Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологизмдердің еркін тіркестер негізінде қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет25/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

2.1. Фразеологизмдердің еркін тіркестер негізінде қалыптасуы
Фразеологизмдердің қалыптасу үдерісі мынадай когнитивтік үлгіде 
жүзеге асырылады: 
денотат 
(құбылыс, оқиға, дерек жəне т.б) → 
мазмұн
→ 
бейне 

 сигнификат 
(басты белгілері мен сипаттарының жиынтығы) 

 сөз тіркесі 

 фразеологизм.
Аталған когнитивтік үлгі жан-жақты 
кеңінен түсінікті етіп талдауды қажет етеді. 
Фразеологиялық тұлғалардың қалыптасу негізі еркін сөз тіркесіне 
тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің 
жасалуына ұйытқы болады. Мұны бірқатар тұрақты тіркестердің еркін 
сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғанын, əрі ондай құбылыстар 
осы кезге дейін сақталғандығынан көруге болады. 
Мысалы: 
етпетінен жату – 
етпетінен түсу,
 зат көру – 
қол көру 
(ойын), жіп жалғау – 
жүрек жалғау.
Осылардың алдыңғылары еркін сөз 
тіркестері де, ал кейінгі сыңарлары – еркін сөз тіркестерінің құрылымдық 
үлгілері негізінде жасалған тұрақты тіркестер [Қараңыз: Аблақов Ə., 
Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексика-
лану процесі. А., Санат. 1997, 17]. 
Тұрақты тіркестер диахронды зерттелмейінше олардың синхрондық 
жағдайы толық ашылмайды. Фразеологиядағы тарихи принцип о бастағы 


37
еркін сөз тіркестерінің фразологизмдерге айналу процесін тұтастай толық 
талдау жасауды қажет етеді. Алдымен тіркестің алғашқы тура номина-
ция – денотаттың əлде бір оқиға мен құбылыстың атауы болған кезін, 
содан кейін айналадағы шындық болмысқа, яғни референтке қатысын 
айқындау керек. 
Мысалы, қазақ тілінде 
қамшы болды
деген фразеологизм бар. Оның 
мағынасы: 
бір нəрсеге қозғау салды, түрткі болды,
итермеледі

Қамшы 
– ұлттық мəдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық мəдени 
сөздерге жататын себебі қазақтардың бұрынғы тұрмыс тіршілігін-
де қамшының орны мен рөлі ерекше. Оның қайыс таспадан өрілген 
түрлері, жасалу жолдары, сабының сапасы сияқты өзгешеліктері тек 
қазақ мəдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде малды айдайды, атты 
қамшылау үшін пайдаланылады. Демек малды əрдайым қозғалуға, тез 
жүруге итермелейтін, түртетін нəрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимылдың 
аты – қамшы салу, қамшы болу. Келе-келе затты немесе құбылысты 
танудың қорытындысы салыстырмалы түрде ұқсас құбылыстың атауына 
көшкен. Қазақ тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет