Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет29/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Құйрығын сыртқа салу
– тайқып шыға келу, дүрдараздық білдіріп, 
томсару мағынасында [ҚТФС,1977: 359]. Бұрынғы еркін тіркестегі 
мағынасы – жылқыны үйірден бөліп алардағы жылқы жануарының 
үйірден бөлініп, құрық салдырмай, ұстатпай құйрығын сыртқа салып 
өз бетімен қаша беруі. Мұны жылқышылар 
құйрығын сыртқа салу
деп 
атаған. Жағдаяттардың ұқсастығына қарай жоғарыдағы еркін тіркестер 
тұрақты тіркеске ауысу кезеңінде метафораланып, фразеологизм болып 
қалыптасқан. Қазақ тіліндегі фразеологиялық мағынасын мына мысал-
дардан көруге болады: 
• Тобықтының биі 
құйрығын сыртқа саларда,
майталманым деп, 
сенің қаншалықты жұмсарғаныңды біз де көрерміз. (М.Əуезов)
• Достардың, бірақ көбі келмей қалған
Қырын қарап,
 құйрықты сыртқа салған
Келген достың бəрінің жүні жығық
Баяғы күріл де жоқ дүниені алған. (С.Торайғыров)


44
Қырғыз тілінде басқа елден қашып кеткен адамдарды да осы тіркес-
пен сипаттаған. Мысалы:
Алтайдан келген қалмақтар
Куйругун сыртка салбайбы?
/Манас/.
Жібін //тамырын// тартып көру
– байқау, сынау мағынасында. 
[ҚТФС, 1977, 224]. Сөздікте берілген түсінікке дұрысы 
сыр тартып 
байқау
деп қосса, оң болар еді. Тамырын сөзі бұл арада лексикалық 
вариант ретінде көрінгенімен, фразеологиялық нормаға сай емес. Ал 
тамырын басып көру 
деген мағыналас түрі жұмсалу нормасына сай 
келеді. Əдетте тамырды тартып көрмейді, басып көретіні шындыққа 
лайық. Сондықтан сөздіктегі вариант түрі (тамыры) басы артық сөз. 
Бұл тіркестің тура мағынасын былай таратуға болады. Кездеменің 
(матаның) қатты немесе бос тоқылған түрлері болады. Бос əрі сирек 
тоқылған түрінің жіптері саусақ ұшы тиген сайын селдіреп, жіптері 
тарқатыла береді. Ширақ қатты тоқылған матаның жібі оңайшылықпен 
суырылмайды. Адамға қатысты ауыспалы мағынаға айналуы ұқсастық 
заңына негізделген. Сонымен қатар, тілімізде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет