109
да біздің сөйлеу мəдениетімізде бабалар тілінен қалған асыл сөз мар-
жандары, образды тіркестер уақыт өткен сайын күннен күнге азайып,
сөйлейтін сөзіміз ойлы болса да жеткізу өресінде сөзіміз нəрсіз, қысқа
қайырылатын, үнемделеген үнсіздікке ойысып барады. Мұны заман
ағымы десек те, бірақ космос жылдамдығына ұқсас өтіп бара жатқан
күндер біздің тілімізді жұтаңдыққа əкеле жатқаны, қазақтардың өз ана
тіліндегі асыл мұралардан адасып бара жатуы тіл экологиясы дейтін
проблемаға алып келді.
Мəселен, сауалнама нəтижелері бойынша болашақ тіл маманы бола-
тын филолог студенттердің фразеологизмдерді түсіну деңгейіне мысал
келтірсек:
жүрегі қараю –
қарны ашу;
бес биенің сабасындай –
толық ет жеңді əйел;
мұрнынан шаншылу –
қолы тимеу;
қаны қараю
– бірнəрсеге қатты ашулану т.б.
толып жатқан тіркестердің түсінігін сұрасаңыз мағыналарын талдап
айтуға қиналады. Фразеологиялық мағынаны білу, қолданысты дұрыс
пайдалану олардың интеллектуалдық іс-əрекетінің тереңдігіне, оның
танымы мен ойлауына, интуициясына байланысты. Фразеологиялық
мағынаның негізігі мəнін тілді тұтынушы білмегендіктен, олар
Жүрегі
қараю-
батыр адам,
бес биенің сабасындай
– тек əйелдерге қатысты ай-
тылатынан хабары жоқ, əркім əр түрлі айтса, ал қалған екі тіркестің
мағынасын ешкім айта алмады.
Бірінші курс студенттері
көптеген фразеологизмдердің, мысалы:
екі қолын төбесіне қойып
– бірнəрседен, түңілу, қашу;
төбесіне қамшы ойнату –
жəбірлеу, ұрып-соғу;
жегені желім болу –
қорлық көру;
шыбын шаққан құрлы көрмеу
– сескенбеу, елемеу, қорықпау, менсін-
беу;
мұрнын тескен тайлақтай сияқты
– көнбіс, жуас, біреудің жетегімен
жүретін адам;
қатарын
тыңдап отырып, «тілді тұтынушылардың мұндай деңгейді
меңгеруі тек жасы үлкендерде ғана байқалады» деген қорытындыға ке-
11
0
леді. Өз ұлтының бұрынғы тұрмыс-тіршілігінен мүлдем хабарсыз, тіпті
өз ұлтының мəдени өмірінен алыс кеткен, ал бейнелі сөйлеуді тек үлкен
ақсақал, қарт адамдардың еншісіне қалдырған, қазақ тілін біле тұра тілге
жанашырлығы жоқ басқа жастар мəдени аренаға шықты. Студенттердің
жазба жұмыстарында қисыны жоқ сөйлемдер кездеседі: «Тай шаптырым
жерден бір күшік шыға келді». Өзі тай шаптырым жердей қашық болса,
сол жерден күшік шыға келсе бұл қалай болғаны? Адамның көзі жетпейтін
қашықтық емес пе? Немесе «Құрбым екеуміздің дəм-тұзымыз жарасып,
басқаларға үлгі бола білдік». Əдетте қазақ ұғымында «дəм-тұзымыз жара-
су» ерлі-зайыптыларға қатысты қолданылатын тіркес. Қазақ жастарының
тілі əдеби кітап оқымаудың салдарынан тоқырауға ұшырады.
Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мəнерінің осыншалықты тоқырауын
əрі қарай да сұрықсыздана беретінін
Алматы қаласындағы қазақ
мектептерінің 8-11 сыныптарында жүргізген сауалнама нəтижелері рас-
тап берді. Олардың тілдік ортасы – аралас дүбара қостілділікпен қарым-
қатынас жасайтын орта. Мұның бəрі – тіл дамуынан тыс болып жатқан
себептердің көрінісі.
Сауалнама нəтижелерінің кейбіріне тоқталайық. Ұсынылған он
екі түрлі фразеологиялық тіркестің түсінігін жазу үшін
сауалнамаға
Алматыдағы қала мектептері бойынша алты жүздей оқушы қатысты.
Жүргізілген сауалнаманың кейбір нəтижелеріне назар аударайық.
Тіліміздегі
Достарыңызбен бөлісу: