Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf просмотр
бет1/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы 
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын  жаңартудың  
педагогикалық - әдіснамалық негіздері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана, 2010 
 

 

УДК 
ББК 
Ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пікір білдіргендер: 
Сейітқазы П.Б. – п.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. 
Жиенбаева С.Н. –п.ғ.д., Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университеті. 
 
 
Ф.Н.Жұмабекова 
Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын  жаңартудың әдіснамалық 
негіздері. Монография – Астана, 2010. 250 бет 
 
 
 
ISBN 
 
    Монографияда мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми  - 
педагогикалық  негіздері  айқындалып,  оның  әлемдік  тәжірибедегі  мәні  мен 
маңызына  жан-жақты  талдау  жасалған.  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі 
ұйымдардағы  білім  мазмұнының  дамуының  басым  бағыттары  мен 
қалыптасуының  қазіргі  жайы  қарастырылған.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
мазмұнын  жаңартудың  тұжырымдамасы,  моделі  жасалып,  негізгі  бағыттары 
нақты  көрсетілген.  Білім  мазмұнын  жаңартуда  бірлескен  іс-әрекеттерді 
ұйымдастыру логикалық-психологиялық проблема тұрғысынан қарастырылып, 
білім  мазмұнын  жаңартуда  инновациялық  технологияларды  пайдалану, 
тәрбиешінің  кәсіби  құзіреттілігін  жетілдіру,  шығармашылығын  дамыту 
жолдары қамтылып, педагогикалық жүйесі жасалған.  
    Монография  ізденушілерге,  оқытушыларға,  магистранттарға  тәрбиеші 
педагогтарға және студенттерге арналады. 
 
 
 
 
 
 
 

 

Мазмұны 
     Алғы сөз 
 
1
 
Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын 
жаңартудың теориялық-әдіснамалық негіздері 
 
1.1
 
 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми  - педагогикалық  
негіздері 
1.2
 
 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының әлемдік тәжірибедегі мәні 
      мен маңызы 
1.3 Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнының     
      дамуының басым бағыттары мен қалыптасуының қазіргі жайы 
1.4 Білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру     
      логикалық - психологиялық проблема 
 
2 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мен    
   тұжырымдамалық негіздері 
 
2.1 Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық     
      негіздемесі және оны жүзеге асыру шарттары 
2.2 Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартудың моделі 
2.3 Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың»    
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының сипаттамасы  
 
3  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  мазмұнын  жаңартуда  инновациялық 
технологияларды пайдалану мүмкіндіктері 
 
3.1  Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды 
      пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамыту   
3.2  Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің     
      инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін    
      жетілдіру бағыттары 
3.3 Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны    
      және оны тиімді пайдаланудың технологиясы 
 
Қорытынды 
Әдебиеттер тізімі 
Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 
 

 

Алғы сөз 
 
    Қазақстан республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-
жаңа  экономикалық  өрлеу  -    қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  халыққа 
жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен  және тәрбиемен қамтамасыз 
етуді  арттыруға  бағытталған  Балапан  арнайы  бағдарламасын  әзірлеп,  іске 
асыруға  кірісуді  тапсырамын.  2020  жылға  қарай    орта  білім  беруде  12  жылдық 
оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды 
қабылдауы тиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы 
заманғы  оқу  бағдарламаларын  кейіннен  оларды  бүкіл  республика  бойынша 
енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін 
қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны 
жүзеге  асырудағы  басым  бағыт  білім  беруді  жаңарту  –  Қазақстанның  бәсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында.  
Білім  берудің  бағыт–бағдары  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңында, 
Қазақстан–2030  стратегиялық  бағдарламасында,    Қазақстан  Республикасының 
2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында,      Қазақстан 
Республикасының  2010  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген.   
     Қоғам  дамуындағы,  заман  ағымындағы  болып  жатқан  соңғы  өзгерiстер  мен 
бiлiм  беру  саласының  алғашқы  сатысы  болып  саналатын  мектепке  дейiнгi 
ұйымдарда  болашақ  ұрпақтың  дүниетанымын  дамытуға,  жеке  тұлға  ретiнде 
қалыптастыруға  сәбилiк  шақтан  бастап  толық  жағдай  жасауды,  тәрбиелеу  мен 
бiлiм  беруге  аса  жауапты  қарауды  басты  мiндет  етiп  қойып  отыр.  Аталған 
мiндеттердi  шешуде  кезек  күттiрмейтiн  мәселелердiң  бiрi  ретiнде  мектепке 
дейiнгi  кезеңде  білім  мазмұнын  жаңартуды  қамтамасыз  етудiң  жолдарын  
нақтылаудың маңызы зор.  
Ұлттық  негіздегі  білім  беру  ұйымдарының  мәнi  өз  шәкiрттерiне  халқының 
мәдениетiн терең де жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет 
пен  мақтаныш  сезiмiн  сiңiре  бiлудi  басқа  ұлттардың  мәдениетiн  қадiрлей 
бiлумен  ұштастыру  болып  табылады.  Осы  орайда,  өз  заманымыздағы  ғылым 
салаларынан  түгелдей  хабардар  болған  аты  әйгiлi  ақын,  философ,  қоғам 
қайраткерлерi түркi халықтарының мәдени рухани мұраларымен таныстыруды 
жөн көрген, қасиетті қағидалар мен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби, 
Ж.Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати сынды т.б 
ойшылдардың  педагогикалық  ой  тұжырымдарынан  нәр  аламыз.  Өткеннiң 
тәжiрибесiн  бүгiнмен    жалғастыра  озық  өнегелi  рухани  дәстүрдi  ұрпақтан-
ұрпаққа  жеткiзу  үдерiсi  үнемі  жүрiп  отырады.  Бұл  үдерiссiз  қоғамның 
өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес. 
    Ұлт мәдениетiнiң маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигiзер 
әсерi,  білім  беру  туралы  ой-пiкiрлердiң  қалыптасуына  Ш.Уалиханов, 
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Т.Шонанов,  Ә.Бөкейханов  сынды  халқымыздың  
ағартушылары мен  өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болды.  Өз халқына 
бiлiм  мен  өнер  сәулесiн  шашқан  Н.Құлжанова,  М.Бегалиева,  М.Ниязова, 

 

Ш.Иманбаева  сияқты  қазақ  әйелдерiнен  шыққан  алғашқы  қарлығаштар  өз 
еңбектерiнде  жас  ұрпақ  тәрбиесiнiң  өзектi  мәселелерiне  байланысты  айтқан 
құнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ. 
    Педагогика  ғылымының  дамуы  барысында  тәрбиенің  мақсаттары  туралы 
мәселені  қоғамның  даму  заңдылықтарымен  байланыстырды  және  жас 
ұрпақтың  жан–жақты  дамуын  педагогикалық  тұрғыда  дәлелдеп  берген 
ағартушы–педагогтар:  Т.Мор,  Т.Кампанелла,  Р.Оуэн,  Сен–Симон,  Ш.Фурье, 
Ж.Ж.Руссо,  
И.Ф.Гербарт,  И.Г.Песталоции,  А.Дистерверг,  К.Д.Ушинский,  Д.Дьюи, 
Г.Кершенштейнер, В.Лай т.б зор еңбек сіңірді.  
    Х1Х–ХХ  ғғ.  аралығында  дидактиканың  дамуына  үлес  қосқан  ғалымдар: 
П.Ф.Каптерев,  С.Т.Шацкий,  П.П.Блонский,  А.К.Гастев,  А.П.Пинкевич, 
М.М.Пастрак, 
П.Н.Груздев, 
А.М.Данилов, 
Ш.И.Ганелин, 
Е.Я.Голант, 
Л.В.Занков,  Б.П.Есипов,  М.Н.Скаткин  т.б  оқытудың  ғылыми  негіздемесіне, 
обьектісі мен пәнін анықтауға, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын 
табуға,  зерттеудің  әдіснамасын,  оқыту  әдістері  мен  дидактиканың  басқа  да 
мәселелерінің 
дамуына 
В.С.Ильин, 
В.И.Загвязинский, 
В.В.Краевский, 
И.Я.Лернер,  В.С.Леднев,  М.И.Махмутов,  П.И.Пидкасистый,  И.Ф.Харламов  т.б 
маңызды  үлес  қосты.  Олардың  дидактикаға  қосқан  үлесі  басқа  зерттеушілер 
сияқты,  қазіргі  уақытта  білім  мазмұнын  жаңартуда  туындайтын  көкейкесті 
мәселелерге жауап табуға мүмкіндік жасайды.  
   Зерттеу  мәселесінің  әдіснамалық,  теориялық  негіздері  философия  ғылымы 
бойынша:  Ә.Нысанбаев,  Қ.Шүленбаев,  А.Кішібеков,  Ғ.Есімов,  С.Нұрматов, 
А.Қапышев,  М.Орынбеков  т.б,  шетел  философтары:  Л.М.Архангельский, 
Б.С.Гершунский,  Г.Гегель,  Декарт;  Д.Дьюи,  Г.Н.Исаенко,  Г.Л.Смирнова, 
И.Кант, С.Ю.Колчагин, А.Г.Харчаева, В.Я.Ядова еңбектерінде көрніс тапқан. 
 Тәуелсiз  мемлекеттер  достастығы  елдерiнде  балабақшадағы  білім  мазмұнына 
байланысты  мәселелерді  әр  қырынан  қарастырған  ғалымдар:  Р.Абдухадирова, 
З.Д.Киекбаева, 
Э.Х.Мурадов 
(Өзбекстан), 
А.М.Магомедов, 
(Дағстан), 
Ж.М.Оразбаева,  М.Рахимова  (Қырғызстан),  С.М.Раймова  (Татарстан)  т.б.  Бұл 
зерттеулердiң  бiз  үшiн  құндылығы,  әр  ұлттың  білім  беру  мен  тәрбие 
мәселесіндегі  белгiлi  бiр  мақсатқа  жету  барысында  пайдаланған  мазмұндары 
мен әдiс-тәсiлдерiн көрсететiн жетекшi құрал бола алатындығында.  
    Қазақстанның  білім  саласының  жағдайы  мен  болашағы  жайлы  ғалымдар  өз 
зерттеулерінде жан-жақты зерделеген. Атап айтқанда: педагогика ғылымының 
дамуы  мен  қалыптасуын,  А.І.Сембаев,  Қ.Бержанов,  К.Қ.Құнантаева, 
А.І.Ілиясова,  Г.М.Храпченков,  К.Ж.Ибраева  т.б  қарастырса,  жоғары  мектепте 
педагог мамандарды кәсіби дайындауға байланысты проблемалардың бірқатар 
аспектілерін 
қарастырған 
ғалымдар: 
Т.С.Садықов, 
Т.С.Сабыров, 
М.Н.Сарыбеков,  М.Ә.Құдайқұлов,  Қ.К.Жампейісова,  Г.А.Уманов,  К.Успанов 
т.б  болашақ  мамандарды  дайындаудағы  біртұтас  педагогикалық  үдерістің 
теориясы мен әдістемесін: Г.К.Ахметова, Қ.А.Аймағамбетова, А.А.Бейсенбаева, 
Ғ.Кертаева,  Л.К.Керімов,  Е.Ө.Жұматаева,  Б.Ы.Мұқанова  т.б,  мұғалімдердің 
зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты: Ш.Т.Таубаева, З.Исаева, 
кәсіптік  білім  беру  және  оны  жетілдіру  жолдары  жайында:  С.Ә.Аманжолов, 

 

С.Б.Ә.Әбдікәрімов, 
Ә.Б.Әлмұхамбетов, 
А.П.Сейтешов, 
Б.К.Момынбаев, 
К.Ө.Өстеміров  т.б,  салыстырмалы  педагогика  мәселелерін:  А.Қ.Құсайынов, 
Қ.Мусин,  Г.Қ.Нұрғалиева  т.б,  қазақ  этнопедагогикасы  негізінде  жеке  тұлғаны 
дамыту  мәселелерін:  Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ.Қалиев,  Ә.О.Қамақов,  С.Ғ.Ғаббасов, 
С.А.Ұзақбаева, 
К.Ж.Қожахметова, 
Р.К.Төлеубекова, 
Ж.Ж.Наурызбай, 
Ә.Табылдиев, Х.Қ.Шалғынбаева т.б еңбектерінде кеңінен талдау жасалған. 
    Мектепке дейінгі білім мазмұнын балалардың қабылдауы, есте сақтауы және 
қарымқатынастың  танымдық  рөлі,  баланың  қызығушылығы  мен  талап 
тілектерін  орындауға  байланысты  зерттеу  жүргізген  психолог  ғалымдар: 
Б.Г.Ананьев,  Л.С.Выготский,  М.И.Божович,  А.В.Запорожец,  Е.Е.Кравцова, 
Л.А.Венгер, А.Н.Леонтьев, Г.А.Урунтаева, Е.О.Смирнова, В.Д.Шадриков т.б. 
    Республика  көлемiнде  мектепке  дейiнгi  тәрбиенiң  ғылыми-теориялық    және 
әдiстемелiк  мәселелерiн  зерттеген  еңбектерде  атап  айтарлық.  Олар: 
В.Андросова,  Р.К.Аралбаева,  Б.О.Арзанбаева,  Ә.С.Әмiрова,  Б.Б.Баймұратова, 
Н.Б.Баримбеков, 
С.Г.Бәтiбаева, 
Л.А.Давиденко, 
М.С.Сәтiмбекова, 
Р.Ж.Жұмағожина, 
А.К.Меңжанова, 
Қ.М.Меңдаяқова, 
Г.Ж.Меңлiбекова, 
А.Е.Манкеш, 
М.Т.Тұрыскелдина, 
Т.Ж.Қалдыбаева, 
Н.Д.Храпченкова, 
Т.И.Иманбеков, Ж.А.Исмайлова, Ш.С.Сапарбаева, Т.А.Левченко, Ғ.З.Таубаева, 
С.Н.Жиенбаева, Г.М.Метербаева, А.Ж.Салиева, Н.С.Сайлауова т.б.  
    Бұл  ғылыми  педагогикалық  еңбектердiң  құндылығы  олардың  өте  бай 
архивтiк  материалдар  негiзiнде  жазылғандығында  және  республикамыздағы 
мектепке  дейiнгi  ұйымдардың iс-тәжiрибесiнiң  жетiстiктерi  мен  кемшiлiктерiн 
талдап,  оқу-тәрбие  жұмыстарының  мазмұнын,  әдiс-тәсiлдерiн  жаңартуда 
басшылыққа алатын оқу-әдiстемелiк құралдары мiндетiн атқаруында. 
    Мектеп  жасына  дейiнгi  балаға  көркемөнер  арқылы,  яғни бейнелеу  іс-әрекеті 
мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тәрбие беру мазмұнын ғалымдар: 
Т.Н.Доронова,  В.С.Ветлугина,  В.А.Езикеева,  В.М.Изгаршева,  В.Б.Косминская, 
Т.С.Комарова,  Т.Г.Казакова,  Н.П.Сакулина,  Н.Б.Халезова,  С.Г.Якобсон  т.б. 
зерттедi.  Көркемөнер  мен  эстетикалық  тәрбиенiң психологиялық  аспектiлерiн: 
Б.Г.Ананьев, 
Л.Выготский, 
Е.И.Игнатьев, 
А.Н.Леонтьев, 
Б.М.Теплов, 
П.М.Якобсон,  А.В.Запорожец,  В.С.Мухина,  А.Люблинская,  В.Кравцова 
зерттеулерiнде  қарастырылған.  Қазақстанда  психологиялық  мәселелердi 
зерттеуде С.Балаубаев, Т.Тәжiбаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Х.Шерязданова, 
М.Жакупов, Ж.Намазбаева, А.А.Нурахунова т.б еңбектерi жарық көрген.  
    Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған: Баймұратова Б.Б, 
Сәтімбекова М.С, Бәтібаева С.Г, Ә.С.Әмірова, Жұмабекова Ф.Н.т.б «Балбөбек», 
Татаурова  Н.Л  т.б  «Мектепалды  дайындық»,  Берғалиева  А.Б,  «Жеке  тұлға», 
М.И.Нүсіпбекова,  «Қарлығаш»,  Доронова  Т.Н,  Левченко  Т.А,  «Қайнар», 
Т.М.Калашникова,  Г.Н.Новогренко  т.б  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала»,  «Біз 
мектепке  барамыз»  т.б  авторлық  бағдарламалар  тәжірибелік  байқаудан 
өткізілсе,  Ресейде  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  арналған  төмендегідей 
бағдарламалар  тәжірибеге  енгізілген:  Л.А.Венгер,  О.М.Дияченко  «Развитие», 
Т.Н.Доронова  «Радуга»,  В.И.Логинова,  Т.И.Бабаева  «Детство»,  К.В.Тарасова 
«Одаренный ребенок», Т.И.Ерофеева «Из детства в отрочества», Л.Г.Петорсон 
«Игралочка», «Раз ступенка, два ступенка», «Старт», «Наследие», «Гармония» 

 

т.б.  Аталған  бағдарламалар  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңартуда 
басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжат болып отыр.  
    Мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  бастауыш  мектептiң  білім  мазмұнының 
сабақтастығын жаңаша тұрғыда, қазiргi экономикалық, әлеуметтiк жағдайларға  
байланысты 
шешудiң 
бiрқатар 
жолдарын 
қарастырған 
ғалымдар: 
Н.И.Алексеева,  Е.А.Аникудимова,  Ж.Арутюнян  Р.Афанасьева,  Р.Буре, 
Т.Васильева, З.Грачева, Д.Гуламирян, С.И.Волкова, Т.К.Воробьева, Т.Н.Зотова, 
М.Х.Мизова, В.Нечаева, В.Неменский, А.Леушина, Т.Тарунтаева, В.Кравченко, 
Р.Стеркина, Р.Саввина, С.Степанова, Л.Смагина, А.Смоленцова, А.М.Счастный, 
А.Усова, 
С.Улитко, 
Л.Румянцева, 
Т.Репина, 
Р.Руга, 
Г.К.Широкова, 
А.Шабалинова,  Л.А.Парамонова,  И.Попова,  В.Н.Просвиркин,  Е.А.Конобеева, 
З.А.Климентьева, 
Т.Чепель, 
Р.Чумичева, 
Н.А.Федосова, 
Т.Яковенко, 
Н.Янковский т.б. еңбектерінің маңызы зор. Бүгiнгi күнге дейiн білім мазмұнын 
жетілдіруде  аударма  әдебиеттердi  пайдалануға  мәжбүр  болудамыз.  Бұл 
мәселелер  мектепке  дейiнгi  кезеңдегі  білім  мазмұнын  жаңартуда  айтарлықтай 
кедергi  туғызып  отыр.  Бiлiм  мазмұнын  анықтауда  мектепке  дейiнгi  кезеңдегі 
барлық  қарапайым  білім  негіздерімен  қамтамасыз  ететін  пәндердiң  өзара 
мазмұн  үндестiгiн  қарастыру  арнайы  зерттеудi  қажет  етедi.  Бүгінгі  таңда 
мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  көптеген  түйіні  шешілмеген  мәселелер 
қордаланып қалғаны белгілі. Солардың ішінде баса назар аударатыны мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту ең негізгі, маңызды мәселелердің 
бірі болып отыр.  
    Алайда  жоғарыдағы  аталған  ғылыми  зерттеулер  мен  мәселені  шешу 
барысындағы  жүргізілген  педагогикалық  зерделеулер  түрлі  бағытта 
қарастырылғанымен мектепке дейінгі бiлiм мазмұнын жаңарту, мақсаттары мен 
мiндеттерiн айқындау, тұжырымдамалық негіздерінің дәйектi дәлелденбегендiгi 
арнайы  зерттеу  нысанасы  болмағандығын  көрсетеді.  Қоғамды  жаңғырту  және 
демократияландыру  үдерісінде  әр  ұлттың  өзіне  тән  рухани  өмірінің  қайта 
саралануы, өткеннің мәдени–тарихи мұрасын қайта өркендету мәселесінің білім 
мазмұнында толық ашылып берілмеуі, білім мазмұнын жаңартуға арналған төл 
туынды,  авторлық  және  балама  бағдарламалар  мен  оның  оқу–әдістемелік 
кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі, білім мазмұнының 
жеке  пәндік  мазмұндарға  бөлшектенуі  баланың  тұтас  тәжірибе  жинақтауына 
кедергі 
келтіретіндігі 
анықталды. 
Мемлекеттік 
стандартпен 
оқу 
жоспарларының  талаптарының  біржақтылығы  мен  балаға  берілетін  білім 
мазмұнына  қойылатын  талаптардың  үйлесімділігінің  сақталмауы,  балаларға 
білім  беру  мазмұны негізінде  білім,  білік,  дағдылардың  өмірлік  дағды  ретінде 
қалыптастыруда  тәрбиеші  педагогтардың  шығармашылық  ізденістері  мен 
кәсіби  шеберлігін  шыңдай  түсу  қажеттілігі  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  жеке 
тұлғаға  бағытталған  тұтастық  парадигмасын  жаңа  сапалық  деңгейде  жүзеге 
асыруды қажет етеді. Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің көкейкестілігінің бір қыры 
білім  мазмұны  жаңа  тұрпатты  біліммен  ғана  емес,  жаңа  икемділіктермен  де 
байи түсуі қажеттілігі туындауында.  Монографияда мектепке дейінгі кезеңдегі 
білім  мазмұнын  жаңартудың  әдіснамалық  негіздері  заман  талабына  сай 
зерделенді. 

 

1
 
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім мазмұнын 
жаңартудың теориялық-әдіснамалық негіздері 
1.1
 
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми - 
педагогикалық негіздері 
 
    Бүгінгі  таңда  болашақ  ұрпаққа  білім  беруде  жас  өркеннің  болмыс  бітімі, 
талғам  таразысы,  талап  деңгейін  айқындай  отырып,  оларға  нені  оқыту  керек, 
қандай  білім  беру  керек  деген  мәселені  нақтылап  алу  қажет.  Ол  үшін  білім 
мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап 
отыр.  Білім  мазмұны  тарихи  сипатқа  ие.  Олай  дейтін  себебіміз,  ол  қоғам 
дамуының  қай  кезеңінде  болмасын  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттерін 
айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол 
өмір  талаптарының  ықпалымен,  өндірістің  және  ғылыми  білім  деңгейінің 
дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.  
    Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  әр  жылдардағы 
халыққа  жолдауы-әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын 
мемелекеттік  құжаттың  бірі.  Бұл  жолдаудың  негізіне  түрлі  реформалармен 
қатар  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеру,  әлемдік  білім 
кеңестігіне  толығымен  кірігу  және  қоғамымыздың  басты  байлығы-жас 
ұрпақты  дамыту  үшін  қажетті  жағдай  жасау  жолымен  оның  ой-өрісін 
кеңейтіп,  жан-дүниесін  байыту,  жалпы  және  кәсіптік  білім  алуы  үшін 
мүмкіндіктер жасау туралы мәселелер қойылып отыр.  
    2007  ж 15  тамызда  жарияланған  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы 
Заңының» Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: «Білім 
беру  мазмұны–жеке  адамның  біліктілігі  мен  жан-жақты  дамуын 
қалыптастыру  үшін  негіз  болып  табылатын  білім  берудің  әрбір  деңгейі 
бойынша білімдер жүйесі» (кешені)–деп атап көрсетілген.    
    Республика  көлемiнде  бiлiм  беру  саласындағы  түбiрлi  өзгерiстерге  сәйкес 
«Бiлiм  туралы»  заңды  жүзеге  асыруда  бiрқатар  шаралар  ұйымдастырылуда. 
Олар: мектепалды даярлық тұжырымдамасы, мектепалды сыныптарының және 
мектепке  дейiнгi  ұйымдардың  базистiк  оқу  жопары,  мiндеттi  мектепалды 
даярлығын  ұйымдастыру  жөнiндегi  нұсқаулар,  мектеп  жанында  6-7  жастағы 
балаларды  мектепалды  даярлаудың  бағдарламасының  әзiрленуi.  Аталған 
құжаттарды  мiндеттi  түрде  пайдалануды  жүктейтiн  бiлiм  және  ғылым 
министрлiгiнiң № 96, 97 бұйрықтары жарияланды.  
    Қазақстан  Республикасы  "Білім  туралы  заңының"  23-бабына  және  1999 
жылы 22 қарашадағы 1762 бұйрығына сәйкес "Балаларды міндетті мектепалды 
даярлау мәселелері" туралы қаулысы, оның ережесі және тұжырымдамасының 
ұсынылуы,  балаларды  мектепке даярлау  бүгінгі  таңдағы  ең  өзекті  мәселе 
екендігін  көрсетеді.  Отбасында  және  балабақшада,  мектеп  жанында 
баланы  мектепке  даярлау  бағдарламаларының  (1998,  1999,  2000),  оқу-
әдістемелік  құралдарының  жарық  көруі  тәрбиеші-педагог  мамандарды 
даярлау  мәселесінің  сан  қырына  жаңаша  қарауды  талап  етіп  отыр,  бұл 
мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұнын жаңартуға елулі ықпал етеді.  

 

    Білім  мазмұнының  қалыптасуының  материалдық  теориясының  негізін 
Я.А.Коменский  салған.  Оның  «Ұлы  дидактика»  атты  еңбегінде  «бәрін  бәріне 
оқыту  өнері»  ретінде  және  оның  құрамында  «жан-жақты  моральдікке 
бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін 
қарастырған. Я.А.Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру 
туралы  «Ана мектебі»  деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі  тәрбие  жөнінен 
дүние  жүзінде  бірінші  бағдарламалық  құрал  болды.  Ол  балалардың 
денсаулығына  және  дене  дамуына  мұқият  қамқорлық  жасауға,  жаңа  туған 
сәбиді  күтіп,  баптауға,  баланың  тамағы,  киімі,  күн  режімі  туралы  халық 
тәжірибесі мен  өз  заманындағы медицинаға  сүйенетін ұсыныстар жасады.  Ол 
адамгершілік  нормаларды  игерту,  іс–әрекет  етуге  талаптанушылық,  еңбек 
сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүрушілік, сыпайылық т.б қасиеттерді 
тәрбиелеу  жөніндегі  ұсыныстары  құндылығын  жойған  жоқ.  Сондай–ақ, 
мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық 
кезеңі  ретінде  қарады  және  мектеп  жасына  дейінгі  бала  игеруге  тиісті 
қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей–текжейлі белгілеп берді. 
Бұл бүгінгі таңда біздің зерттеуімізге сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағытын 
айқындауға негіз болмақ. 
    Педагогикалық  теория  негіздерінің  қалыптасуында  Ежелгі  Грецияның  аса 
көрнекті  философтары  Платон  мен  Аристотель  көзқарастарының  ерекше 
маңызы  болды.  Платон  тәрбие  мен  оқытудың  мәні,  қоғамдық  құрылым  мен 
тәрбиенің  қатынасы  сияқты  аса  маңызды  педагогикалық  ұғымдардың 
анықтамасын  берген.  Ол  балаларды  ерте  бастан  тәрбиелеудің  мемлекеттік 
жүйесі  туралы  идеяны  ұсынды.  Платон  ойынды  тәрбие  берудің  маңызды 
құралы  деп  қарады,  балаларды  тәрбиелеумен  шұғылданатын  адамдарға 
қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.  
    Аристотель  жеке  адамның  дене,  ақыл–ой  және  адамгершілік  тәрбиесін 
қамтитын  үйлесімді  даму  идеясын  тұжырымдады.  Ол  тәрбиенің  табиғи 
дарындылығына  үлкен  мән  берді.  Ол  мектепке  дейінгі  кезеңді  жеке  адамның 
қалыптасуындағы  ерекше  және маңызды деп  бөліп  қарады.  Бұл кезеңде  оның 
пікірі  бойынша,  алуан  түрлі  ойындармен  қатар  ақыл  ойды  дамытатын 
әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан  бастап мақсатты түрде 
мектепке даярлау керек–деп тұжырым жасаған болатын.  
    Мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясының  қалыптасуына  рим  педагогы  Марк 
Фабий Квиантилиан жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық 
трактат–педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Ол балалардың 
бойында  ең  әуелгі–бастапқы  түсініктердің  қалыптасуына  қоршаған  ортаның 
әсер  ету  маңызын  атап  көрсетті,  ата–аналарға  және  педагогтарға  биік 
адамгершілік,  жақсы  да  дұрыс  тіл  білуді  талап  етті.  Мектепке  дейінгі  жаста 
балалармен  жүйелі  сабақ  жүргізу  мүмкіндігі  бар  деп  есептеді.  Алайда  соның 
өзінде  берілетін  білім  ауқымы  кең  болмауға  тиіс,  оны  беру  әдістемесі  «бала 
сүйіп үлгермеген оқуды жек көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл 
күйін, ынтызарын туғызу керек–дейді.  
    Х!Х ғасырдың  екінші  жартысыында–ХХ ғасырдың басында  Европада неміс 
педагогы  Ф.  Фребельдің  мектепке  дейінгі  тәрбие  теориясы  кең  таралды.  Ол 

 
10 
«балалар  бақшасы»  деген  терминді  енгізді,  бұл  дүние  жүзінде  жаппай 
қабылданды.  Сондай–ақ,  тәрбиеші  әйелді  Фребель  «баулушы»  деп 
атағандығынан  оның  балаларға  деген  сүйіспеншілігі,  педагогтарды  баланың 
есеюіне  және  дамуына  көмектесуге  шақырғаны,  мақсатты  педагогикалық 
ықпалдың  маңызына  жоғары  баға  бергені  айқын  көрінеді.  Ол  балалардың 
жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім  мазмұнымен таныстыру қажеттілігін 
атап  көрсеткен.  Оның  идеялары:  мектепке  дейінгі  тәрбиені  насихаттау  және 
балалар  бақшаларын  кең  тарату,  мектепке  дейінгі  мекемелердің  жұмысының 
теориясын  бірінші  болып  жасап,  мектепке  дейінгі  педагогикалық 
ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды.  
    Дидактикалық 
формализм  теориясы  бойынша:  ХУ111  ғ.аяғында 
Э.Шмидтің  «Эмпирикалық  психология»  және  А.А.Немейердің  «Тәрбиелеу 
және  оқытудың  ұстанымдары»  атты  еңбектерінде  қарастырылған  формалді 
теория  білімнің  мазмұнын  қалыптастырудың  формальді  теориясы  ретінде 
тұтас  қалыптасты.  Бұл  теорияны  ерте  уақытта  Гераклит  пен  Цицерон 
басшылыққа  алса,  уақыт  өте  келе  бұл  бағытты  И.Кант  пен  И.Г.Песталоции 
дамытты.  Педагогика  ғылымында  В.В.Краевскийдің  еңбектерінде  білім 
мазмұны түрлі  тұжырымдамалары  бар деп  көрсетілген,  олардың тамырлары 
өткен  формальді  және  материалды  білім  теориясына  негізделген.  Бұлардың 
әрқайсысы адамның әлемдік білім кеңістігінде және қоғамдағы қызыметімен 
тығыз байланысты қарастырады.  
    Білім  мазмұнының  демократиялық  қоғамда  өз  бетімен  ойлайтын  адам 
қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын ұсынады. 
Бірінші  тұжырымдама:  білім  мазмұнының  педагогикалық  бейімделген 
ғылым  негізері  мектепте  оқытылады,  бірақ  басқа  жеке  қасиеттерді: 
шығармашылық қабілет, таңдай  білу  еркіндігі,  өз  бетінше  дербес әрекет  ете 
білу,  адамдарға  адалдық  қарым-қатынас  ескерілмей,  сыртта  қалады.  Бұл 
көзқарас  оқушыларды  ғылымға  немесе  өндіріске  үйретуге  саяды  да,  ал 
демократиялық  қоғамда  өз  бетімен  тіршілік  етуге,  үйретілмейді.  Адам 
өндіріс факторы ретінде бейнеленеді. 
    Екінші тұжырымдама: оқушылар білім мазмұнында білімнің, іскерлік пен 
дағдының  жиынтығын  меңгеруі  қажет.  «Білім  мазмұны»  деп  оқыту 
барысындағы  ғылыми  білімдер,  тәжірибелік  іскерліктер  мен  дағдыларды, 
сондай-ақ, 
дүниетанымдық 
көзқарастың, 
адамгершілік 
идеялардың 
жиынтығы деп түсіну керек - деп тұжырымдайды. 
   Үшінші  тұжырымдама:  В.В.Краевский,  И.Я  Лернер,  М.Н.Скаткиннің 
еңбектерінде  ғылыми  негізде  көрсетілген.  Білім  мазмұны  осы  авторлардың 
педагогикалық  бейімделген  әлеуметтік  тәжірибе,  гуманистік  ойлау 
пайымдауларына сай жасалған.  
    Осы тұжырымдама бойынша:  

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет