Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет27/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

қыр көрсету
тіркесінің мағынасы – айбат қылу, доң жасау 
(ҚТФС,376). Мысалы:
• 
Кенесары қырғыз манаптары Орман-Жантайдың əлеуметтік 
менмендігі, билікке таласушылығы, мəмілеге келе алмай, бір-бірі-
не,
 қыр көрсетіп
 күш сынасуының аяғы нағыз орта ғасырлық 
феодалдық жанжалға айналып кетеді. (Хан Кене. 249 б.).
Бұл тіркестің де фразеологиялық ауыспалы мағынаға ие болуына се-
беп – о бастағы еркін сөз тіркесі.
Қыр көрсету 
тұрақты тіркесіне негіз болған қыр сөзінің тілдік 
қолданысы өте кең. М.Қашқари сөздігінде «қырдың» төрт мағынасы 
кездеседі.
• қыр 1 – қыр. қыр jағы; – қыр жауы – кекті жау.
• қыр 2 – боз: қыр түсті, қыр ағ; – боз ат
• қыр 3 – бөген, тоған
• қыр 4 – төбе, дөң; тау қыраты 
(1 том, 383).
Қазір де қазақ тілінде 
қыр 
сөзінің зат есімдік төрт мағынасы бар: 
1. Созылып жатқан биік жер, жал.
2. Ауылдан сырт жер.
3. Бір нəрсенің сырт жағы.
4. Киімге үтік басқанда пайда болатын қатпар.
Сонымен қатар, мынадай ауыспалы мағынада қолданылады: 
• Адамның жеке басының жай көзге байқала бермейтін жасырын 
сыры, қалтарысы.


42
• Біреуге көрсетілген жағымсыз қылық, мінез, сес.
• Бір нəрсеге деген икем, еп.
«Қыр көрсету»
тұрақты тіркесінің қалыптасуына осының ішінде-
гі біреуге көрсетілген жағымсыз қылық, мінез, сес түріндегі ауыспалы 
мағынасы негіз болған. Сонымен қатар, осы 
қыр
зат есіміне қатысты 
мынадай фразеологиялық тіркестер де бар:
• 
Алты қырдың астынан 
– Алыс жерден, қашықтан
• 
Көз қырын салу
– 1. назар аудару, қарау. 2. бас –көз болу, 
көмектесу.
• 
Қыр астында
Алыс емес, жақын
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет