Монография Астана, 2010. 250 бет


а) Көлшікте, теңіз, мұхитта,      Су құбырында боламын.      Мұз боп қатамын,      Тұман боп үйге кіремін.  б)



Pdf көрінісі
бет108/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

а) Көлшікте, теңіз, мұхитта, 
    Су құбырында боламын. 
    Мұз боп қатамын
    Тұман боп үйге кіремін. 
б) Пешіңіздегі шәйнекте, 
    Бұрқылдайды шай болып
    Қантты да ерітеді. 
1. Суға қант, тұз салу. Еріп  көрінбей кетті. 
Тәжірибе, бақылау, дербес іс - әрекет әдістері. 
     2. Стақандағы суға құм, тас салу 
Бақылау, дербес іс - әрекет әдістері. 
     3. Стақанға салқын су құю. Стақан  қабырғасында ұсақ көпішіктер пайда 
болды. Бұл ішіндегі ауа. 
Әңгіме жүргізу. Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар мен теңіздер, өзендер, көлдер 
алып жатыр. Оны біз картадан, глобустан көруімізге болады. 
-  Жер бетіндегі сулардың бәрін бірдей ішуге бола ма? 


 
241 
-  Мұхиттар мен теңіздердің қайбір өзен, көлдердің сулары ащы 
болғандықтан оны ішуге болмайды. Бірақ онда тіршілік бар. Балықтар т.б 
тіршілік иелері өмір сүреді. 
-  Су өте қажет, оны ысырап етпей пайдалану қажет. 
Тәжірибелік зерттеу іс- әрекеті:  Глобуспен жұмыс. Бақылау әдісі.  
Балалар бұл планентамыздың кішкентай үлгісі. 
-  Осы глобуста қандай түс көп? 
-  Көгілдір түспен не белгіленген? 
-  Су қайда болады? 
-  Жер бетінде су көп, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге 
жарамайды, бірақ онда тіршілік бар (балықтар т. б.) 
Қимылды ойын «Толқиды теңіз» 
Қорытынды. Балалар, су не үшін қажет? Су қай жерде болады? Су қандай 
өзгеріске ұшырайды? 
-  Балалар, бүгінгі жасалған тәжірибелерден не байқадындар? 
-  Зерттеу жұмыстарыңнан өздеріңе нені алдыңдар? 
-  Таза су – тіршілік  атаулы өмірінің нәрі, табиғи құнды байлық. 
-  Суды  ретсіз,  ысырап  жасауға  болмайды,  үнемдеу  қажет,  себебі  суды 
тазалау  үрдісі  өте  қиын,  қымбат.  Зерттеу  жұмысы  қорытындыланып, 
балалардың  ой  пікірлері  тыңдалады.  Жалпы  зерттеу  іс-әрекетін  балабақшада 
ұйымдастыру  әдістемесі  өз  жетістіктерін  көрсетті,  жаңа  технология  ретінде 
пайдалануда тәрбиешілер оң пірілер білдірді. 
Жобалау әдісі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің 
технологиялық картасы 
Білім беру салалары: Қатынас, Шығармашылық 
Бөлімдері: Тіл дамыту, мүсіндеу. 
Тақырыбы: Ұлпа қарлар. 
Мақсаты:  Қыс  мезгілінің  ерекшелігі,  қыста  болатын  табиғи  құбылыстарды 
ажырата білуге, табиғаттың әсемдігін сезіне білуге үйрету.  Балалармен жауып 
тұрған  қарды  бақылап,  қасиеттерін  анықтау:  қар  аппақ,  мамықтай  жеңіл, 
жапалақтап жауып тұр, аулада қар ұшқыны қалықтайды, олар ағаштарға, жерге 
қонады. 
Табиғатты 
бақылай 
отыра 
сүйіспеншіліктерін 
арттыружыл 
мезгілдерінен айырмашылықтарын түсіндіру, еңбекке тәрбиелеу. 
Сөздік жұмыс: Қыс, суық, боран, аяз, мұз, мамық, ұлпа. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет