88
2 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
мен тұжырымдамалық негіздері
2.1
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық
негіздемесі және оны жүзеге асыру шарттары
Тұжырымдаманың негіздемесі. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты-жолдауында: «Кішкентай
бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы
ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны
олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға
арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсетті.
Бұл біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңартуға тікелей қатысты және
оған терең талдау жасауға, мәселенің шешімін әзірлеу бағытында көптеген
ғылымдағы іргелі теориялар мен тәжірибелерді зерделеуге, білім мазмұнын
жаңартудың жолдарын іздестіруге, үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы
мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға негіз болмақ. Әдетте ғылыми
зерттеушілердің негізгі проблемалары бірден-бір болжамдары қайта ойлау,
жүйелеу қортындылары мен нәтижелері тұжырымдама түрінде беріледі. Осыған
орай, біз өзіміздің зерттеу проблемамызға байланысты « Мектепке дейінгі білім
беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын» дайындап ұсынып отырмыз.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының теориялық, педагогикалық және
әдістемелік,
әдіснамалық
негіздерінің
қайта
қаралуы
біздің
тұжырымдамамыздың негізгі жаңалығы болып табылады. Бұл тұжырымдама
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы мен ҚР-ның Ата заңына, Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиясының даму бағдарламасы,
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасы, «Қазақ балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы»,
Алматы, 1991, «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін
дамытудың тұжырымдамасы» Алматы. 1997, Қазақстандағы мектепке дейінгі
ұйымдардың қалыптасуы мен дамуында басшылыққа алатын құқықтық
құжаттары: халықаралық балалардың құқығын қорғау конвенциясы, құқық
қорғау деклорациясы, сондай-ақ ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттары: 1 жаспен 6 жас арасындағы балаларды мектепке дейін
тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық
минимумы (Астана 2004 ж), Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі
жастағы балаларға білім беру стандарты (Астана.2007ж), 1999 жылғы 22
қарашадағы №1762 бұйрығына сәйкес «Балаларды міндетті мектепалды даярлау
мәселелері» туралы қаулысының негізгі идеяларына сәйкес келеді. «Қазақ
балабақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасында» - қазақ балабақшалары және
олардың проблемалары, мектепке дейінгі тәрбие жүйесі білім берудің неше
түрлі арналардың күрделі механизмі ретінде қарастырылған және оның негізгі
арқауы, күрделі мәселелерін шешетін балабақша деп есептейді. Аталған
құжаттарда мектепке дейінгі ұйымдарды басқару жүйесін қайта құру, олардың
түрлерін жетілдіру, баланың жеке басының дамуына оқу-тәрбиенің ықпалын
89
арттыру, оның жаңаша бағыттағы жолдарын іздестіру қажеттілігі атап
көрсетілген болатын. Ана тілін - баланың жеке басын дамытудағы басты құрал
ретінде пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру кезек күттірмейтін мәселе деп
қарастырады. Балабақша мен отбасының қарым-қатынасы, педагогикалық
ынтымақтастық, баланы мектепке дайындау мәселесі және педагог кадрларды
даярлау мен қайта даярлауға да басым көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының ғылыми-
әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі мектепке дейінгі ұйымдар
мамандарының арасында туындайтын мәселелерді шешуге негіз болатыны және
педагогикалық саладағы жаңалықтарды әрі қуаттап, әрі таратып отыруға,
эксперименттік жұмыстарды, авторлық жұмыстарды жетілдіруге, мектепке
дейінгі ғылым мен тәжірибедегі шығармашылық ізденістердің жүзеге
асырылуына негіз болады. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын
жаңарту негізінде: білім мазмұнының әрбір жас ерекшелігіне сәйкес болуы;
баланың конституциялық құқығының қорғалуы; болашақ қоғам азаматы
ретіндегі баланың денсаулығын сақтау және өмірін қорғау; гуманистік
сипаттағы білім беру; әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарау; білім беру жүйесі
деңгейлерінің бала дамуының ерекшелігі мен мектепке дайындығына
бейімділігі болуын қадағалау мәселелерін тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктері
қарастырылады.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері:
Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елдің қатарына ену
стартегиясы мен әлеуметтік-экономикалық жаңартудың жаңа кезеңі білім беру
жүйесін одан әрі дамыту қажеттігін анықтайды. Бұл үздіксіз білім беру
жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге
өзгермелі өмірге табысты бейімделуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
мен дамытуға жағдай жасайды. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың көпжылдық
зерттеулері адам интеллектісінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық
дамуында мектепке дейінгі жас кезеңінің маңызды болып табылатындығын
дәлелдеп берді. Осыған орай, тәрбиеші-педагогтардың білім мазмұнын
жаңартудың педагогикалық, әдістемелік негіздері туралы жүйелі түсініктерін
қалыптастыру, қазіргі кезең талаптарына сәйкес шығармашылықпен еңбек ету,
кәсіби шеберліктерін шыңдап отыруға баса назар аудару қажеттілігі туындайды.
Бұл біздің зерттеуіміздің мақсатын төмендегідей айқындауға негіз болды.
Тұжырымдаманың педагогикалық мақсаты: білім мазмұнын жаңартуда жеке
тұлғаның мүмкіндіктерін ескеру және әлеуметтік педагогикалық нәтижелерге
қол жеткізу. Ол әрбір тәрбиеленушінің деңгейін, қызығушылығы мен талап
тілектерін, білім алуды жалғастыруын және баланың мектепке дайындығын
қамтамасыз етуде жаңа білім мазмұнын қалыптастыру. Әлеуметтік мақсаты:
білім мазмұнын жаңарту Қазақстан республикасының әлеуметтік дамуының
маңызды мәселелерін шешуге және рухани, қоғамның мәдени дамуына жағдай
жасауға, баланың жеке басының дамуына, әлеуметтік және өмірлік дағдыларды
90
қалыптастыруды қамтамасыз етуде, әлеуметтік теңсіздікке қарамастан
қоғамның барлық мүшелері білім алу мүмкіндіктеріне ие болу;
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаттарын негізге ала
отырып, оны жүзеге асыруда алға қойған міндеттеріміз:
- баланың денсаулығын сақтау және қорғау, дене дамуын жетілдіру
жұмыстарының мазмұнын қайта қарау, білім мазмұнын жаңарту бағытында:
сауықтыру-шынықтыру шараларын, дене тәрбиесі сабақтарын, ертеңгілік
гимнастика, ойын-жаттығулар мен спорттық ойындарды, жалпы санитарлық
нормалардың сақталуын қадағалау, балаларды салауатты өмір салтын
қалыптастыру құндылықтарына тарту;
- баланың психикалық таным прцестерінің дамуын ескере отырып (сөйлеу, есте
сақтау, зейін, ойлау, ерік, қиял т.б) тілдік қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын молайту, тілін
дамыту, интеллектуалдық дайындығын қамтамасыз ету;
- балалардың ақыл-ойын дамыту, қарапайым математикалық түсініктер
қалыптастыру, көрнекі бейнелі ойлауын, дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыруға баса назар аудару, әр баланың эмоционалдық көңіл-күйін
қамтамасыз ету;
- эстетикалық сезімді ояту, көркемдік талғамын қалыптастыру, еңбекке
тәрбиелеу, өз елінің өнерін сүйюге, көркемөнер туындыларын қабылдай білуге,
музыка, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының айшықты
мәнерін сезінуге тәрбиелеу;
- мектепке дейінгі кезеңде баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай
жасау, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыластарына, өзіне деген қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- өз ойын еркін жеткізуге, ынталылыққа, қызығушылыққа, қоршаған ортамен
таныстыру арқылы дүниетанымдық көзқарасын, шығармашылық қабілетін
дамыту, құрастыру, ойын әрекеті негізінде дербестікке тәрбиелеу;
- білім мазмұнын жаңартуға арналған жаңа оқу - әдістемелік құралдармен
қамтамасыз ету;
- тәрбиеші-педагог маманадарды даярлау, қайта даярлау және олардың жаңа
білім мазмұнын қалыптастырудың құралдары мен тиімді жолдарын меңгеруіне
жағдай жасау;
- меңгерілетін білім мазмұнының біртіндеп күрделенуіне және келесі сатыда
сабақтастық сақталуына баса назар аудару.
Жоғарыда аталған міндеттерге тұжырымдаманың негізгі идеясы алынды.
Аталған білім саласына сәйкес білім мазмұнын жаңарту мәселесі төмендегідей
тірек түсініктерге негізделді:
мектепке дейінгі білім – ерте және мектепке дейінгі жаста балалар үшін үздіксіз
білім беру жүйесінің бірінші деңгейі, ол мектепке дейінгі білім
бағдарламаларының сабақтастықта өзара әрекеттесу жиынын құрайды, олар
мектепке дейінгі ұйымдар желісінде, балалар үйіндегі мектепке дейінгі
топтарда және жетім балалар, ата–анасының қарауынсыз қалған балалар үшін
мектеп интернаттарда, балалар үйінде, мектепалды сыныптарында, мектептен
тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі топтарда жүзеге асырудың жолдары;
91
мектепке дейінгі ұйым – білім беру ұйымы, отбасының балаларды күту
сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған.
Балалардың жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде үйлесімді дамуын,
орта жалпы білім берудің бастапқы сатысына балаларды даярлау, ата –аналарға
өзінің еңбегі мен оқуын ары қарай жалғастыру үшін қажетті жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі жастағы бір жастан алты жасқа дейінгі
балаларды тәрбиелеу оқытуды жүзеге асырады, олардың дене бітімін және
психикалық денсаулығын қорғайды, шынықтырады.
«білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан - жақты дамуын
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі
бойынша білімдер жүйесі»(кешені)
білім мазмұны - әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі әлеуметтік тәжірибенің
бірлескен көрнісі, яғни кешенді жүйе. Осы білім мазмұны арқылы мәдениеттегі
ұласымдылық және қоғамның әлеуметтік дамуы жүзеге асырылады.
мектепке дейінгі білім мазмұны – жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білім, білік,
дағдылар жиынтығы және ол арқылы бала мектепке дайындалып, мектептегі
білім мазмұнындағы сабақтастық сақталып, қоғамның әлеуметтік дамуы жүзеге
асырылады.
білім мазмұнының сабақтастығы – даму үдерісіндегі жаңа мен ескі
арасындағы обьективті қажетті байланыс; тек жаңаға даярлану емес,
сонымен бірге мақсатты ескіні сақтау және дамыту, даму үдерісінің негізі
ретінде ескі мен жаңаның арасындағы байланыс. Сабақтастық – уақыт және
кеңестікте жүзеге асатын үздіксіз даму шарты;
мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама – мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат;
Балабақша–мектепке дейінгі жастағы балаларға жұртшылық тәрбие беретін
ұйым.
Білім беру ортасы – білім беру ұйымының өз іс-әрекетінде тиімді құрал
таңдауда көзге түсетін, осы міндеттерді шешуге көмектесетін, бұл ортаның
балаларды жекелік, әлеуметтік және интеллектуалдық дамуына әсер етуі
арқылы мазмұнын бағалайтын және нақты міндеттердің шешімін анықтайтын
ұйымның ішкі тіршілігінің біртұтас сапалы сипаттамасы.
Кіріктіру – жеке дифференциялық бөліктердің және қызмет жүйесі
байланысының біріктіру жағдайын білдіретін, сондай-ақ осындай жағдайға
әкелетін түсінік.
Құзыреттілік – адамның қоғамдағы тіршілік тәртібін және нормасын барабар
орындауға және өз көзқарасын анықтауға, пайда болған танымдық
проблемаларды өз бетімен шешуге қажетті даму деңгейі.
Мектепалды даярлық – 5-6 жастағы баланың мектепке даярлық бағдарламасын
жүзеге асыру шеңберіндегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің міндетті
бөлігі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін базалық
бағдарламасы – мектепке дейінгі тәрбие беретін ұйымдардың, мектепалды
сыныптардың тәрбиешіленулерінің жас және жеке психофизиологиялық
92
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мазмұнының міндетті минимумын
анықтайтын нормативтік құжат.
Үздіксіз білім беру – барлық жүйе компоненттерінің (мақсаты, міндеті, мазмұны,
әдістері, құралы, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру формасы) бала
дамуында білім берудің әр сатысының байланысын қамтамасыз етуі, бірлігі
және келешегі.
Тұжырымдама – сол немесе басқа да құбылыс барысын түсіну көзқарас жүйесі,
бірыңғай, түпкі ойды анықтайтын, қандай да болмасын шығармадағы немесе
ғылыми жұмыстағы бастапқы пікір.
Тұжырымдамада ұсынылған тірек ұғымдары мектепке дейінгі білім беру
мазмұнын жаңартудың қазіргі кезеңдегі жағдайына сипатама жасауда және
көкейкестілігін айқындауда негізге алынды.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайы
Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне мазмұндық және
ұйымдастыру жағынан да бірқатар өзгерістер енгізілуде. Мектепке дейінгі білім
беруде отбасы мен қоғамдық сұраныстарға сәйкес баланың жас ерекшелігі мен
дара қабілеттілігін ескере отырып мектепке дейінгі білім беру жүйесі кең
ауқымды қызмет көрсетеді. Балалармен жұмыс істеудің приоритетті
бағыттарын ұстанған балабақшалар ұйымдары даму үстінде, мектепке дейінгі
ұйымдардың жаңа моделі тәжірбиеге енгізіле бастады. (шағын балабақша,
қысқа мерзімдегі шағын орталықтар, жеке меншік балабақшалар т.б), сондай-ақ,
«мектеп-балабақшалардың» көптеп ашылуы оқыту мен тәрбие мазмұнын
жаңартуды және оның сабақтастығын қалыптастыруды, балалармен олардың
ата-аналарына психологиялық қызмет көрсетуде жақсы жағдай туғызылуда.
Педагогикалық қарым-қатынас стиліде жаңартылуда. Атап айтқанда: қатал
талап қоюға шектеу жасалып, оқыту формалары өзгеріп, жаңа инновациялық
технологиялар қолданыла бастады. Бірнеше балама бағдарламалар, авторлық
оқу-әдістемелік құралдар, оқу жоспарлары мен оқыту құралдары жылдан жылға
жетілдіріліп, байытылуда. Білім беру тәжірибесінде қалыптасқан ахуалды
талдау қоғамның өзгерген әлуметтік экономикалық тапсырысына, әрі ғылым
мен ғылыми техникалық үдерістің қазіргі даму деңгейіне сәйкес келетін,
сондай-ақ ұлттық және әлемдік рухани-мәдени құндылықтарды ұштастыра
отырып, орта білім беру жүйесін қайта құру қажет деген қорытынды жасауға
ерік береді. Біріншіден, үзіліссіз білім беру саласының алғашқы сатысы
мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта құру қажеттілігін, екіншіден,
мектепке дейінгі ұйымдардың дамуы мен қалыптасуында тарихи жинақтаған оң
өзгерістердің бәрінде кәдеге асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-әдіснамалық
тұжырымдамаларды, жаңа тұжырымдамалық идеялар мен парадигмаларды
талап етеді.
Мектепке дейінгі саты үзіліссіз орта білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде
оның әзірлік кезеңі ретінде кіреді. Мектепке дейінгі сатыда тәрбие жұмысының
ең бастысы – баланы жалпы және жан – жақты дамыту болып табылады.
93
Баланы дамытудың негізгі тірегі білім мазмұнына тікелей байланысты болмақ.
Бүгінгі таңда білім мазмұнын жаңартудың көкейкестілігінің өзі – мектепке
дейінгі білім беру жүйесінде көптеген түйіні шешілмеген төмендегідей қарама -
қайшылықтар қордаланып қалуында.
–
қоғамды жаңғырту және демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән
рухани өмірінің қайта саралануы мен өткеннің мәдени–тарихи мұрасын қайта
өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық ашылып берілмеуі;
–
мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнының жүйелілігін және
сабақтастығын қамтамасыз етудің білім беру сатыларында сақталмауы;
–
білім мазмұнын жаңартуға арналған төл туынды, авторлық және балама
бағдарламалар мен оның оқу–әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта
дайындау қажеттілігі;
–
білім мазмұнын жаңартуда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық
ізденістері мен кәсіби шеберлігі және белсенділіктерінің төмендігі;
–
білім мазмұнын жаңартуға арналған оқу–әдістемелік кешендерінің жас
ерекшеліктеріне сай дайындалмауы және аздығы;
– балалардың денсаулығын нығайтуға және жағымды эмоционалдық көңіл - күй
туындатылу деңгейінің жеткіліксіздігі; (үш жастан он жасқа дейінгі аралықта ол
өте төменгі деңгейде);
– мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендерге сенімді қарым – қатынасы,
қоршаған ортаға ашық қарауы, өзін-өзі жағымды сезінуінің бұзылуы;
– мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығының дұрыс болмауы,
танымдық қызығушылығы, шығармашылық әлеуеті бастауыш сыныптарда
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;
– баланың ынта – ықыласын арттыру мен жеке дара қабілеттерінің ескерілмеуі;
– балаға жеке тұлға ретінде қарау білім беру үдерісі барысында үнемі ескеріле
бермеуі;
– білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік дағды ретінде
қалыптастырылмауы;
– ата-аналар мен педагогтар баланың өздігінен саналы түрде білім беру жүйесін
таңдауына мүмкіндік бермеуі;
– балабақшаларда жас топтарында балалар санының шектен тыс көп болуы
оқу–тәрбие үдерісін ұйымдастыруда кедергі келтіріп, білім мазмұнын
қабылдауда қиындықтар туғызуда;
– арнайы мамандардың жеткіліксіздігі;
–
білім мазмұнының жеке пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас
тәжірибе жинақтауына кедергі келтіретіндігі;
Осы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында мектепке дейінгі
ұйымдарда білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі туындап, оны арнайы
зерделеуге ден қойдық. Бүгінігі таңда жалпы білім мазмұны азаматтық
қоғамның жаһандану бағытына сай ақпараттандыруды қамтамасыз ету
деңгейіне және демократиялық қоғамдағы жеке тұлғаны қалыптастырудың
талаптарынан кейін қалуда. Білім беру саласындағы реформалар үдерісіне
ілесудің төмендігі байқалады. Білім мазмұнын әр кезеңдерде модернизациялау
барысында жаңа жеке пәндердің ендірілуіне сәйкес оқу сағаттарының санының
94
артуы, апталық жүктеменің көбейтілуі балалардың денсаулығына кері әсер
етуде.
Мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңарту мәселесі білім беру
жүйесінің әрбір сатысында соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиеде әлі толық
өз шешімін тапқан жоқ. Ішінара әртарапты пікірлермен шектеліп жүйелі, бірізді
зерттеу нысанасына алынбай отыр. Білім мазмұнының пәнаралық, пәнішілік
және әрбір сатыдағы сабақтастығының айқындалуы бүгінгі таңда кезек
күттірмейтін
мәселе.
Сабақтастық
–
ғалымдардың
анықтауында
(В.Н.Просвиркин) балабақша мен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің
барлық әдістемелік компоненттерінің үйлесімділігі және әрбір сатыдағы оқу
пәндерінің бөлімдерінің өзара байланысы сондай-ақ, дұрыс қарым – қатынас
сақталуы деп тұжырым жасайды. Бұл тұжырымды жүзеге асырудың жолдарына
тоқталатын болсақ, балабақша мен бастауыш сатының сабақтастығы біріншіден:
аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуын, білім
мазмұнының бірыңғай жүйелі құрылуын, баланың тиімді дамуы арқылы білім
берудің келесі сатысына көшуінің қамтамасыз етілуін қарастырады. Екіншіден:
білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен
үйлесімділігінің болуын қамтамасыз ету қажет (мақсаты, міндеттері, мазмұны,
әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру түрлері). Сабақтастық сақталу үшін
мектепке дейінгі кезеңде – жас ерекшелігіне сәйкес балалардың өзін-өзі
бағалауының сақталуы, баланың танымдық және тұлғалық дамуы, олардың
қоршаған ортамен өзара байланыс жасауға дайындығы, мектепке дейінгі
кезеңдегі іргелі жаңалықтар ретіндегі жетекші әрекеттерінің дамуы
қарастырылады. Ал бастауыш сатыда – мектепке дейінгі кезеңдегі
жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында
жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерді түзетуге
арнайы көмек көрсетуді, жетекші әрекеттер арқылы қоршаған ортамен өзара
қарым-қатынас формаларын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Білім беру
мазмұнының сабақтастығы мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сатыдағы,
негізгі мектеп және кәсіби бағдарлы мектептер мен жоғары оқу орындарында
жалғасын тауып, білім мазмұны үндестік пен үйлесімділік тұрғысынан
қарастырылғанда ғана маңызды болмақ.
Тұжырымдамада мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту мәселесін
қарастыруымыз – негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс
таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен, оны
қалыптастыруда дәстүрлі әдіс-тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты және ол бүінгі
күннің қажеттілігінен туындап отыр. Бұл қажеттілікті қамтамасыз етудегі білім
мазмұнын жаңартудың тиімді тенденцияларын ұсынамыз. Мұндай
тенденцияларға: білім берудің жеке тұлғаға бағытталуы, қоғам дамуы мен
идеологияның өзара байланысының болуы; білім беру траекторияларына сәйкес
және жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктері ескерілетін білім беру
бағдарламаларының көптүрлілігіне біртіндеп өтуі (уақыты, деңгейлері, оқыту
бағыттары бойынша); білім беру ұйымдарының әртүрлі желілерінің көбеюі;
білім мазмұнының жеке тұлғаға бағытталуы; балалардың дамуынан күтілетін
95
нәтижеде
негізгі
құзыреттіліктердің
қалыптастырылуы;
білім
беру
ұйымдарының автономдық деңгейінің көтерілуі, педагогтардың, балалардың
еркіндігінің
дамытылуы;
білім
берудің
ізгілендірілуі
мен
гуманитарландырылуы, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердің
біртұтастығына қадам басуы; білім беру үдерісінің балаларға өзіндік және
шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталуы; жалпы білім
беру мүмкіндіктерін пайдалану ой пікірлердің алуан түрлілігін дамыту үшін
балалардың азаматтығын, құқығын, психологиялық, экономикалық және
экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Білім мазмұнын
жаңарту мәселесін шешуде білім беру саласындағы реформаларды жүзеге
асыруда қалыптасқан жағдайлар мен білім беру жүйесінің дамуындағы оң
тенденцияларды ескеру қажет. Бұл басым бағыттарға сүйене отырып
педагогика ғылымындағы білім мазмұнын таңдаудың төмендегідей өлшемдерін
(критерий) басшылыққа алдық:
- жеке тұлғаны үйлесімді дамытудың және оның мәдениетін қалыптастырудың
біртұтас міндеттерінің қамтамасыз етілуі;
- қоғамдық тәжірибедегі білім беру материалдары, оқу пәндерінің мазмұны
ғылыми және тәжірибелік маңыздылыққа ие болуы;
- білім мазмұнының жас ерекшелігіне сәйкестігі;
- білім мазмұнының көлемі оны оқып, үйренуге кеткен уақытқа сәйкес болуы;
- жалпы білім мазмұнын құруда әлемдік тәжірибелердің ескерілуі;
- білім мазмұнын беруде өлкелік, аймақтық ерекшеліктердің ескерілуі;
- білім беру ұйымдарының материалдық және оқу-әдістемелік базасы бүгінгі
күннің талаптары деңгейіне сәйкес болуы;
Аталған өлшемдерге сай білім мазмұны жалпы және қоғамдық кәсіби
мәдениетті, өзгермелі өмірге бейімделе білуді, білім беру бағдарламаларының
бүгінгі күнгі талаптар деңгейіне сәйкес болуын, әлемдік және ұлттық
мәдениеттің кешенділігін, жеке тұлғаның адам және азамат ретінде
қалыптасуын, қоғамдағы кәсіби мамандардың әлеуетін дамытуды қамтамасыз
етуді көздейді. Білім мазмұны этникалық, діни және әлеуметтік
ерекшеліктеріне қарамастан білім алуға, оны таңдауға ерікті және адамдар
арасындағы өзара түсіністікпен ынтамақтастықты қалыптастырады. Ол
мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріне қатысты міндеттерді қамтиды:
- балалардың тәни және рухани салауаттылығын қорғау және нығайту;
- баланың дара тұлға ретінде дамуына қамтамасыз ету;
- әрбір баланың көңіл-күйінің жәйлі болуына қамқорлық жасау;
- мектепке дейінгі жаста білім мазмұнын жаңарту және оны тәжірибеге енгізу;
- білім беру мазмұны сабақтастығының сақталуын қамтамасыз ету;
- бала дамуына жайлы жағдай жасау, дамытушылық ортаны жабдықтау;
- балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін баланың отбасы мен
немесе қамқоршыларымен бірлесіп жұмыс істеу;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын арнайы мамандармен қамтамасыз ету;
Бұл қызметтер мен олардан туындайтын міндеттер, меншік нысанасына
қарамастан, балабақшалардың мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:
96
- жалпы дамыту тұрпатындағы мектепке дейінгі ұйымдар: оларға
негізінен жалпы тұрпаттағы балабақша;
-
оқу–тәрбие, дене сауықтыру орталықтары: қалпына келтіру
тұрғысындағы мектепке дейінгі ұйымдар;
- есту, көру, ой-санасы кемшін, жүріп-тұру қаракеттері бұзылған
балаларға арналған балабақшалар;
- бойындағы болмашы кемістігінен, тобанаяқтығынан, рухани даму
кенжелігінен, сал болудан, жиі қайталанатын басқа да аурулардан зардап
шеккен балаларға арналған сауықтыру-тәрбие орындары жатады.
Жоғарыда аталған міндеттерді шешуде білім мазмұнын жаңартудың
көкейкестілігін аша отырып туындаған проблемалар жаңа педагогикалық
тұжырымдарды ұсынуға және білім мазмұнын жаңартудың принциптерін
анықтап алуға негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |