Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет82/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

тіл – адам – қоғам
триадасы фразеологизмдердің қалыптасуына диахронды жəне синхрон-
ды сипатта қызмет етеді.
Тарихи есімдер, тарихи оқиғалап, тарихи жер-су аттарына байла-
нысты туған фразеологизмдерді талдау энциклопедиялық білімді қажет 
етеді
Антропонимдер мен топонимдердің идиоэтникалық семантикасын 
қалыптастыратын жəне баяндайтын ақпараттар əр ұлт болмысынан ха-
бардар етеді. Дүние жүзі халықтарының тілінде өз ұлтының тарихын жа-
сауда ономастикалық атаулардың алатын ерекше. Тарихи даму сатысын-
да түрлі дүбірлі дəуірлер оқиғасы сол ұлттың өз тілінде сақталып, сөздер 
мен тұрақты тіркестері арқылы келер ұрпағына жетеді. Адамзат қоғамы 
сатылап дамыған сайын ұлт тілінде қалыптасып кеткен мақал-мəтелдер, 
фразеологизмдер, нақыл сөздер сияқты тұрақты тіркестер мазмұнында 
сандаған тарихи оқиғалар, антропонимдер мен топонимдер жаңғырылып 
қайталанып отырады.
Келер ұрпақ үшін өз ұлтының бастан кешкен оқиғалары бертінде 
тарих қатпарларында шаң басып, елеусіз қалмауына, қайта көпшіліктің 


120
назарын аудартып, əлде бір болған оқиғалардың халық үшін ұмытылмай, 
қайталанып айтылып жүруі сол ұлттың тілінде сақталып қалған сөздер 
мен тұрақты тіркестеріне байланысты. Қазақ фразеологиясында 
этнолингвистикалық зерттеу тəсілдерімен танылатын бір алуан тұрақты 
тіркестер тек тарихи оқиғалар мен тарихи адамдардың есіміне байла-
нысты айтылып, бертін келе фразеологизмдер қатарына енген. Олардың 
жасалу жолдары əр түрлі. Егер бұл тіркестердің жасалуындағы ішкі 
уəжділікке (мотивацияға) назар аударсақ, халық, ұлт өмірінің басынан 
өткен оқиғаларының мазмұны мен тарихы жатады. Бұлардың кей кез-
де жаппай қоғамдық факторға айналуының əсерінен ұзақ уақыт халық 
жадынан кетпей, сол ұлттың тілінде өткен тарихи оқиғалармен байла-
нысты белгілі бір адамдар есімі, тіпті жер-су аттары да қоса айтылып, 
халық жадында сақталып қалады. Демек халық аузында айтылып жүрген 
тұрақты тіркестер жайдан жай тумайды. Бұлар тарихи фразеологизмдер 
қатарынан орын алады.
Əдетте тіл-тілдегі фразеологиялық тіркестер өзіндік образдылығы 
мен эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан тілдік бірлік ретінде оқшау 
тұратыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет