Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет50/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112
мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу  мен  оқытудың  жалпы  бiлiм  беру  бағдарламасы 
мазмұнының базалық минимумы»  атты мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың 
мемлекеттiк стандартын әзiрлеуге арналған конкурс жарияланып, оған стандарт 
жобасының  жетiлдiрiлген  нұсқасы  ұсынылды.  Конкурс  барысында  iрiктелген 
жобалардың  бiрi  ретiнде  бұл  нұсқа  Алматы  қаласында  Республикалық  бiлiм 
беру  жүйесiнiң  басшы  және  педагог  мамандардың  бiлiктiлiгiн  арттыру 
институтында өткiзiлген семинар-кеңесте талқыланып, толықтырылып, өңделiп 
республика  көлемiнде  жаппай  тәжірибеге  енгізілді.  Мектепке  дейiнгi  тәрбие 
мен  оқытудың  мемлекеттiк  стандартының  жетiлдiрiлген  нұсқасы  мынадай 
жаңашылдық сипаттарға ие болды: 
1.  Адам  тұлғасының  қалыптасуындағы  мектепке  дейiнгi  балалық  шақтың 
мәндiлiгi  мен  жас  ерекшелiк  мүмкiндiктерi  жаңа  құндылықтар  тұрғысынан 
айқындалды,  оны  баланың  жеке  ерекшелiктерiмен  үйлестiрiлу  талаптары 
белгiлендi. 
2. Педагог пен баланың өзара қарым-қатынасында тең құқықтылық принципiн 
сақтау,  балалармен  педагогикалық  жұмысты  тұлғалық-бағдарлы  тұрғыда 
ұйымдастыру негiз етiп алынды. Сөйтiп мұнда оқу-пәндiк  модельден баланың 
жеке  тұлғасын  қалыптастыруға  бағдарланған  ынтымақтастық  модельге 
басымдық берiлдi. 
З.  Стандарттағы  бiлiм  мазмұны  баланың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайтуға 
психологиялық  қолайлылық тудыратын сипатта анықталды. 
4.  Стандартта  мектепке  дейiнгi  баланың  тұлғалық  мәдениетiнiң базисi  ретiнде 
бүкіл  адамзттық  құндылықтар  алынды.  Бүкiл  адамзаттық  құндылықтармен 
баланы  табыстыру  тәрбие  мәнiн  қарайды,  бұл  құндылықтар  өмiрге,  ақиқатқа 
бала қатынасын қалыптастыруға қызмет етедi. 
5. Стандартта бiлiм, бiлiк, дағдыларға үйретуден, оларды меңгеру жолдары мен 
мүмкiндiктерiне үйрету, сөйтiп өмiрде қолдана бiлуге баулу көзделдi. 
6. Стандарттың бiлiм мазмұны мен балалар дайындығына қойылатын талаптар 
олардың  тұлғалық  дамуын  (өмірге  әрекеттік-практикалық  қатынасын 
қалыптастыру,  сезiм  мәдениетiн  дамыту,  ерiк  мәдениетi  мен  күш-жiгерiн 
қалыптастыру)  қамтамасыз  етудi  көздейдi.  Нәтижесiнде  бала  қиындықтарды 
жеңуге, өзiнiң жұмыс әрекетiн, мiнезiн бақылауға, нәтижелерiн бағалай бiлуге 
үйренетiн болады. 
7. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланың меңгеретiн таным мәдениетi екi үлкен 
әлеуметтiк институт балабақша мен отбасы арасындағы үйлесiмдiлiк пен 
сабақтастыққа қолайлылық туғызуды көздейдi. 
    Қазақстан  әлемнің  бәсекеге  ең  қабілетті  елу  елі  қатарына  ену  стартегиясы 
мен әлеуметтік-экономикалық жаңартудың жаңа кезеңі білім беру жүйесін одан 
әрі  дамыту  қажеттігін  анықтайды.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі  ретінде  өзгермелі  өмірге 
табысты  бейімделуге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамытуға 


 
137 
жағдай жасайды. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың көпжылдық зерттеулері адам 
интеллектісінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуында мектепке 
дейінгі жас кезеңінің маңызды болып табылатындығын дәлелдеп берді.  
    Мектепке  дейінгі  білім  берудің  мемлекттік  стандарты  балабақшадағы 
балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық  негіздеріне 
қойылатын  талаптар  жүйесінен  тұрады.  Стандарт  педагогикалық  үдерісті 
ұйымдастырудың ережелерін көрсетеді, оған қатысушылардың орны мен рөлін 
анықтайды,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  отбасы  және  қауымдастықпен 
қатынастар жүйесін реттейді. 
    Мектепке  дейінгі  жастағыларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  мемлекеттік 
стандартын  құру  мен  енгізудің  объективтік  қажеттілігі  келесі  факторлармен 
анықталады:  
-  еліміздің  білім  беру  ұйымдарының  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшуге 
даярлығы;  
-  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарын  сақтау  мен  дамытудағы,  балаларды 
мектепке дейінгі біліммен барынша толық қамтудағы, балалары үй жағдайында 
тәрбиеленіп жатқан отбасыларына көмек көрсетудегі   қажеттілік; 
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іріктеуде 
бірізділікті  талап  ететін  мектепке  дейінгі  білім  беру  формаларының 
вариативтілігі; 
-  балалардың  негізгі  құзыреттіліктерін  жас  және  жеке  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып қалыптастырудың  қажеттілігі;  
-  баланы  толыққанды  тәрбиемен  қамтамасыз  ету  үшін,  ата-аналарды  мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  үдерісіне  тартудың  жолдарын  анықтау 
және  серіктестік  механизмдерін  іздестіруде  мектепке  дейінгі  ұйым  мен 
отбасының өзара ықпалдастығын жетілдіру;  
Аталған  мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім беру  стандарты  мектепке  дейінгі 
ұйымдардағы,  отбасындағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  мазмұнына,  туғаннан  алты 
жасқа  дейінгі  балалардың  даму  деңгейі  мен  олардың  негізгі  құзыреттіліктерді 
игеруіне қойылатын талаптар мен нормалар жүйесін белгілейді. Олар:  

 
білім  беру  ұйымдарының  меншік  нысанына,  типіне  және  түріне 
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында;  

 
педагог  кадрларды  даярлауға  арналған  оқу  бағдарламаларын  әзірлеуді 
жүзеге асыратын оқу орындарында;  

 
мектепке дейінгі сала қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын әзірлеуде 
және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруда  педагогикалық  кадрлардың 
біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  институттары  мен  ғылыми-зерттеу 
институттарында;  

 
тәрбие  мен  оқыту  сапасына  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асыруда 
білім беру саласының орталық және жергілікті атқару органдарында;   

 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқару  органдары  мен 
ұйымдары мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттаған және білім беру қызметін 
лицензиялаған кезде пайдаланылады.  
Мемлекеттік стандарт: 


 
138 

 
мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты 
қамтамасыз етуді қарастырады;  

 
балалардың  мектепке  дейінгі  сапалы  білімге  қол  жеткізуін  қамтамасыз 
етеді; 

 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  мазмұнын  білім  берудің 
барлық деңгейін жаңғыртумен сәйкестікте анықтайды;  

 
білім бер салаларына құрылған және баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін 
негізгі  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  арқылы  ашуға  бағытталған  мектепке 
дейінгі туғаннан 6 жасқа дейінгі білім берудің базалық мазмұнын анықтайды;   

 
туғаннан 6 жасқа дейінгі балалардың даму кезеңдерінің сензитивті өзара 
байланысын қамтамасыз етеді;  

 
педагогикалық  үрдістің  жаңашылдығымен,  мектепке  дейінгі  жастағы 
балалардың жеке дамуына бағытталған тәрбиелеу мен білім беру жұмысының 
бағдарымен қамтамасыз етеді;  

 
жас  кезеңдер  топтарының  заттық-дамытушылық  ортасының  мазмұнын 
мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі шарты ретінде 
анықтайды; 

   түрлі  жастағы  балалармен  жұмыс  істейтін  педагогтарға  қойылатын 
талаптарды анықтайды; 

   отбасын баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін 
қоғамның алғашқы әлеуметтік институты ретінде қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет