сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық единица, фразеологиялық бірліктер деген терминдік
қолданыс ретінде ғылыми аталымдар бар. Бұлардың барлығы жарыспа-
лы қолданылып жүрген терминдер. Қазақ тілінде осы аталғандардың ең
жиі қолданылатын екі түрі ғана:
фразеологизмдер немесе фразеологиялық тіркестер деп қалуы тиіс.
Ал тұрақты тіркес деген атаудыңмағынасы кең. Тек тұрақты ай-
тылу үлгісі бар тіркестер, атаулық тіркестер, шектеулі тіркестер осы
мағынада қолданылады.
Фразеологиялық единицаныфразеологиялық бірліктер деп
атауға болмайтын себебі: бұл термин орыс тіліндегі фразеологичес- кие единстваның аудармасы, яғни фразеологизмдердің үш түрінің
бірі – фразеологиялық бірлік, демек, бұл тіркеспен омонимдес етіп
атау келіңкіремейді. Кезінде біз фразеологиялық тұлғалар (ФТ) деп
қолданғанбыз [Қараңыз: Фразеологизмдердің варианттылығы. 1996].