Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет134/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

жан
ын шүберекке 
түйіп, нар тəуекелге бел
 
буып 
келіп отыр.(Ə.Кекілбаев).
• 
Мұны естіген соң-ақ Құрман 
етін сыртына теуіп, зəрін ша-
шып,
 Жақсылықты 
жер-көкке сыйғызбайтын
 болып, əке-баба-
сынан бері қарай боқтай бастады. (М.Əуезов).
Фразеологизмдердің валенттілігі мəнмəтінде басқа сөздермен тіркес-
імділігінде анықталады. Тұрақты тіркестердің лексика-семантикалық 
синтагматикасы шындық ортамен, сөйлеу жағдаятымен байланысты. 
Фразеологиздердің «жаны» – сөйлеу жағдаяты. 
Сонымен, «Фразеологияның синтагматикалық аспектісіне тұрақты 
тіркестердің тіл бірлігімен заттық, ұғымдық, коннотаттық, эмпирикалық, 
факультативті, селективті мағыналық бөліктерінің бір-бірімен үйлесіп 
келу нормалары жатады» (Ғ.Хасанов. 363).
Синтагматикалық қатынас полисемияда өз ықпалын күшті дəрежеде 
ұстайды. 
А.Киклевич көпмағыналылықты тілдік жүйенің құбылысы ретінде по-
лисемия деп, ал сөйлеудегі (речь) құбылысты диасемия деп қарастырады. 
(2007:97). 


201
5.7 Диалектілік фразеологизмдер
*
Жал
пыхалықтық тілде кездесетін диалект сөздер сияқты қазақ тілінің 
фразеологиялық қорында диалектілік тұрақты тіркестер бар. Диалект 
сөздер сияқты диалектілік фразеологизмдер де жалпыхалықтық емес, 
тек жергілікті белгілі бір аймақта ғана қолданылатын тұрақты тіркес-
тер. Əдеби тілдегі фразеологизмдер көпшілікке түсінікті жəне сол тілде 
сөйлейтін барлық қауымның қолданысында жиі кездеседі. Ал диалектілік 
фразеологизмдердің қолдану аясы шектеулі келеді, тіпті саны жағынан 
алғанда да шағын.
Қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктері туралы алғашқы зерттеушілер 
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ж.Досқараевтардың еңбектерінде диалек-
тілік тұрақты тіркестер туралы пікірлер кездеседі. Ал кейін, Ғ.Қалиев, 
Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков т.б аймақтық лексикамен қатар диалек-
тілік тіркестердің сөздігіне көптеген мысалдар жинақтаған. Жергілікті, 
аймақтық тілдік ерекшеліктердің арасында ұшырасатын т ұрақты тір-
кестер жөнінде арнайы жеке еңбектерде қарастырылған. Мəселен, ше-
телде тұратын қазақтар диаспорасынының тілдік ерекшеліктері туралы 
Т.Айдаров (Өзбекстан қазақтарының тілдік ерекшеліктері), Б.Базылхан 
(Монғолиядағы қазақтардың тілі), Ə.Нұрмағанбетов (Түркіменстандағы 
қазақтардың тілі), С.Мұстафаұлы (Қытайдағы қазақтардың тілінің 
тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер) т.б. зерттеу жүргізілген. 
Ал Қазақстанның өз территориясының əр аймақ, облыстағы диалект 
мен говорлар туралы жазылған көптеген ғылыми мақалалар мен 
еңбектер жарыққа шыққан. Мысалы, Қазақ тілінің Қызылорда говоры 
(Ш.Бектұров), Қостанай қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер 
(Байжолов Ə), Семей, Шығыс Қазақстан облыстарындағы қазақтар тілін-
дегі жергілікті ерекшеліктер (Болатов Ж.) т.б. Осы аталған мəліметтер 
ішінде С.Мұстафаұлының зерттеу еңбегі (2002 ж. қорғалған диссертация) 
тек диалектілік фразеологизмдерді арнайы қарастыруымен құнды. 
Ал қазақ тіліндегі дилектілік тұрақты тіркестердің лексика-семан-
тикалық жəне құрылымдық сипаты туралы жүйелі зерттеудің (А.Қалы-
баева) нəтижесінде диалектілік фразеологизмдердің өзіндік белгілері 
мен құрылым-құрылысының ерекшеліктері анықталды. 
Тұрақты тіркестерге тəн белгілері мен түрлері диалектілік фра-
*
Осы тарауда қарастырылғанымен, синтагмалық қатынастарға жатпайды


202
зеологизмдерге де қатысты. Олардың да мағына тұтастығы, қолдану 
тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы сақталып, фразеологиялық 
тұтастық, бірлік, тізбек сияқты түрлері бар. Семантикалық парадигмала-
ры да ұқсас. Алайда диалектілік фразеологизмдер əдеби тілдегі тұрақты 
тіркестерден компоненттер құрамындағы сөздері арқылы жəне мағынасы 
жағынан ерекшеленеді. 
Қазақ тілінің аймақтық лексикасы туралы Қазақ диалектологта-
ры Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков талдауларының ішінде диалектілік 
тіркестердің мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:
Ø
Говордағы көптеген сөз тіркестерінің құрамында əдеби тілде жоқ 
сөздер кездеседі. Ол сөздердің өзді-өзінің тіркесуі арқылы да, əдеби тіл-
дегі белгілі сөздермен тіркесуі арқылы да бұрын белгісіз сөз тіркестері 
жасалған. 
Мысалы: 
Күсəнə қылу
– сықақ ету, 
зыбан ұру
– əлек салу. 
Ø
Сөздердің мағыналық жағына байланысты құрамындағы сөздер 
əдеби тілде бар, бірақ олар əдеби тілде бір-бірімен тіркесіп айтылмай-
ды. 
Мысалы: 
жан созу
– жанталасу, 
дыбысты адам
– атақты адам. 
Ø
Говордағы тіркестердің енді бір тобы əдеби тілде еркін тіркес болса, 
ал говорда синтакистік түйдек түрінде тұрақты тіркес болып келеді. 
Мысалы: 
шетіне шығу
– асып туған, 
жүзі жапырылу
– жүзі шыда-
мау.
Ø
Говорлардағы бірқатар тіркестердің əдеби тілдегі баламаларымен 
салыстырғанда құрамы ықшамдалып отырады. 
Мысалы: 
барымта ұстау 
– барымта қылып ұстау,
 міндет білу 
– мін-
дет деп білу. 
Диалектілік фразеологимздердің компоненттер құрылымы жалпы-
халықтық жəне диалектілік сөздерден тұрады. Осылардың негізінде жа-
салатын тұрақты тіркестер диалектілік фразеологизмнің қорын құрайды. 
Диалектілік фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы көпшілікке 
бірдей түсінікті болмағандықтан, тұлғасы мен құрылымы кейде күрделі 
сөздерге, жай тіркестерге ұқсап тұрады. Мұндай жағдайда оларды ажы-


203
рату үшін тілдегі тұрақты тіркестерді фразеологизм деп тану үшін 
қойылатын талаптар сияқты алдымен олардың беретін мағыналарының 
бейнелілігіне жəне диалектілік фразеологизмдердің құрамындағы 
сөздердің мағына тұтастығы мен тіркес тиянақтылығына, даяр қалпында 
қолданылатын ерекшеліктеріне назар аудару қажет. 
Мысалы, шайдың түрі мен дайындалуына қатысты берілген диалек-
тілік атаулар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет