе, ол ашушаң, ызақор болады; 
– бала қайырымдылық пен мейірімділік, түсінушілік, сүйіспеншілік сезімдерді 
сезініп  өссе,  ол  бұл  әлемде  махаббат  пен  сүйіспеншілікте  болып,  ата-анаға 
қайырымды болады;  
Ата-аналармен қарым-қатынас стратегиялары белгіленді: 
Арнайы ұйымдастырылатын  жұмыстар 
1. Ай сайын өткізілетін ата -аналар жиналыстары. 
2. Ата-аналар комитетін сайлауға арналған нұсқаулық жиналыстар. 
3. Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар. 
4. Белгіленген  үлгі бойынша есеп беру. 
5. Ата-аналар портфолиосымен жұмыс. (Жылжымалы папака) 
6. Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару. 
Арнайы емес жұмыс түрлері 
7. Баланы бақшаға алып келгенде, алып кеткендегі қарым-қатынас. 
8. Дәптерлер, жазбалар, бақылау күнделіктері. 
9. Хабарландыру тақталары. 
10.Ақпараттық парақ. 
11. Отбасылық газеттер шығару. 
Отбасы мүшелерінің топқа келуі 
12. Белсенділік орталықтарына ата - аналардың келіп қатысуы. 
13. Облыстық, қалалық, аймақтық семинарларға отбасының қатысуы. 
14. Өткізілетін ертеңгіліктерге ата-аналардың қатысуы.  
15. «Әкелер мектебі» атасы, әкесі, ағалары, інісін шақыру. 
16. «Әжелер үлгі өнегесі» анасы, әпкесі, сіңілісі т.б. 
17. Спорттық мерекелерге, демалыс орындарына баруға қатысу. 
18.Ойын алаңдарын ашуға, ашылуына ата -аналардың қатысуы. 
19.Топ бөлмесінің дизайндық безендірілуіне қатысу. 


 
247 
20. «Әкем, анам және мен» танымдық  жарыстар. 
21. Ата-аналармен өткізілетін тренингтер. 
Балабақшадағы отбасылық бөлме 
22. Ата -аналармен жүргізілген пікіртерім, сауалнама қортындылары. 
23. Ата- аналардың отбасы бөлмесіне келуі. 
24. Педагогикалық ынтымақтастық: 
а) ұсыныс, сұраныстар негізінде арнайы кеңестер; 
б) ата-аналардың ой пікірлері; 
в) балабақша ұжымының ата -аналарға арналған алғыс хаттары; 
г) жақсы ұйымдастырылған іс шараларға байланысты естелік сувинерлер; 
д) балабақша тыныс тіршілігіне сауатты, белсене араласатын ата-аналарды 
мақтау қағаздарымен марапаттау:   
Күн режімі кезеңдеріндегі ата–аналармен жұмыс мазмұны мен шағын 
топтармен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар: 
1. Таңеңертеңгі қабылдау кезіндегі жұмыстар: 
2. Сабақтарға ата аналардың қатысуы 
3. Мерекелік ертеңгіліктерге ата аналардың үлес 
4. Ата–аналар жиналыстары 
5. Ата–аналармен кешкілік жұмыстар 
6. Ата–аналарға  арналған  сауалнамалар 
7. Ата–аналарға арналған кеңесте 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет