С Ө з д І к мағыналас фразеологизмдер



жүктеу 429.52 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі429.52 Kb.
  1   2   3   4   5

             
ГҮЛДАРХАН  СМАҒҰЛОВА
   
С Ө З Д І К
МАҒЫНАЛАС ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
АЛМАТЫ
2010

УДК 81,2 Қаз-3 я 2
ББК 80/81 (038)
С 52
Смағұлова Г.
С 52 Мағыналас фразеологизмдер сөздігі /Гүлдархан Смағұлова.
Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл. – 252 бет.
 
ISBN 978-601-06-0893-1
          Қазақ тілінің мағыналас фразеологиялық сөздігі толықтырылып
екінші
 
басылымы
 
рет
 
басылып
 
отыр.
Сөздікте   оқушы   үшін   тұрақты   тіркестер   алдымен   жалпы   ұғым
бойынша   алынған   жеке   сөзден   фразеологиялық   мағынаға   қарай
бағытталған мағыналас /синоним/ тіркестер қатар түзеді. Олар фраза-
семантикалық топ ретінде он төрт  тақырыпқа бөлініп, жалпы ұғымның
түрлі   түсініктері   нақтыланатын   үш   мыңнан   астам   фразеологизмдер
қамтылған.
Сөздік жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға, студенттерге,
аспиранттар   мен   тіл,   әдебиет   пәндерінің   мғалімдеріне,   бұқаралық
ақпарат  құралдарындағы   журналистерге   және   тіл   өнерін   қастерлеген
жалпы оқырман қауымға  арналған.  
УДК 81,2 Қаз-3 я 2
ББК 80/81 (038)
        
© Смағұлова Г.Н.,2002
                 
©  «Сөздік-Словарь,
2002 ISBN 978-601-06-0893-1
         
© Смағұлова Г.Н.,2010
2

Өңделіп,
 
толықтырылған
 
екінші
 
басылымы
                  Қазақ   тілінің   мағыналас   фразеологиялық   сөздігі   алғаш   рет
құрастырылып отыр. Сөздікте оқушы үшін тұрақты тіркестер алдымен
жалпы ұғым бойынша алынған жеке сөзден фразеологиялық мағынаға
қарай бағытталған мағыналас /синоним/ тіркестер қатар түзеді. Олар
фраза-семантикалық топ ретінде он төрт   тақырыпқа бөлініп, жалпы
ұғымның   түрлі   түсініктері   нақтыланатын   үш   мыңнан   астам
фразеологизмдер қамтылған.
Сөздік жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға, студенттерге,
аспиранттар   мен   тіл,   әдебиет   пәндерінің   мғалімдеріне,   бұқаралық
ақпарат  құралдарындағы   журналистерге   және   тіл   өнерін   қастерлеген
жалпы оқырман қауымға  арналған.  
3

Т Ү С І Н І К Т Е М Е
Бұл   сөздіктің   басты   ерекшелігі   қазақ   фразеологиздерінің     тек
мағыналас /синоним/ топтары   ғана қамтылған. Жалпы саны 3 жарым
мыңға   жуық.   Мағыналас   фразеологизмдердің   тілдік   ерекшеліктері
бұрын   жан-жақты   сөз   етілмегендіктен   сөздіктің   басты   ерекшеліктері
туралы айта кеткен орынды
     Кез келген ұлт тілінде өз тұрмыс - тіршілігі мен салт дәстүрі, ұлттық
менталитетіне   сай ертеден қалыптасқан, қолданыста жүрген тұрақты
тіркестері   бар.   Тіл   білімінде   оларды   фразеологизмдер   деп   атайды.
Қазақ фразеологизмдері алғаш рет жинақталып, акад. І.Кеңесбаевтың
авторлығымен “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” /1977/ басылып
шықты. Ширек ғасырдан бері фразеологияға қатысты таза қазақ тілінде
басқа   сөздіктер   болмады.   Құрастырылып   отырған   “Мағыналас
фразеологизмдер сөздігі” шын мәнінде екінші фразеологиялық сөздік.
.
Қазақ халқы өзіндік ұлттық ойлау ерекшелігі – дүние шындығын
көркем   образбен   қабылдауы,   шешендік   сөз   өнерін   ұлт   менталдығы
ретінде көрсетуі, қала берді табиғат аясындағы көшпелі өмір салты   -
“ішімдегінің   бәрі   –   тілімде,   тілімдегінің   бәрі   –   түрімде”   дегеніндей,
қазақ   ұлтының   психологиялық   терең   болмысын   байқатады.   Осыған
орай,   қазақ   фразеологиясының   мағыналас   топтары   тілдегі   адамдық
фактор   тұрғысынан   жалпы   ұғымдық   қатыста   түсіндірілетін     фраза-
семантикалық  топтарға бөлініп, олар он төрт тақырыпты қамтиды. Бұл
ретте   мағыналас   қатарлар     алдымен   жалпы   фразеологиялық
семантикаға негізделе отырып, жалпыдан жалқыға сияқты иерархиялық
принциппен жүйеленеді. Тұрақты тіркестердің семантикалық нәтижесі
– фразеологиялық мағына. Адамдар   сөйлеу қажеттілігін өтеу кезінде
фразеологизмдерді   алдымен   айтайын   деген     ұғымның   мағынасына
қарай таңдайды. Сондықтан мағыналас фразеологизмдердің қатар басы
фразеологиялық     мағынаға   бағыт   беретін   тірек   сөз     /доминант/   -
лексикалық   мағынадан   басталуы   керек.   Яғни   мағыналас
фразеологизмдердің   доминанты   ретінде   қатар   басында   жалпы   тірек
ұғымға негізделген лексикалық мағына – бір сөз тұрады. Мысалы, 
қ а т е л е с у ұғымына қатысты мынадай мағыналас тіркестер
қатар төзеді : аяғын шалыс басу- жаза басу – ағат кету - от басу
  ш ы д а м а у:  жүрегі алып ұшу - жаны жай таппау - қарар
қылмау - тағат таппау – төзімі жетпеу - шыдап отыра алмау.
  Оқушы   /айтушы/   үшін   қажет   жағдайда   фразеологиялық
мағынаны   білдіретін   тіркестердің   лексикалық   ұғымы   бірінші   кезекте
4

тұратыны ескерілді. Әрі фразеологиялық мағынаны білмейтіндер үшін
жалпы ұғымдық  қатыста  топтастырылған  мағыналастар тобын  құрап
тұрған тірек ұғым – лексикалық мағынада екендігі көрсетілді. 
  Мағыналас   қатарға   біріктірілген   фразеологизмдер   тек  жалпы
ұғымды    беруі   шарт.   Мағыналас   фразеологизмдерді   лексикалық
синонимдер   сияқты   тек   белгілі   бір   сөз   табына   жатады   деп   жіктеуге
келмейді.   Мағыналас   фразеологизмдер   ұғым   мен   түсінік   ыңғайында
қарастырылып,   онда   да   жалпы   бір   семантикалық   өрістегі   тұрақты
тіркестер деп танылады. Барлығын бір сөз табынының аясына күштеп
енгізудің қажеті жоқ. Сол себепті мағыналас фразеологизмдер қатарына
жалпы   ұғымды   нақтылайтын   әр   сөз   табынан   ұшыраса   беретін   және
құрылым құрылысы әр түрлі болып келетін фразеологиялық тіркестер
енеді. Мұнда ұғымның жан-жақты берілу формалары басты мәселе боп
саналады. 
Мысалы,  ұ я л у –  бетінен оты шығу - өлмегенге қара жер -
өлген жері осы – кір келтіру – беті күю – жер шұқу – көзі шыдамау -
құлағының   ұшына   дейін   қызару   т.б.     ұғымды   әр   индивидтің   жеке
түсінігі нақтылап тұратын осындай жалпы семантикалық бірлікке назар
аударылды.  Демек   мағыналас   қатарда   түрған   фразеологиялық
тіркестерде   жалпы   ұғым,   түсінік   басты   ерекшелік,   белгі   болып
қалады. Бейнелі түрде айтсақ, түрлі “образдар галереясын” жасайтын
мағыналас фразеологизмдер түрлік сипатпен емес, ұғымдық сипатпен
түзілуі лексикалық синонимдерден ажырататын басты қасиеттердің бірі
болмақ.
Ұғым мен түсінік  - ойлаудың негізгі формалары. Ал оның тілдегі
көрінісі   сөз   арқылы   жүзеге   асырылады.   Ойлаудың   түрлері,
құбылыстары сөз арқылы танылады. Сонда ұғымға жалпылылық тән
болса,   түсінікке   нақтылық   тән.   Мағыналас   фразеологизмдерді
топтастырғанда   олар   мағыналас   болу   үшін   ұғым   мен   түсініктің
айналасынан   табылуы   басты   қағида   ретінде   танылады.   Бұл   ретте
мағыналастар   арасында  квазисинонимдердің  басым   болуы   заңды
нәрсе. Квазисинонимдерге мағынасы тепе-тең сөздер емес, мағынасы
жақын, мәндес сөздер жатады. Олай болса, мағыналас фразеологизмдер
қатарындағы   тіркестердің   үлес   салмағы   квазисинонимдерге
байланысты.   Мағыналас   фразеологизмдер   қатары   семантикалық
белгімен   топтастырылған   фраза-семантикалық   топ   болғандықтан,   әрі
контексте   тіркестер   тобын   әр   кез   бірінің   орнына   бірін   алмастырып
5

қолдана беру мүмкіндігі болмаған жағдайда квазисинонимдер қатары
көбейе береді.   Сөздікте берілген мағыналас фразеологизмдер қатары
квазисинонимдерден тұрады. Мағыналары тепе-тең абсолют синоним
тіркестер   де   ұшырасады.   Мысалы:    тез,   шапшаң    көзді   ашып
жұмғанша - кірпік //қабақ қаққанша – демнің арасында - қас пен көздің
арасында т.б. Ұ й ы қ т а м а у – таңды көзбен атқызу – таңда таңға
ұру – кірпік қақпау – көзі ілінбеу т.б.
Мағыналас   фразеологизмдер   қатарындағы   тіркестер   өз   ішінде
бір-бірінен  мағыналық реңктер арқылы ажыратылады. 
Мысалы, ұ й ы қ т а у  - көз іліндіру, мызғып алу, көз шырымын алу
–  аз   ұйықтау,  тұяқ   серіппей   ұйықтау  -  қатты   ұйықтау  сияқты
ұғымды береді.
Лексикалық   синонимдерде   қатар   басында   әдетте   тірек   сөз   –
доминант ретінде мағыналық ой басым түскен  сөздер тұрады. Мысалы,
р е н ж у - қамығу, налу, торығу, қынжылу, жабығу, өкпелеу т.б.  Бұл
сөз мағыналас фразеологизмдерге де тірек сөз бола алады: мойнына су
кету – жүні жығылу – жүзі сынық – көңілі құлазу – жаны кею. т.б.
Алайда мағыналық ой басым түскен сөздер үнемі фразеологимздерге
тірек   сөздің   қызметін   атқара   бермейді.   Кей   жағдайда   мағыналас
фразеологизмдердің   бір   тұрақты   тіркесі   ұйытқы   мағынаны   ұстап,
мағыналас қатарды “басқару” қабілетіне ие болады. Мысалы: ж о л ы
б о л м а у  –  бағы жанбау – сормаңдай болу – аяғы аспаннан келу –
тұмсығы   тасқа   тию.   т.б.  Мұнда   аталған   тіркестердің   барлығына
бірдей мағына ортақтығын танытып тұрған ұғым, түсінік осы –“жолы
болмау” тіркесі. “Сормаңдай болу” немесе “аяғы аспаннан келу” тағы
басқа   тіркес   түрлерін   қатар   басына     емін   еркін   доминант   етуге
болмайды.     Қазақ   тіліндегі   мағыналас   фразеологизмдердің   мұндай
ерекшеліктерін   кейде   жеке   сөзбен   бере   алмайтын   ұғымды   осындай
тіркестер   көмегімен   сипаттап   жеткізу   тәсілі   тек   фразеологизмдердің
ғана үлесіне тән екендігін айта кету керек. Мәселен, сәті түсу – абырой
болғанда   –   іздегенге   сұраған   -   құланның   қасынуына   мылтықтың
басылуы   т.б.  Сондай-ақ   “күн   бермеу”,   көңілі   қайту”,   “басы   қату”,
«қызмет   қылу”   сияқты   жалпы   ұғым,   түсінікке   негізделген   басқа   да
6

тіркестер тобы үнемі тірек ұғымның рөлін атқарады. Оларды тірек сөз,
дұрысы тірек тіркестер деуге болады.
Айтылар   ойдың   әсерлілігі,   мазмұн   тереңдігі   сол   көрініс,
құбылыстың   суреттілігіне,   яғни   образдылығына   тығыз   байланысты.
Адамдардағы   түрлі   эмоцияны,   сезімдік   қатыстарды   айтушының   зат,
құбылыс   туралы   жеке   көзқарасы,   бағалауы   сияқты   жекелік,   өзіндік
пікірлерін   тілдегі   кез   келген   экспрессивті   сөздер   атқарады.   Қазақ
тілінің   лексикалық   қорында   экспрессивті   құралдардың   қызметі
айырықша.   Мұндай   экспрессивтік   әсер   көбінесе   эмоционалдық
бағалаудан тұрады. Фразеологизмдер табиғаты бағалау, сипаттау десек,
онда   экспрессияның   орны,   әсіресе   мағыналас   фразеологизмдерді
жасауда   тым   жоғары.   Кейде   эмоцияның   сан   қырлы   спектрлерін
лексикалық   синонимдер   тап   баса   алмағанда   айтушы,   әрине,   бейнелі
сөздердің   тіркесіне   ұмтылады.   Әдетте   экспрессивті   сөздердің
семантикасын сөздіктерде түгелдей ашып көрсету қиын. Шын мәнінде
адамдардың көңіл-күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен
өлшеп, пішу мүмкін емес. Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан
туатын сезімдік “дүние суреті” әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда,
фразеологизмдердегі   эмоция   мен   экспрессияда   анағұрлым   көбірек
қамтылады.   Бұл   ұғымдық   қатыста   ғана   шоғырланатын   тіркестер
қатарында   мағыналас   фразеологизмдердің   мағыналық,   стильдік
реңктерінен   толық   байқалады.   Мағыналас   фразеологизмдердің
әрқайсысын  эмоционалды-экспрессивті белгілермен көрсетудің өзіндік
ерекшеліктері   бар.   Сөздікте   барлық   мағыналас   қатарлардың
семантикалық   топтары   түгелге   жуық   Адам,   оның   іс-әрекеті,
физиологиялық   қалпы   мен   жағдайы,   түрлі   сезімдерге   қатысты
психикалық процестерінен туатын ұнамды, ұнамсыз эмоция түрлеріне
негізделген.   Демек   нақты   сезім   түрлерін   белгілеуде   эмоцияны
саралайтын   экспрессиялық   белгілер   мағыналас   фразеологизмдердің
қатарларынан-ақ   мен   мұндалап   тұрады.   Себебі   тірек   сөз,   тірек
ұғымның   өзінен   кейде   эмоционалдық   мазмұнын   байқауға   болады.
Мысалы, зорлықшыл адам –эмоционалдық бағалау контексі:  ұнатпау,
жақтырмау -   азуы алты қарыс – ызасы //қорлығы өту – тырнағы /н/
7

бату  //батыру  т.б.  Сол  сияқты,  бақытсыз,   сорлы  –  эмоционалдық
бағалау  контексі:   мүсіркеу-   аяу   –  маңдайының   соры   бес   елі   –   соры
қайнау – соры арылмау т.б.
 Сөздіктегі лексикографиялық түсініктемелерде /аннотацияларда/
мұндай   тірек   сөз,   тірек   тіркестен   басқа   да     мағыналас   қатарлар
құрамында   кездесетін   ерекше   экспрессиялы   тіркестердің   мағыналық,
стильдік   реңктері   мүмкіндікке   қарай   курсивпен   белгіленіп   отырды.
Мысалы,  дөрекі,   сыпайы   /эвфемизм/,   мысқыл,   кекесін,   жақтырмау,
ұнатпау, елемеу, менсінбеу, кемсіту,  жек көру, поэтикалық /көтеріңкі/
қарғыс т.б. 
   Ал фразеологизмдердегі стильдік белгілер негізінен теориялық
әрі практикалық мақсатта күні бүгінге дейін толық сараланбаған. Әр
фразеологизм   тұсына   стильдік   таңбаларды   дұрыс   қою   оңай   шаруа
емес. Қазақ фразеологизмдерінің дені ауызекі және қарапайым сөйлеу
стиліндегі   тіркестер   болып   қалыптасқан.   Көбінесе   ауызекі   сөйлеу
стиліндегі фразеологизмдер деп бөле-жара айтатындықтан қарапайым
стильдегі фразеологизмдер арнайы айтылмай, талданбай келеді. Оның
себебі   екі   стильге   тән     фразеологизмдердің   арасын   межелеудің
қиындығы.     Сонымен   қатар,   бейтарап   немесе   жалпы   қолданыстағы
/қарға адым жер, қас қаққанша, көзі іліну т.б./ және кітаби стильдегі
/талан   таражға   салу,   мәңгілік   ұйқыға   кету,   қаламы   желді,   өмірге
жолдама т.б./ фразеологизмдер қабаттары бар. Сөздікте көне, діни және
кітаби  деген ескертпемен белгіленген тіркестер кездеседі. Мағыналас
фразеологизмдер қатарын талдау барысында біз осы стильдер қатарына
дөрекі   мәнде   айтылатын   тіркестерді   бөліп   көрсетуге   тырыстық.   Әрі
стиль   қабаттарының   дәрежелену   үлгісінің   бірі   ретінде
қалыптастырғанды жөн көрдік.   
Мағыналас қатар құрамындағы кейбір тіркестерде көп мағыналы
фразеологизмдер де ұшырасады. Мысалы, жүзіктің көзінен өткендей:
1.қу,   жылпос   адам.     2.пысық.   3.мүсінді   адамның   сипатын   береді.
Немесе  сіркесі   су   көтермеу:     1.ренжу.   2.ауырып   қалу.  Есі   кету:
1.қуаныштан.   2.қайғыдан.   Мұндай   көп   мағыналы   фразеологизмдер
8

сөздікте   әр   түрлі   мағынадағы   қатар   құрамында   қайталанып
отыратындықтан олардың тұсына * /астерикс/ белгісі қойылды.
Фразеологизмдердің қолданыс аясында олардың мағыналастығы
мен варианттылығы әрдайым қатар жүреді. Сөздікте мүмкіндікке қарай
кей   тұста   мағыналастардың   жиі   қолданылатын     вариант   үлгілері     //
белгісімен қатар беріліп отырды. Мысалы,   қ а й ғ ы р у   ұғымында
жүрегі   //кеудесі   //   көкірегі//   қарс   айырылу;   қабырғасы   қайысу//
қақырау // сөгілу сияқты лексикалық және морфологиялық варианттары
көрсетілді.
Етістікпен   аяқталатын   тұрақты   тіркестердің   грамматикалық
сипаты сөздікте “у” формасымен берілді. Есімше мен көсемше түрінде
келетін   біраз   фразеологизмдер   шынында   сырт   тұлғасы   етістік
болғанымен, мағынасы, синтаксистік қызметі жағынан шартты түрде
басқа   сөз   таптарына   жуықтайтындары   бар.   Кейбір   есімше   тұлғалы
бармағынан   бал   тамған,  көпті   көрген,   ағаш   ерге   жіп   ұйысқан
/жоқтық/,  жұмыртқадан   жүн   қырыққан,  ас   ішіп   аяқ   босатар,  сол
сияқты көсемшелі  ішпей-жемей, көзін ала бере, өзім өз болғалы;  т.б.
сындық   сипаттағы   түрлері   ғана   сол   формаларда   сақталып   жазылды.
“…Фразалық   тұтастықтың   заңы   бұзылатын”   /І.Кеңесбаев/   дәстүрге
қарамастан,   етістікті  
  фразеологизмдердің   парадигмалық
түрленулерінің ерекшеліктері ескерілді. Сөйтіп жақ, шақ көрсеткіштері
мен рай, етіс категорияларын қабылдайтын етістікті фразеологизмдер
бұған   дейін   қалыптасқан   заңдылықты   бұзып,     лексикографияның
талаптарына сай жазылды.
Сөздікке   енген   мағыналас   тіркестер   -   “Қазақ   тілінің
фразеологиялық сөздігінен”, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен” /1-10
том/, көркем шығармалардан, сондай-ақ күнделікті бұқаралық ақпарат
құралдары мен ауызекі сөйлеу тілінен жиналған тілдік, фразеологиялық
материалдар.   
 
Қ
азақ тілі ұлт болмысының   өзіндік ерекшеліктерін танытатын
бейнелі тіркестерге өте бай. Ұлттың менталдық өрісінің ауқымы мен
көркемдік ойлау қабаттарын және қазақ тілінің есепсіз тіл қуатының
молдығын   білу   үшін   ұлт   тіліндегі   фразеологизмдерге   жүгінген   жөн.
Халықпен   бірге   жасап   келе   жатқан   эмоциялық   мазмұны   жоғары
9

образды   тіркестердің   өміршеңдігін   оның   қолданысынан   байқауға
болады.
  Қазіргі   жазба   әдеби   тілдің   қатталған   беттерінде   қалып   бара
жатқан   фразеологизмдерді   бүгінгі   ұрпақ   тілінен   жиі   ұшырату   қиын.
Қазіргі қазақ ұлтының /жастарының/ ойы терең болғанымен тілі жұтаң.
Ал жастар тілі мүлде қасаң тартып, қысқа қайырылатын сөздер мен
тіркестерге   ауысуда.   Өмір   ағыны   дәуір   екпінінің   әсерінен     асығыс,
қысқа да нұсқа сөйлейтін ұрпақ тілінде мәнерлілік азайып келеді. “Сөзі
мірдің   оғындай”,   “тілінің   майын   тамызып”,   “өткір   тілді”   шешен
сөйлейтіндер   бұрынғының   қазағы   болып   елестейтіндей.   Алайда   жас
буын уақыт өте келе   қалай дегенмен де ана тілінің мәйегін іздейтіні
хақ. Рухани құндылық  - қашан да сол ұлттың төлқұжаты. Олай болса,
осы   сөздік   көп   құндылықтардың   бірі     ретінде   туған   тіліміздің   бір
мұқтажын өтейді деген игі тілектен ұсынылып отыр.
  
  1.Адамдардың жағымды, жағымсыз қимыл әрекеттері
1.TӘУЕЛДІ - /біреуге тәуелді болу, біреуді тәуелді ету/
 Азат басы құл болу
 Айдауына жүру       
 Айтқанына көніп, айдауына жүру
 Айтқанын істеп, айдағанына жүру
 Айтақтағанына жүру 
 Алдында құрдай жорғалау*/жағымпаз/
Алып кел, шауып кел /жұмсау/
 Басы байлаулы
 Басын байлау (тәуелді ету)
 Есігінде жүру
10

 Көзін жылтырату /зорлық/ 
 Көзі жылтырау
 Көк желкесіне міну
 Көн тулақ
 Көрінгеннің қобызына билеу* (әркімге бір жалатақтау)
 Күні үшін күлін жеу
1* Қанжығада жүру
2* Қазанын асып, отын жағып отыру
3* Қол астында жүру
4* Қол шоқпар болу* (сойылын соғу)
5* Қолына /қолға /қарау
6* Құлдық ұру
7* Құлдыққа  салу //түсу
8*
Құ
рығына түсу //іліну
9* Мойнына құрық түсу
 Мойнына міну
 Мұрнын тескен тайлақтай  // өгіздей
 Ноқта салу
 Отымен кіріп, күлімен шығу*(қиындық көру)
 Сүліктей сору
1* Тұзаққа түсу
2* Шылауында болу //кету,  //жүру
3* Ыңғайына көну
4* Ығынан шыға алмау
5* Ырқында жүру
2.ЗОРЛЫҚШЫЛ АДАМ /туралы/ – 
6* Азуы алты қарыс
7* Қамшысынан қан сорғалаған
8* Қанды балақ
9* Қызыл көз пәле
3.ҚИЫНДЫҚ КӨРУ / ҚИЫН КЕЗ/–
10*
Азап астында
11*
Ақ табан шұбырынды, алқакөл сұлама /тарихи/
12*
Ат басына күн туу
11

13*
Ащы- тұщының дәмін тату
14*
Балапан басына, тұрымтай тұсына 
15*
Басына зобалаң туу
16*
Басына іс түсу
17*
Дүние астан-кестен болу
18*
Дүние азабын көру
19*
Дүние төңкерілу
20*
Ер етігімен су кешу
21*
Жалаң аяқ жар кешу, қызыл аяқ қар кешу
22*
Жаны  алқымға келу 
23*
Жан /жау/ алқымнан алу
24*
Жастанғаны жапырақ, төсеніші топырақ /жаугершілік заман/
25*
Жау жағадан алу
26*
Жегені желім, ішкені ірің
27*
Ит өмір
28*
Кеудесімен құм сызу
29*
Көзінің жасы кеппеу
30*
Көрген күнін итке берсін //бермесін
31*
Көрмегені жоқ
32*
Күні бір уыс болу  
33*
Күні қараң
34*
Қара аспан тақау
35*
Қара аспан төңкеріліп түскендей
36*
Қара күн туу
37*
Қардан кебіс, мұздан құрсау кию
38*
Қилы кезең 
39*
Қилы-қилы заман болды / қарағай басын шортан шалды/
40*
Қиын қыстау кезең  //шақ
41*
Қиын қыстау күн кешу
42*
Қолымен күл //от// көсеу
43*
Қырық күн қырғын, мың күн сүргін
44*
Қысылтаяң уақыт
45*
Қысым көру
46*
Маңдайы күнге күю
47*
Маңдайы тасқа тию
48*
Мұз арқалап, күл төгу
49*
От кешіп,  мұз төсену
50*
Отқа да, суға да түсу
51*
Отымен кіріп, күлімен шығу (тәуелді болу)
52*
Өзегі өртену
12

53*
Өкшеге батқан шөңге
54*
Өмір өткелінен өту
55*
Өмірі өту
56*
Өмірдің ащы-тұщысын көру
57*
Өмірден //тұрмыстан// соққы көру
58*
Өмірден тепкі жеу
59*
Сормаңдай болу 
60*
Сұр кезең
61*
Сын сағат /тарихи/
62*
Тісті тіске қою
63*
Таңы атып күні шықпау
64*
Тақияда тамтығы қалмау
65*
Тақсыретін тарту
66*
Тақым бұрау, тар қыспақ көру
67*
Таңы атып күні шықпау
68*
Тар жол тайғақ кешу
69*
Тар заман
70*
Тауда жүріп, таста өсу
71*
Тауқыметі өту
72*
Тауқыметі мойнында
73*
Тауқыметін арқалау
74*
Тепкіні көру
75*
Тісті /тісін/ тіске қою
76*
Толарсақтан су //саз// кешу
77*
Шаруасы күйзелу
78*
Шымбайына бату
79*
Ыстық- суықты көру
4.  ЖОЛЫ БОЛУ-
80*
Айдарынан жел есу
81*
Асығы алшысынан түсу
82*
Аузының салуы //салымы// бар
83*
Бағы ашылу //жану
84*
Бағы бар
85*
Басына(н) күн, аяғына(н) ай туу
86*
Жұлдызы жоғары
87*
Жұлдызы оңынан туу
88*
Қайығы желге өрлеу
89*
Құйысқаны көтерілу
13

90*
Маңдайының ырысы бес елі 
91*
Нұр жауу
92*
Оңынан ай, солынан күн туу
93*
Орайы келу
94*
Самалы оңынан туу
95*
Сәті түсу
96*
Тасы өрге домалау

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет