Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет108/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

 Жилиги – үзүлүү
малдың 
өтө эле арыктап, абалга жетиши. Жилик бир топ түрк тилдеринде сөөктүн 
ичиндеги чучугу. Мал арыктап кеткенде сөөктүн ичиндеги чучугу улам 
ичкерип отуруп үзүлгөн кезде мал өлүп калат окшайт. Эмне себептен 
кыргыздар сөөктү 
жилик
деп калганы белгисиз [Карасаев, 78 б.]. Бұл 
арада қырғыз тілінде 
жілік
сөзі
 май (чучуг) 
мағынасында қолданылып 
тұр.
Қазақта 
үйіріңмен үш тоғыз
олжа көбейсін деген тілек мағынасында 
қолданылатын тұрақты тіркес түрі бар. Бұл фразеологизм де халықтың 
малға қатысты күн кешкен тұрмыс-тіршілігіне қатысты жасалған. 
Əсіресе, көшпелі мал шаруашылығының өзіндік дəстүрінен туатын 
тəжірибелік іс екенін байқатады. Төрт түлік малдың басын көбейту үшін 
үйірге еркек малдардан бура, айғыр, қошқар салғанда олрдың арасына 


167
тоғыз ұрғашыдан бөліп отырған. Бұл тəжірибе үйір-келе салу деп атала-
ды. Мал ішінен тұқым сұрыптау түрі осылай жүзеге асырылатын болған. 
Мəселен, бірыңғай күрең немесе мақпал қара, ақ боз сияқты болып келуі 
үшін жылқы малының сырт түсінің де дұрыс сұрыпталуын қадалаған. 
Көшпелі қазақтардың осындай тəжірибелік дəстүрі қытайдың бұрынғы 
жазбаларында кездесетіндігі туралы мəлімет бар. [қараңыз: Кюнер Н.В. 
Китайские известия народах Южной Сибири, Центральной Азии и даль-
ного Востока. М., 1961, 12 с.].
Алайда бұл дəстүр қазақтардың басқа да салттық түрлерінде өзгеше 
мағынамен көрініс береді. Мысалы, аса үлкен сый-құрмет жасағанда, со-
нымен қатар, құн төлетіп, ерекше айып-жаза тарттырғанда тоғыз-тоғыздан 
атап көрсетіп, межелік өлшем етіп белгілеуді қалыптастырған.
Қазақ тілінде тыныштыққа байланысты 
«Құлаққа ұрған танадай» 
деген тұрақты тіркес бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде бұл 
тұрақты тіркес тып-тыныш, жым-жырт деген мағынаны береді делінеді. 
Мысалы: 
• 
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома 
түскен. Ұлы сыншы ойын ешкім бұзар емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет