бармағымды
өзім
шайнап
қала
бердім. (Ə.Н.)
197
•
Бұл сөзді Сыздықпен бірге естіген жігіттер əңгіменің бетімен
тегіс өкінгендей болып, əрқайсысы əртүрлі сөз айтып өздерін
кінəлап,
бармақтарын шайнады
.(М.Əуезов.)
Сонда келтірілген мысалдар бойынша, етістіктердің өзгеріске түсуі
фразеологизмдерге тікелей байланысты болады. Етістік формасы тіркес-
імге түскен фразеологизмдер арқылы анықталады.
«Синтагматикалық қатардың бір мүшесінің семантикалық тəуелсіздігі
əлсіреген сайын, синтагматикалық қатардың басқа мүшесі сүйемел
сөздің көрсеткіш күші артады. Осы сөздер мен фразеологизмдердің тір-
кесім құруы кезінде семантикалық компенсация құбылысы байқалады»
[Жуков, 2006:108]. Мəселен, қазақ фразеологиясында кейбір етістікті
тіркестердегі, етістік компоненттің семантикалық тəуелсіздігі жоққа тəн
болатын құбылыстар аз емес.
«МҰРНЫНАН ШАНШЫЛУ» – өте жұмысбасты, қолы тимеу.
Сөйлемдерде бұл фразеологизмнің «шаншылу» етістігі көсемшенің
-ып
формасынан басқа еш уақытта түрленбейді. Сондықтан бұл арада етістік
сүйемел сөз керек.
Мысалы:
•
Ертеңнен қара кешке дейін базарда «жол,жол» деп айқайлаудан
тамағым да бітіп қалады. Оның үстіне жүк арбаны итеруден
иығым мен қолым талып, дем алуға уақыт жоқ,
мұрнымнан шан-
шылып
жүргенім. («Түркістан»).
•
Əкесі мен шешесі жан бағыстың қамымен баларына қарауды
қойды. Онсызда
мұрнынан шаншылып
жүрген бейбақ əпкесінің
қолында не тұр дейсің.(Н. А.)
Келтірілген мысалдарда фразеологиялық тіркес үшін семантикалық
компенсацияны «жүру» сөзі атқарып тұр. Етістіктердің грамматикалық
көрсеткіштері фразеологизмдерге бағыныңқы болмайды, олар мəнмəтін
мен сөйлеу жағдайына байланысты құбылып отырады.
«Фразеологиялық синтагматика екіге жіктеледі: бірінші, тұрақты
тіркестердің өз ішінде тіркесу ерекшеліктері, яғни ішкі лексикалық син-
тагматика; екінші, тұрақты тіркестердің басқа лексемалармен, сүйемел
сөздермен байланысы, сыртқы лексикалық синтагматика» [Хасанов,
2008, 450].
198
Бұл арада фразеологизм
Достарыңызбен бөлісу: |