Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет150/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193
Байланысты:
Verstka

5.6 Қазақ фразеологиясындағы 
синтагматикалық қатынастар
«Синтагматикалық қатынастардың парадигматикалық қатынастардан 
өзгешелігі сөздердің, яғни тілдік таңбалардың ұқсастығын не ерекшелігін 
қажет етпейді. Тек бұл қатынасқа енген тілдік таңбалар қарым-қатынас 
кезінде бірге қолданыла алады жəне өзара ықпалдасады». (Кронгауз, 
152).
Фразеологиялық синтагматика жөнінде мағыналыс фразеологизмдерді 
қарастыру  барысында,  біраз  ой-пікірлерімізді  ортаға  салғанбыз. 
(Қараңыз: «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мідени аспектілері». 
1998. 40-43 б.). Тұрақты тіркестердегі тіркесімділік арқылы синтагмалық 
қатынастарды  жан-жақты  терең  талдауға  болатындығын  идеялармен 
ашық тақырып ретінде қалдырғанбыз. 
«Қазақ тілінің лексикалық синтагмасы» атты зерттеуінде Ғ.Хасанов 
(2009) фразеологиялық синтагматиканың ерекшеліктеріне назар аударған. 
Ғ.Хасанов  аталған  еңбегінде  «Фразеологияның  синтагматикалық  ас-
пектісі»  деген  тараушасында  (336-364)  арнайы  сөз  етеді.  Ал  орыс 
тіл білімінде бұл мəселе өз кезінде əсіресе, əкелі-балалы В.П.Жуков, 
А.В. Жуковтардың зерттеулерін жəне фразеологиялық оралым туралы 
жазған Тагиев т.б. ғылыми көзқарастарын атауға болады.
Мəселен,  В.П.Жуков,  А.В.  Жуков:  «Фразеологизмдердің  сөзбен 
мəндік бірлестікте болып, семантикалық эффект беруі, яғни лексика-
фразеологиялық тіркесімділік құрауы – фразеологиялық синтагманың 
сипаты» дейді [2006, 173].
Қазақ тіл білімінде фразеологияда синтагматикалық қатынастарды 
əлі  де  қарастыру,  толықтыра  түсу,  жан-жақты  зерттеу  маңызды  бо-
лып  есептеледі.  Фразеологизм  құрамындағы  сөз  сыңарларының  тір-
кесімділігі  бүкіл  фразеологияның  негізін  құрайды.  Жалпы  тіл-тіл-
дегі  фразеологиялық  тұлғаның  синтагматикасы  туралы  аз  айтылған, 
сондықтан осы саланың өзекті мəселерінің бірі деп айтуға болады.
В.Г.  Гактың  айтуынша:  «сөздердің  тіркесімділік  заңдылығын 


194
түсіну үшін үш деңгейді: қоршаған орта шындығы, ойлау жəне тілдік 
деңгейлерді талдау қажет» [1972, 369].
 
Фразеологияда  синтагматикалық  қатынастарды  қарастырмастан 
бұрын,  алдымен  синтагматикалық  қатардың  мүшесі  ретінде 
фразеологиялық тұлғаның (ФТ) мəртебесін анықтап алу керек. Олардың 
Ю.А. Гвоздарев ұсынған:
ü ФТ-ның жалпы мағынасы,
ü ФТ-ның этимологиялық мағынасы, 
ü ФТ-ның лексикалық құрамы,
ü ФТ-ның грамматикалық мағынасы,
ü ФТ-ның стилистикалық сипаты 
фразеологимздердің  синтагматикалық  ерекшеліктерін  анықтауға 
мүмкіндік береді. [2008, 259]. 
Фразеологиялық  тұлғалар  ұғымды  білдіреді,  сөйлеуде  өзінің 
мағынасымен жұмсалып, басқа сөздермен тіркесе келе, əлдебір сөйлеу 
жағдаяттарын білдіреді. Демек ФТ лексика-семаникалық қатардың ны-
саны.
Фразеологизмдердің басқа сөздермен тіркесу қабілетін В.П.Жуков, 
А.В. Жуков үш түрге бөліп қарастырады: 
ü Жеке толық мағынасы бар, еркін қолданысқа ие болатын фразеоло-
гизмдер. Бұлар атауыштық сипаттағы басқа сөздермен кең жəне əр түрлі 
байланыстарға түсуімен ерекшеленеді. 
ü Жеке заттық мағынасы бар, бірақ басқа сөздермен қабыса, меңгеріле 
байланысқа түсетін тіркестер тобы.
ü  Сөздерді  т алғап,  көбінесе  бір  лексика-семантикалық  топтағы 
сөздермен байланысатын фразеологизмдер. (2006, 315). 
ФТ-ның  тіркесімділігі  өзінің  құрамындағы  сөз  сыңарларының 
этимологиялық  семантикасымен  анықталады.  Бұл  арада  кейбір 
компоненттердің лексикалық ерекшеліктерін сақтап қалуы назар аудар-
тады. Мысалы, шаршау, қатты қалжырап қалу мағынасында: аяғын ал-
дырту, сілесі құру, əбден қалжырау, табанынан таусылу, жүйкесі бо-
сау, құр сүлдері қалу фразеологизмдері бар. Тіркес құрамындағы сөздер 
олардың адамның іс əркетімен жəне басқа жанды заттармен байланысы 
барын аңғартады. Кейбірі нақтылы қимылға негізделсе (аяғын алдыр-
ту, табанынан таусылу), қалғандарында дəл сондай ашық іс əрекет 
байқалмайды. Мысалдар


195
•  Артықжанның  мекемеден  мекеме  қоймай,  табанынан та-
усылып  жүріп  алған  бір  жапырақ  қағазы  түкке  де  жарамай 
қалды.(«ЖА»)
• Бұл: «Мұсасы құрғыр жоқ, ойбай» деп үйге кіре бергенде Талпақ 
пен Сарыауыз сілесі құрып болып, көптен бері құр ғана тіресіп 
тұр еді. (М.Ə., 1 кітап, 282 б.)
Бірінші жəне екінші мысалдардардағы  табанынан таусылып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет