Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет32/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

түйе үстінен сирақ үйту 
– ебедей-
сіз адамның қимылы. Ал 
бүйректен сирақ шығару 
– орынсыз сөйлеп 
қалатын, орынсыз жерде ұрыс-керіс шығарытын адамның қ ылығын 
айтады. Мұндағы 
түйе, үсті, сирақ, үйту; бүйрек, сирақ, шығару 
– 
сөздерінің əрқайсысының өз атаулық, етістік, үстеу мағыналары 
бар. Бірақ фразеологизм құрамында барлығы бірігіп, фразеологиялық 
мағына жасайды. Кейде тұрақты тіркес компоненттерінің мағыналары 
фразеологиялық мағынаға сəл қатысты болады. 
Мысалы, 
тырнақ астынан кір іздеу
– жаманшылық, бəле қуу; 
көзіне 
көк шыбын үймелету 
– жазалау мəнінде айтылатын тіркестер. Ал бұл 
тіркестер о баста тура мағынада қолданылған, кейін ауыспалы мағынаға 
ауысқан. 


47
2 ТАРАУ 
Когнитивтік фразеология
2.1 Когнитивтік фразеологияның пəні, 
мақсаты мен əдіс-тəсілдері
Тіл білімінде фразеология мен когнитивистика фразеологизмдердің 
мағынасына қатысты бір-бірімен байланысты сөз етілетін бағыттар. 
Тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері коммуниканттардың 
тілдік санасында түрлі мағыналық реңктермен сақталуын жəне праг-
матикалық-дискурстық үйлесімін зерттеу фразеологияның теориялық 
əдіснамалық негізінің тереңдеуін қажет етеді. Бұл өз кезегінде тіл білімін-
дегі когнитивтік зерттеулерге иек артады. Когнитивік лингвистканың 
гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы ізденіс жетістіктерін тілшілер 
бірден құптаған. 
А. Киклевич: «Заслуга когнитивной лингвистики заключается в том, 
что она – восстав против сформировавшей в ХХ в. традиции имманент-
ного структурного языкознания – выдвинула на первый план «человечес-
кий фактор», в частности ортажаемые в естественных языках структуры 
и способы познания» деп атап көрсетеді. [2007, с. 70].
Когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдары «концепт», «фрейм», 
«гештальт», «схема», «сценарий» т.б. о баста антропологиялық білім 
парадигмаларының түрлі когнитивтік ғылым салаларынан алынған. 
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу-
лер қазақ ғалымдарының түрлі ғылыми еңбектерінен көрінеді. Атап 
айтқанда, тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мəні арқылы 
дүниені тану жағын қарастыру (Э.Д.Сүлейменова), адамзаттың этно-
ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуі (Н.Ж.Жарқынбекова), эмоция, 
гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісі (Қ.Жаманбаева), 
сөз əрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясы, (Г.Г.Гиздатов), 
прозадағы контраст концептілердің тілдік көрінісі (С.Сүгірбекова), 
концептілердің ұлттық-мəдени компоненттері (Ш.Елемесова), байырғы 
ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуі (Н.Аитова), кейіп-
кер тілінің когнитивтік мəні мен тілдік тұлға мəселесі (Ж.Сəткенова), 
концептілік құрылымдардың поэтикалық мəтіндегі вербалдану ерек-


48
шелігі (А.Əмірбекова), жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының 
берілуі (М.Күштаева, А.Смаилов т.б.) жəне т.б. ізденістер қазақ тіл 
білімінде когнитивтік лингвистиканың пəн ретінде қалыптасқандығының 
айғағы. Сондай-ақ, қазақ лингвистерінің когнитивтік аспектідегі зерттеу 
жұмыстарының нəтижесі қазақ тіліндегі «байлық-кедейлік, «өмір-өлім», 
«жүрек», «жан», «өзім-өзге», «үй», «парыз», «əйел», «тары» т.б. 
концептілердің тілдік бейнелері сараланды. Когнитологияның қазақ 
тіл біліміндегі қарқынды дамуы «элитарлық лингвистикалық пəн» 
(Мокиенко) ретінде фразеологияға да жемісті нəтижелер алып кел-
ді. Фразеологизмдердің қойнауларында жатқан экстралингвисткалық 
ақпараттарға деген қызығушылық бұрынғыдан да жан-жақты əрі 
тереңдей түсті. 
Когнитивтік фразеология фразеологизмдердің семантикасын тіл-
дік жəне тілдік емес ақпараттар арқылы дүниені қабылдау, сондай -ақ, 
тіл иесінің менталдық болмысының ерекшеліктерін терең, жан-жақты 
қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық мағынының жасалуы мен қалыптасуын зерттеуде 
когнитивтік лингвистиканың мүмкіндіктері мол. Тіл мен танымның 
сабақтастығы нəтижесінде концептөрістегі білім құрылымы мен фор-
масы жəне оның репрезентациялануы фразеологиялық зерттеудің жаңа 
парадигмаларына негіз болады.
Лингвистикада ерекше ғылыми бағыт ретінде когнитивтік 
фразеологияның қалыптасуы оның нысаны мен зерттеу пəніне байла-
нысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет