Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологизмдердің тақырыптық-



Pdf көрінісі
бет137/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162
6.1.Фразеологизмдердің тақырыптық-
семантикалық топтары, тірек сөздер
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің пайда болуына алдымен оның 
тұрмыс тірішлігі əсер етеді. Əр ұлтттың өзіне тəн өмір сүру, тіршілік 
ету, рухани құндылықтарына қарай қызмет ететін сөздері тұрақты тіркес 
құрамында да кездеседі. Бірақ барлық сөздер фразеологизмге ұйытқы, 
тірек сөз болмайды. Фразеологизмдердің құрылым-құрылысында


207
мəселен, қазақтардың төрт түлік малға негізделген күн көру, өмір сүру 
қағидалары, салт-дəстүріне көбінесе тек ұлттық мəдени тіршілігіне 
қатысты суреттерден (фрейм, сценарийлер) хабар беретін лексемалар 
ұйытқы болады. Фразеологизмдердің жасалу жолдары адамдардың 
күнделікті көріп жүрген жағдаяттары (ситуация) мен құбылыстарға бай-
ланысты. Тұрақты тіркестің құрамындағы барлық сөздер емес, тек бір 
жеке сөздің тірек немесе ұйытқы болуы адамдардың ең назар аударған 
дағдылы іс-əркетіне қатысты сөз ғана тіліне оралады.
Қазақ тіліндегі соматизмдердің 
фразеологизм жасаудағы қызметі 
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын тірек 
сөздердің ішінде ең көбі адамның дене мүшелерінің атаулары – сома-
тизмдер. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл-тілде кездесетін 
ортақ ерекшелік. Демек адамдар өзінің іс-əрекетінде неғұрлым жете та-
нып білген заттар мен құбылыстардың қасиетін ұзақ уақыт бойы бақылай 
жүріп, солардың ерекшеліктерінен жинақтаған өмірлік тəжірибелеріне 
сүйеніп түрлі қорытындылар жасау дағдысын меңгереді. Осыдан пай-
да болған, салыстырулар, ұқсата отырып жаңа ұғым туғызу, өзі білетін 
ежелгі атауға тағы да басқа мағына үстеу, оны тілдік қатысым əрекетінде 
ауыспалы мағынада жеткізу сияқты қатынас құралының қызметіне 
қосымша бейнелілік туғызады. 
Бұл ретте адамдардың өз-болмыс табиғи жаратылысы дене мүшелері 
атауларының фразеологизм жасаудағы ұйытқы немесе тірек сөз 
болуындағы қызметі ерекше. Бұл, əрине, кездейсоқ емес. Өйткені адам 
жансызға жан бітіретін саналы тіршілік иесі ретінде алдымен өзіне та-
ныс, дене мүшелерінің əбден үйреншікті дағдылы құбылысқа айналған 
қызметі мен қасиеттері ауыспалы қосымша мағынаға ие болады. Олардың 
ішінде фразеологизмдер жасауда 
көз, жүрек, қол, бас, ауыз, бет, қан, 
іш, тіл
лексемалары басты орында. Бұлардың барлығы көзге көрінетін 
сыртқы бөлшектер. Ал көзге көрінбейтін ішкі ағзалар да фразеологизм 
жасауға қабілетті. Жалпы соматикалық процестердің /дене мүшелерінің 
жай-күйі, динамикалық сипаты т.б./ барлығы тірек сөз бола бермейді. 
Қазақ тілінің он томдық түсіндірмелі сөздігінде бұлардың əрқайсысы 
Ə.Болғанбаевтың есебімен жүзден бес жүзге дейін фразеологизмдерді 
жасауға ұйытқы болған. Жəне мынадай қызық деректерді келтіреді: 


208
&
Са
ны жағынан болсын, фразеологизмдердің байлығы жағынан 
да анатомиялық атаулардың ішіндегі ең байы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет