Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет112/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»


ТАРАУ
Фразеологизмдер
дің парадигматикалық 
жəне синтагматикалық қатынастары
Тіл – жүйе жəне құрылым. «Тілдегі кез келген сөз, бірлік, эле-
мент үш түрлі қатынасқа түседі: парадигматикалық (немесе ассоциа-
тивті), синтагматикалық (белсенді түрде ықпалдасу қатынасы) жəне 
иерархиялық (күрделі бірлікке ену қатынасы)» деген-ді В.М.Солнцев 
[1971, 66].
Фразеологизмдердің семантикалық категорияларына фразеоло-
гизмдердің варианттылығы, синонимдері мен антонимдері жəне 
омонимдері, көпмағыналылығы жатады. Бұлар фразеологиялық 
парадигматикалық қатынастарды құрайды.
5.1 Фразеологизмдердің варианттылығы
*
Сөздердің варианттылығы лексика-грамматикалық құбылыс ретінде 
тілдің табиғи даму ерекшеліктерінен пайда болады. Қатысым əрекетінде 
варианттылық көбінесе ауызекі сөйлеу тілінің жемісі ретінде фразео-
логизмдерде де жиі кездеседі. Фразеологизм компоненттерінің кей-
бір сыңарлары басқа мəндес немесе мағыналас қатардағы сөздермен 
ауыстырылып айтылатындықтан вариант фразеологизмдер пайда бо-
лады. Олардың жасалу жолдарында мынадай ерекшеліктер кездеседі. 
1.Фразеологиялық тіркес құрамында алмасқан компоненттер лексикалық 
мағынасы жағынан өзара синоним, мағыналас болуы керек. 
Мысалы: Ит тұмсығы 
өтпейтін
//Ит тұмсығы 
батпайтын

Санда
бар, 
санатта жоқ//
Санақта
бар, санатта жоқ; Қарақан басы//Соқа басы//Жеке 
басы. 
2.Ауыстырылатын комоненттер гиперо-гипонимдік қатынастағы 
лексикалық бірліктер болуы шарт. 
Мысалы: Жаны 
мұрнының 
ұшына келу//Жаны 
тырнағының 
ұшына 
келу;
 Қас
қаққанша//
Кірпік
қаққанша; 
Бұрау
басын сындармау/
/Шөп
басын сындармау;
 Инеге 
шаншар еті жоқ//
Қармаққа
шаншар еті жоқ.
* Фразеологизмдердің варианттылығы туралы толық малұматты автордың 1996 
жылы шыққан осы аттас еңбегінен қарауға болады.


172
3.Тіркес құрамындағы компонеттер өзгергенде вариант фразеоло-
гизм болу үшін міндетті түрде алғашқы түпкі тұлғадағы образдылық 
сақталуы тиіс. 
Мысалы: Ауыздыға сөз, 
аттыға
жол бермеу// Ауыздыға сөз, 
аяқтыға
жол бермеу; Ат басын 
тіреу
//Ат басын 
бұру

Кеудесінде
оты бар//
Көкірегінде
оты бар. 
Қазақ тілінде фразеологизм варианттарының мынадай түрлері бар:
î
лексикалық 
î
фонетикалық 
î
морфологиялық 
î
лексика-грамматикалық.
 
Фразеологизм варианттарының ішінде ең жиі кездесетін лексикалық 
варианттар. Басқа түрлеріне осы лексикалық вариант негіз болады. 
Фразеологизмдердің лексикалық варианттарында тұлғалық жағынан 
аздаған өзерістер болады, мағынасы сол күйінде сақталады. Алайда 
өзгерген компоненттердің мағыналық реңктеріне қарай стильдік мақсатта 
эмоционалды-экспрессивті əсері түрліше болуы мүмкін. 
Мысалы: 
Сенімді
ақтау//
Үмітті
ақтау; 
Аузына
қан
толсын//
Көзіне құм
толсын. 
Бұл мысалдардағы 
сенім – үміт
сөздерінің мағыналық реңктері ай-
тушы мен тыңдаушыға бірден байқалады. Ал қарғыс мəнде айтылатын 
тіркестегі 
қан – құм 
сөздерінің арасында ешбір мағыналық байланыс жоқ. 
Жеке сөз ретінде бұлардың синонимдері де болмайды. Бұлар мəтінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет