Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологиялық  оралым  д



Pdf көрінісі
бет15/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193
Фразеологиялық  оралым  деген  фразеологическое  окружениенің 
аудармасы болып шығады. Сондықтан бұл арада термин мүлдем басқа 
мағынаға ойысады. І.Кеңесбаев бұл жөнінде …фразеологизмнің кон-
текстегі көрінісін білу үшін оған (ФЕ-ге) арқа сүйер оралымның (ер-
кін тіркестердің) типтерін табу қажет- дейді. [ҚТФС, 621 б.]. Өйткені 
фразеологиялық оралымдар дегеніміз – тұрақты тіркестердің алдынан 
немесе соңынан келетін жай тіркестердің фразеологизмдермен оралымға, 
яғни мағыналық жəне синтаксистік байланысқа түсуі. Оралымға түсетін 
сөздер оралым мүшелері деп аталады. Сонымен фразеологиялық ора-
лым деу де қате қолданыс. 
Тілдік терминдер арсында тұрақты сөз тіркестері деген термин 
көпке дейін дұрыс қолданыста жүрген сияқты болды.(«Фразеологизмд


12
ердің варианттылығы» (1996) деген оқу құралымызда осы терминді біз 
де пайдаланғанбыз). Бірақ сөз тіркесін зерттеуші мамандардың тілде сөз 
тіркесінің еркін сөз тіркесі жəне тұрақты тіркес дейтін екі түрі ғана 
бар деген ғылыми дəлелдерінен кейін мұның да соңғы жылдары қате 
қолданыс екені байқалды.
Сөз  тіркесі  синтаксистік  бірліктің  атауы  ретінде  тұрақты  тіркес 
ұғымынан бөлек нəрсе. Дұрысында сөз тіркесі деген синтаксистік ұғым 
тек синтаксистік тіркес немесе еркін тіркес деген атауларды білдіреді. 
«Демек фразеологиялық сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі, терминдік 
(терминологиялық) сөз тіркесі, т.б. сияқты қолданыста дұрыс емес
бұлар сөз тіркесінің түрлері емес жəне сөз тіркесі шеңберіне енбейді де. 
Сондықтан олар синтакистік құбылыс емес, əр түрлі тілдік құбылыс 
ретінде сөз дегенсіз фразеологиялық тіркес, тұрақты тіркес, термин-
дік тіркес
 болып аталуы керек», – деген С.Исаев пікірі біраз мəселенің 
бетін ашты [Қазақ тілі жайлы ойлар. 1997, 209 б.].
Ендігі  бір  мəселе  фразеологизмдер  түрлерінің  атаулары  жөнінде. 
В.В.Виноградовтың фразеологизм түрлерін топтастыруына қарай: фра-
зеологические сращения – фразеологиялық тұтастық; фразеологичес-
кие единства – фразеологиялық бірліктер; фразеологические сочетания 
– фразеологиялық тізбектер; деп 1966 ж. аударылғанды [С.Кенесбаев, 
Т.Жанузаков. «Русско-казахский словарь лингвистических терминов». 
1966, 176 б.].
Ғылым саласы жан-жақты, терең зерттелген сайын тілде жаңа кон-
цепт пайда болады. Оған жаңа тұжырым жасалады. Бұл ретте тілде жаңа 
атау қажеттігі қарастырылатыны белгілі. Демек қазақ фазеологиясының 
зерттелу  нəтижесі  бойынша  соңғы  жылдары  басылып  шыққан  жаңа 
еңбектерге қарай, оларда қандай терминдер жасалды қалай қалыптасып 
келе жатқанынын түгендеп, саралап, талдап беру осы фразеология ғылым 
саласына да міндетті жайт екендігін ескеру керек. Соңғы жылдардағы 
ғылми ізденістерде, жарық көрген монографияларда фразеологияға еніп 
жатқан терминдер туралы пікір, көзқарастар бар.
І.Кеңесбаев  қазақ  тіліндегі  барлық  фразеологизмдерді  екі  үлкен 
арнаға бөлген. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет