Монография «Елтаным баспасы»


Түркі тілдері фразеологизмдерінің



Pdf көрінісі
бет149/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

6.4 Түркі тілдері фразеологизмдерінің 
лингвомəдени ерекшеліктері
Салыстырмалы түркі фразеологиясын зерттеген Қ.Қалыбаева: «Қоғам 
өміріндегі экстра жəне интралингвистикалық факторлардың нəтижесінде 
фразеологизмдер сол кезеңдегі орын алған тілдік қарым-қатынастың, 
мəдени, тарихи лингвистикалық ақпараттарын өз бойына сіңіріп, белгілі 
дəрежеде сақтап қалады. Сөйтіп, тарихтағы қоғамға өзгеріс əкелетін 
өтпелі кезеңдер тілдің фразеологиялық қорының қалыптасуында өз ізін 
ерекше қалдырады. 
Мысалы, татар жəне башқұрт халқының бастан кешкен тарихи 
оқиғаларға қатысты 
Мамай заманында «во времена Мамая», қырым 
сиреүлəй, дарыны коро тотоу «жержать порох сухим», Əндрей 
қазынасы, Əндрей əбете, əби патша заманында «при царе горохе» 
секілді фразеологизмдер тариха кезеңдердің тілдегі көрінісі» дейді. 
[Қалыбаева, 2009, 62 б.]. 
Негізінде Мамай түмен басы, Алтын Орданың талантты жəне жігерлі, 


229
саясаткері болған жылдары орыс княздықтарының алаауыздықтарын 
пайдаланып, оларды көп шапқыншылыққа ұшырытқаны тарихтан мəлім. 
1370 жылдары Алтын Орданың билеушісіне айналды. Орыс фразеоло-
гиясында бұл есім мен оған қатысты оқиғалар 
«Как Мамай прошел»

 полнейший беспорядок, опустошение, разгром 
деген мағынада тұрақты 
тіркеске айналған. 
Қазақ фольклорында «Едігенің шөбересі Мамай батыр өлгенде анасы 
Қараүлек «Өлдің, Мамай, қор болдың!» дейтін жоқтауында: 
Артыңда қалған жас бала 
Қашан сендей болады?! 
Қырық ұл туса бір күнде, 
Орның қалай толады?! – деген өлең жолдары қалған екен.
Алтын Орда ханы болған тарихи тұлға ретінде Мамай есімі қазақ 
тіліндегі тарихи фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, халқымызда: 
«Өлдің Мамай, қор болдың», «Өлдің, Мамай — өштің, Мамай» 
деген 
тіркестер «ешнəрсеге жарамсыз, қажетсіз, қадірі жоқ» деген мағынада 
қазір де жиі қолданыста бар. 
Сондай-ақ, кейбір қазақ мақал-мəтелдерінің шығу тарихы кезін-
де алтынордалықтардың билік құрған кезеңдеріне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет