175
Тәрбиелеу мен білім беру теориясында жекелей іздену – әдісі немесе
эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын-ала
зерттеу әдісі қолданылды. Немқұрайлы көзқарас тұрғысынан бұл әділ, бірақ
нақты білім тәжірибесінде жүйеліліктің тиісті сақталуы керек деп ойлауға
болмайды: алдымен жекелей іздену – әдісі, одан кейін зерттеу әдісі
қолданылады. Зерттеу әдісінің негізін оқу нұсқасына қарағанда, жекелей
ізденеу–әдісін оқыту барысында балаға жоғары ойлау қабілеттерінің
ауыртпалығы түседі.
Жекелей іздену - әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады:
- проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу;
- өз дәлелдерін айта білу;
- өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару;
- жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу;
Жекелей іздену – іздеу әдісінің ерекшелігі–күрделі тапсырмаларды қарпайым
тапсырмаларға бөлшектеу, эвристикалық әңгімелесуді қалыптастыру, бұл
эвристикалық әңгімелер бір-бірімен байланысты сұрақтардан тұрады, оның
әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек
қана білімді шыңдап қоймай, ізденушілікті талап етеді. Зерттеу элементтерінің
толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілді. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы
бала танымының негізгі жолдары деп қарастыруға болады. Әдістердің анықтап
алынуы нақты мүмкіншіліктерге тәуелді болады. Көбірек мүмкіншіліктер болса,
анағұрлым зерттеу жұмысы қызықты болады.
В.
Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде зерттеу
әдістерін айқындап
алғаннан кейін тәрбиешіге қарапайым зерттеу жүргізу үшін балалардың жас
ерекшелігіне, білім мазмұнына сәйкес
материалдарды жинақтай білу
ұсынылады. Кішкентай зерттеушілермен бірлесе отырып, жұмыстың жүйесін
анықтап алып, материалдарды жинауды бастаймыз. Ол үшін зерттеудің
жоспарын құрып алу керек. (кілем үстінде жайылып қойылған таратпа
материалдар, яғни карточкалар). Жиналған мәліметтерді есте сақтау үшін
оларды бірден белгілеп алу қажет. Балалар жазу білмейді ғой, бірақ бұны жасау
күрделі емес. (Бір тор көз дәптердің бетіне). Алдын-ала әр балаға тор көз
дәптердің бір беті мен қалам беріледі, балалар сол қағазға белгілер салады.
Белгілер әртүрлі бола береді - әріптер, қиын емес суреттер және т.б.
Балалардың «жазу» дағдылары қалыптаспағандықтан алғашқыда қиындықтар
кездеседі. Балалардың зерттеу жұмыстарына қатысқан сайын, бекітілетін
символды бейнелеу шеберлігі артады. Бұл жастағы балаларда әлем туралы
бейнелі хабарлар белсенді қабылданады және зерттеуді ұғыну объектісі пайда
болады. Балғын зерттеуші зерттелетін мәселенің маңызды сипатын бірте-бірте
түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: