Монография «Елтаным баспасы»


арақашықтық, ұзындық, салмақ-көлем



Pdf көрінісі
бет60/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

арақашықтық, ұзындық, салмақ-көлем 
өлшемді 
білдіретін 
сөздер 
мен 
тұрақты тіркестер, мақал-мəтелдер 
этностың 
танымында əлем бейнесін қарапайым танумен тікелей байланыста 
қалыптасқан. Əлем бейнесіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінде ерекше 
көрініс беретін бірліктер – өлшем бірліктері. Ол адамзат баласының 
күнделікті іс-əрекеті нəтижесінде белгілі бір санды, сапаны, шаманы, 
мөлшерді, межені анықтау барысында пайда болған. Қазақтың байырғы 
өлшем бірліктері этностың тұрмыс-тіршілігінен, саналы ғұмырының 
өмір сүру мəдениетінен ақпар береді. Халықтық өлшем атаулары ұлттық 
сөздік қордың ауқымды қабатын құрайды. Ат шаптырым жер – бұл 
тіркесімге берілген сөздіктегі түсініктеме мен ғалымдардың берген 
анықтамасында бірізділік жоқ.


86
Тілімізде 
ат шаптырым жер
тіркесімен мағыналық жəне 
құрылымдық жағынан ұқсас 
құнан шаптырым жер, тай шапты-
рым жер –
шамасында тіркестері де қазақтың өзіне тəн танымдық 
ерекшелігін көрсетеді. Өйткені қазақ өзінің күнделікті көз алдында 
көретін жан-жануарлардың жасын, жынысын, түрлі қасиеттерін ерек-
ше тани білген. Сол танымның негізінде басқа нысандармен салысты-
рып, теңеп солардың қасиеттерін анықтаған. Бұлардың білдіретін ара 
қашықтық меже шамасына осы жануарлардың жасы, физиологиялық 
қабілеті, тұрмыс тіршіліктегі тəжірибесі, адам санасында сұрыпталған, 
семантикалық айырым белгілері негізге алынған. Сондықтан да, қазақ 
танымында орта есеппен ат шаптырым жер – 20-25 шақырымды білдірсе, 
құнан шаптырым жер – 10-15, (8-10 км) шақырымды, тай шаптырым жер 
– 5-10,(5 км) шақырымды межелеген. 
î
Тілдік қолданыста, жердің – екі ортаның, алыс арақашықтығын 
білдіруде айтылады. 
Ñ
Концепт «Өлшем»; субконцепт «алыс».
U
Əдеттегі лингвомəдениеттаным 

Т ілдік жадыда ара қашықтық туралы халықтық өлшем 
көзқарасымен байланысты сақталған.
Қазақ фразеографиясына осындай лингвокогнитивтік талдау 
əдістерімен жасалған сөздіктің қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. 
Фразеологиялық концепт адамдардың жинақтаған тəжірибесін 
көрсететін ұжымдық жəне жекелік таныммен қалыптасатындықтан 
фразеологиялық семантикада субъективтік ұғым басты орында тұрады. 
Лингвокогнитивтік талдау ұлттың мəдени-танымдық кеңістігіндегі 
ақпараттарды толық көрсете алады деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет