Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет141/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

сиыр бүйректену» 
қазақ үшін 
ынтымақсыздықты, береке-бірліктің жоқтығын білдірсе,
монғол 
үшін сиырдың бүйрегіндей 
(үхрийн бөөр шиг
) болу – 
арадан қыл 
өтпес тату болу 
деген сөз. ...
 Сиыр бүйректену
дегенде қазақ «сиыр 
бүйрегінің бунақтала бөлшектеніп тұратын сыртқы түрін» маңызды 
деп тауып, «
ынтымақсыз», «береке-бірлігі жоқ» 
ағайын туманың ара 
қатынастарындағы «жайсыз сызаттар ізін» бейнелеуге белгі етіп алған 
болса, монғолдар «сиыр бүйрегіндегі сызаттарға қарамастан, оның «бір 
бүтін орган» екендігіне айырықша мəн беріп,
 «арадан қыл өтпес тату»
мағынасын беретін 
үхрийн бөөр шиг 
туынды атауын жасауда бірінші 
орынға қойған болуы керек» дейді [2003, 206 б.].
Мал атауларының ішінде
 ЕШКІ
де жағымсыз мағынадағы тіркес-
тердің иесі:
ешкі көздену
 – алара, тікірейіп қарау
ит қуған ешкідей
 – қорқу, зəресі ұшу
ит көрген ешкі көзденіп- үрейленіп, үрпиіп қалу


213
ешкіні құйрығы көкке, түйені құйрығы жерге жету
 – 
мүмкін емес 
нəрсе 
ешкінің асығындай
 – көзге қораш көрінетін кішкенентай ғана 
ешкі болсын теке болсын, балаларға сүт болсын
– не болса сол 
болсын пайдасы тисе болды деген мағынада;
Сөз ретінде айта кету керек, бертін келе төрт түлік малдан басқа тұрмыс 
жағдайлардың ішінде
 ит, мысық, тауық 
сияқты үй жануарларының 
да аттары фразеологизмдер компоненттерінің құрамында бар. Бұлар 
тіркестердің тірек сөздері ретінде белгілі бір орны бар. Бірақ көбінесе 
барлығы жағымсыз мағынадағы фразеологизмдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет