КІРІСПЕ 1. Фразеологиядағы жарыспалы терминдер жəне олардың бірізділігі Фразеология – тұрақты тіркестерді (кең мағынада) зерттейтін
лингвистикалық пəн. Сондай-ақ тілдердегі фразеологизмдерді қарас-
тыратын тіл білімінің дербес саласы.
Тіл білімінде (көбінесе еуропа, славян зерттеушілері) фразеоло-
гизмдерді түрлі топтастырулары бойынша қазіргі бөліп қарастырғанына
қарай, қазақ тіліндегі мысалдарымен көрсетсек: идиомдар (ит мініп ирек қамшылау, мұрнынан есек құрты түсу, ит арқасы қиянда, түкіргі жерге түспеу, түйе үстінде сирақ үйту);
мақалдар(еңбегіне қарай өнбегі, орамал тон болмайды, жол болады, ер – елдің иесі, əйел – үйдің киесі); мəтелдер (тегін адам таз болмайды, бір тауда бір киік, итке мылтық не керек, əркім өз ботасын үкілейді); Бұларға қосымша дəстүрлі топтастыруда қанатты сөздер(еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей, сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады,); коллокациялар (жанды сөз, су мұрын, шикі өкпе, құдайы қонақ т.б. – дəстүрлі фразеологиялық тізбектерге қоса шешім қабылдау, билік коридоры, ақпараттық соғыс т.б. мысалдар); деп бөледі.
Қазіргі фразеологиялық концепцияларда басқа топтары да, мəселен,
орыс тіл білімінде грамматикалық фразеологизмдер (бізқайтала-