Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

ж о л ы 
б о л м а у
фразеологизмі қатар басында тұрады. 
Мағыналас фразеологизмдердің лексикалық синонимдерден басты 
ерекшеліктері арнайы зерттелгендіктен тағы басқа қызықты тілдік де-
ректермен жалғастыруға болады. Тіл байлығының басты көрсеткіші си-
нонимдер туралы оның ішінде фразеологиялық мағыналастар, олардың 
тақырыптық фразео-семантикалық топтарының қатар құруы антро-
поцентрлікке негізделеді. Тақырыпқа қатысты ғылыми мəліметтерді 
Мағыналас фразеологимздердің ұлттық-мəдени аспектілері
деген мо-
нографиядан [Алматы, 1998] толық оқуға болады.
5.3 Қарсы мəнді фразеологизмдер
Өмірде болатын түрлі қарама-қайшылықтар адамдардың логикалық-
танымдық жəне психологиялық ерекшеліктеріне əсер етеді. Бұдан 
қарама-қарсылықтар пайда болады. Антонимия анық түрде ақиқаттың 
көріністерін түсіну процестерін көрсетеді. Қарама-қарсылық концептіге 
қатысты ойлау тереңдігін, басқа құбылыс, əрекеттерге қатынасын, оны 
бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы түсінудің ерекшелігін көрсетеді. Ал 
олардың тілдегі көрінісі тілдік бірліктердің антонимиялық құбылысын 
туғызады. 
Тіл білімінде кейінгі кезде басқа да ғылым салаларында, əсіресе, ло-
гика, философия, психологиямен байланысты қарастырылған кешенді 
зерттеулер бойынша антонимдерді топтастыру мəселелері басқаша бағыт 
алды. Антонимдер туралы осыған дейін тілдік қағидалардың аясында 
грамматикалық құрылысы, тұлғалық белгілері, сөз табына қатыстылығы 
т.б. айтылып келеді. Соңғы зерттеулер антонимдердің тек тілдегі ере-
кшеліктерін сөз етпей, қарама-қарсылық ұғымының сөйленістегі 
семантикалық көрінісіне қарай талданады. Орыс фолнологиясындағы 
Н.С.Трубецкойдың оппозиция əдісін антонимия құбылысына да зерт-


180
теу тəсілі етіп алған. Соның нəтижесінде оппозиция əдісі бойынша 
қазақ тіліндегі антонимдердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет