108
түспейтін тұрақты тіркестер қазіргі жазба əдебиетте жəне қалың
көпшіліктің сөйлеу мəдениетінде қандай ерекшеліктермен көрінеді де-
ген сұрақ қашан да өзекті болмақ. Əсіресе, сөйлеу мəнері көмескі тар-
тып бара жатқан жастар тілінің қазіргі хал-ахуалы туралы мəселе, тіпті
ана тілінде сөйлейтіндердің тіл байлығы мен тіл тазалығы қазіргі қазақ
ұлтының соқталы проблемаларына айналды. Бұл ХХ ғасырда дендеген
ауру, ХХI ғасырда тамыр жайып кетті.
Тіл – ұлттың жаны. Бұл аксиомаға айналған қағида. Өз ана тілінің
мəнерлі де бейнелі сөздерінен хабарсыз, махрұм болып өскен ұрпақтар
тілі қазақ сөйлеу мəдениетінің ежелден келе жатқан би-шешендер
дəстүрін қорғауға, жетілдіруге, насихаттауға, бір сөзбен айтқанда
ұлтының образды сөйлеу ерекшелігін сақтауға тиіс еді. Алайда дəл
бүгінгі қазақ жастарының сөйлеу мəдениеті мүлдем бөлек арнаға түсті,
мұның барлығы билингвизмнің əсері деуге болады.
Кітап оқуды мүлде қойған қазіргі жастар тілінің жұтаңдығы, қысқа
қайырыммен сөйлеуі, ойларын жеткізудегі мəнерлілігінің жоқтығы күн
санап, уақыт озған сайын тереңдеп барады. Кезінде ата-анасының əке-
шешесі, оның ата-бабасы, оның арғы бабалары сөйлеген ұлттың нəрлі тілі
бүгінгі күнде қан сөлінен айырылып, мəнерлілігі азайып кетті. Бұл ере-
сектерге де, жастарға да тəн көрініс болғаны ақиқат. Тіпті алдымыздағы
студент шəкірт, мəселен, мына фразеологиялық тіркестерді:
Достарыңызбен бөлісу: