184
ояту, жобалау әдісі арқылы белгіленген білім-білік дағдыларды игерту, бір
немесе бірнеше мәселелердің шешімін бірге табуды қарастыру, алған білім,
білік дағдыларын тәжірибде көрсете білуге үйретудің бұрынғыдай сақталуында.
Басқаша айтқанда, теориядан тәжірибеге, алған білімді оқытудың әрбір
кезеңінде білім көлемінің сақталуын қадағалап отыру көзделеді.
Баланың білім алуға қызығушылығын көрсетуі маңызды және ол өмірлік
дағды ретінде қалыптастырылуы керек. Бірақ ол не үшін, қашан, қайда? Қайда,
қандай мақсатпен? Мұндағы ең маңызды мәселе берілетін білім баланың
жанына жақын өмірден алынуы тиіс, алған білімі оның өмірінде маңызды
болуы шарт және өмірлік дағды ретінде қалыптастырылуы керек. Мұғалім
ағымдағы жаңа ақпарат жайлы айтып бере отырып, оқушының ойын өз бетімен
ізденіс жасауға бағыттайды. Бірақ нәтижесінде баланы өзіндік ізденісте
міндетті түрде берілген тапсырманы іздеп жағдайды дұрыс шешіп, өз білімін
қолдана отырып шындыққа сай нәтижеге жетіп отырады. Жобалау әдісінің
қазіргі кезеңдегі негізгі бағыты мен нені танып білем? Не білемін? Бұл не үшін
керек? және мен бұл білімді қайда пайдаланамын ? деген сауалдарға жауап
іздейді. Жобалау әдісінің негізіне баланың танымдық дағдыларын дамыту
өзінің алған білімін пайдалана білу, ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу және
сын тұрғысынан ойлауды дамыту жүзеге асады. Жобалау әдісі барлық уақытта
баланың өздігінен әрекет етуіне бағытталған: жеке, жұппен, топпен белгіленген
уақыт арасында тапсырмаларды орындайды. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ол
топпен оқытуға сәйкес келеді. Жобалау әдісі кезінде белгілі бір мәселені шешу
оны басқа бір қырынан қарау, әртүрлі әдіс-тәсілдерді және құралдарды
пайдалану, екінші қырынан қарағанда білім беру мен оның технологиясын
шығармашылық саладағы білімдерді кешенді беру. Орындалған жобаның
нәтижесін балалар сезінетіндей болуы керек, егер ол теориялық мәселе болса
оның нақты шешімі көрсетілуі керек, ал тәжірибелік болса оның нақты
нәтижесі және оны тәжірибеге ендіруге дайын болу керек. Жобалау әдісін
пайдалану үшін тәрбиеші педагогқа жоғарғы біліктілікті және дамыту мен
оқытудың әдістемесін жетік білуі қажет. Бұл технологияы ХХІ ғасырдың
технологисы деп бекер атамайды. Себебі, өзгермелі өмірге байланысты және
қоғамның дамуына байланысты бейімделуді, білуге үйренуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: