Монография «Елтаным баспасы»


малы (тавтологиялық) тіркестер



Pdf көрінісі
бет10/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   193
Байланысты:
Verstka

малы (тавтологиялық) тіркестер
 деп атағанбыз)  айтып айтпай не 
керек, өзім өз болғалы, ашықтан ашық, күндердің күнінде); 
Қатысымдық жағдаятта кездесетін сұраулы фразеологизмдер 
– не əкесінің құны бар?, не бəлесі бар? əкеңді өлтірдім бе?); сөз етіліп 
жүр. (Орыс тілінде келтірілген тіркестерге салыстырыла қазақ тілін-
дегі  фразеологизмдердің  мысалдары  беріліп  отыр).  Жоғарыдағы 
фразеологизмдердің типтерінде идиома термині фразеологизмнің үш 
түрінің (фразеологиялық тұтастық, бірлік, тізбек) жалпы атауы ретінде 
алынған. Мақал-мəтелдердің фразеологияға қатысы тіл білімінде үнемі 
айтылып келе жатқан мəселе. (Осы кітапта да бұл мəселе жан-жақты 


9
талданады).  Ал  коллакцияларда  тұрақтылық  пен  тиянақтылық  бол-
ғандықтан фразеологиялық мағына бар деп есептейді. (Телия: 1996). 
Орыс фразеологиясында бұл аталымдардан басқа, фразеосхемалар 
немесе синтаксистік фразеологизмдер (кеше де сол, бүгінде сол) ата-
латын типтері бар [Баранов, Добровольский: 2008].
Шетел зерттеушілері қазіргі кезде фразеологизмдерді нақты мəсе-
лелер  бойынша,  атап  айтқанда,  фразеологимздердің  синтаксистік, 
семантикалық ерекшеліктерін, дискурсивтік сипатын, прагматикалық, 
əсіресе, олардың психологиялық қабылдану ерекшеліктерін қарастыруға 
ден қойған. Бұл ретте соңғы бағыт – психолингвистикалық жəне когни-
тивтік психология қатты назарда. 
Орыс фразеологиясында дəл қазіргі кезде лексико-фразеографиялық 
жұмыстар қатты белең алды. Тек соңғы он жылдықта тақырыптық, 
түсіндірмелі, мəдени-танымдық  бағыттағы  т.б.  көптеген  сөздіктер 
жарық көрді. Бұл ретте қазақ фразеографиясы көш кейін қалғаны рас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет