192
Ал мына мысалда да ұқсас ситуация, бірақ мағыналық байланыс
байқалмайды:
Ауыз ашу ≠
1. Бір нəрсеге таңқалу
2.
Ораза кезінде ауыз ашу
3. Сөйлей
бастау
Бірінші тіркестің бейнелі мағынасы адамның таң қалған жағдайдағы
аузы ашылып қарауы, тыңдауы т.б. физиологиялық сəтін суреттей-
ді. Екінші тіркесте рамазан айында мұсылман жұртының ауыз бекіту
ұғымына қарсы мəндегі ауыз ашу, тамақ ішу мағынасы берілген. Ал
үшінші мағынасы бойынша адресанттың айтуы, сөйлей бастауы деген
ұғым қалыптасқан.
Фразеологизмдер өзара омонимдес болумен қатар, тілдегі еркін
сөз тіркестерімен омонимдес болатындығы келтірілген мысалдардан
көрінеді.
Кейде көп мағыналыққа қатыссыз дыбысталу мен жазылуында
кездейсоқ ұқсастығы бар омоним фразеологизмдер кездесесіп қалады.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: