Монография «Елтаным баспасы»


Профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының ғылыми зерттеу



Pdf көрінісі
бет162/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының ғылыми зерттеу 
саласы: қ
азақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, лингвомəдениеттану 
жəне мəтін лингвистикасы. 300 жүзден астам ғылыми мақалалар мен əдістемелік 
еңбектердің, оқу құралдары мен оқулық, монографиялардың авторы. 
Басты 
ғылыми басылымдары: 
«Фразеологизмдердің варианттылығы» (оқу құралы). 
(1996), «Қазақ тілі. Фразеологизмдер арқылы елтану» (оқу құралы) (1997), 
(серіктес автор), «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» 
(монография) (1998), «Мəтін лингвистикасы», (2002), «Фразеологиялық каль-
калар» (оқу құралы) (2005) (серіктес автор), «Парсы жəне қазақ тіліндегі 
мақал-мəтелдердің жүйесі» (оқу құралы) (2006) (серіктес автор), «Көркем 
мəтін лингвистикасы» (оқулық) (2007), «Шешендік сөздердің дискурсы» 
(оқу құралы) (2008, 2012, серіктес автор), «Тіл білімінің тарландары» (2009), 
«Фразеологизмдердің семантикалық категориялары» (оқу құралы) (2009, 2017). 
«Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда» (монография) (2010). 
Лексикографиялық еңбектері: «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» (2002, 
2010), «Түсіндірме сөздік Түр-түс атаулары мен реңктері» (2016, серіктес ав-
тор), Шет тілден енген жаңа сөздер ( 2018, серіктес автор). Якутско-русский и 
казахско-русский словарь многозначных фразеологических единиц (-Якутск, 
2019. Соавтор),
Профессор Г.Н.Смағұлова көптеген халықаралық жəне республикалық 
конференцияларға үзбей қатысып жүретін белсенді ғалым. Польша, Франция, 
Түркия, Қытай, Греция, Испания, Қырғыз республикасы, Киев, Белгород, Мəскеу, 
Великий-Новгород, Магнитогорск, Р-на Дону, Қазан, Омбы университеттерінде 
тіл білімінің мəселеріне арналған халықаралық жиындарда қазақ халқының 
этно-мəдени-менталдық ерекшеліктеріне қатысты тілдік бірліктерді саралап
қазіргі ғылыми парадигмалардың ұстанымына сай баяндама жасады. 
Ұстаз ғалым ғылыми кадрларды даярлау ісіне де үзбей ат салысып келеді. 
Əсіресе, өзі зерттеу нысаны етіп алған фразеология саласында өзіндік ғылыми 
мектебін қалыптастырды. Осы уақытқа дейін 25 ғылым кандидатын, 2 ғылым 
докторын, 3 PhD (философия докторын) дайындады. Сапалы білім мен тəрбие 
алған шəкірттерінің барлығы еліміздің айтулы жоғары оқу орындарында сабақ 
беріп жүр.
Профессор Смағұлова Г.Н. осы күндері əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде профессор. Кəсіби маман дайындауда өз шеберлігі мен білімін 
жан-жақты, əрі терең жетілдіру - ұстаз ғалымның басты қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет