20
өзгелерге ұқсамайтындығын қандай салт, дəстүрмен көрсеткендігін тіл-
дегі қалыптасқан тұрақты тіркестер айтып бере алатындығын ғалымдар
ұсынған этнолингвистика саласы да фразеологиямен қатар сөз етілді. Бұл
ретте фразеологизмдердегі этнос мəдениеті, яғни этнолингвисткалық
зерттеулер (Ə.Қайдар, М.М.Копыленко) қалыптаса бастады.
Ұлт тілінің өзіне ғана тəн поэтикалық ерекшелігі фразеологизмдердің
жасалуына, қалыптасу кезеңі мен тұрақтылыққа жету кезеңіне игі əсерін
тигізеді. Мəселен, параллель фразеологизмдер деп аталған (І.Кеңесбаев)
«айрандай аптап, күбідей күптеп», «ұзын арқау, кең тұсау» т.б. «жа-
рыса жұп құрайтын» тіркестер тобы фразеологиялық қордың ішінде
бір төбе. Ғылыми үрдіс бойынша мұндай тіркестер тілдік терминмен
дəйектеліп,
қос тағанды фразеологизмдер
деп
ғылыми айналымға
енгізілді. («Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық
табиғаты» С.Сəтенова, 1997). Сөйтіп қазақ фразеологиясының тұлғалық
ерекшеліктерінің тағы бір түрі айқындалды.
Қазақ ұлтының мəдени өмірінің ерекшеліктері ретінде фразеоло-
гизмдер менталдық бірліктер деп аталады. Өйткені ұлт мəдениетін
танытудағы рөлі айырықша назар аудартып, ерекше бағаланады. Бұл
ұлт тіршілігінен жəне ұлттың менталдық
өрісінен хабардар ететін
фразеологизмдердің мағыналас түрлерінен анық байқалады. Соған орай,
фразеологизмдердің семантикалық категориялары талданып жаңа із-
деністермен толықтырылды. («Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-
мəдени аспектілері» (Г.Смағұлова, 1998).
Ал қазақ фразеологиясының семантикасы жəне тұрақты тіркес
мағыналарының ішкі формасы туралы арнайы зерттеу монографиялық
еңбекте қарастырылды. («Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы».
Р.Авакова, 2003).
Сондай-ақ, тұрақты тіркестерді салыстырмалы жəне салғастырмалы-
типологиялық бағыттағы зерттеулер («Түркі фразеологиясы». А.Нұрма-
ханов, 1998., «Поэтикалық фразеологизмдердің этномəдени мазмұны».
Қазақ жəне монғол тілдерінің материалдары бойынша. Г.Сағидолдақызы,
2003. Салыстырмалы түркі фразеологиясы. Қ.Қалыбаева. 2009) жəне
құрылымы жағынан сөз тіркестері (номинатив мəнде) мен сөйлемге (ком-
муникатив мəнде) ұқсас болып келетін фразеологизмдер арнайы бөліп
қарастырылып, олардың тілдік жəне қолданыстық табиғаты талданған
(А.Байтелиев. «Қазақ тіліндегі номинативтік жəне
коммуникативтік
21
фразеологизмдердің тілдік табиғаты мен контексте қолданысы» 2009)
т.б. еңбектер қазақ фразеологиясының теориялық мəселелеріне өзіндік
үлес қосқан ғылыми еңбектер болып саналады.
Бұл ретте фразеология саласының көш басында тұрған акад.
І.Кеңесбаевтың еңбектерінен бастап, күні бүгінге дейін фразеологиялық
зерттеулерді жеке-жеке сөз етсек, онда хронологиялық тəртіп бойынша
анықтама да түзуге болады.
Ең бастысы өткен ХХ ғасырдың екінші жартысы қазақ фразеоло-
гиясының тақырыптық жəне лексика-семантикалық ерекшеліктерінің
сипатталуымен құнды. Бұл қазақ фразеологизмінің корпусын қалып-
тастыруға негіз болған ізденіс нəтижелері деп бағалаймыз. Сондай-ақ,
бұл бағыт жалпы лингвистикалық зерттеулердің оның ішінде фразеоло-
гия да бар,
Достарыңызбен бөлісу: