2. Көңілі бөліну, алаңдау
Тіркестер омоним фразеологизмдер деп танылу үшін мынадай бел-
гілер болуы керек:
◊ Омоним фразеологизмдер көп мағыналы тіркеске ұқсайды, бірақ
тіркестер арасында өзара мағыналық байланыс болмайды.
◊ Айтылуы мен жазылуы бірдей омоним тіркестер кейде кездейсоқ
жасалуы да мүмкін.
193
Омонимия құбылысы фразеологизмдердің барлық түрлерінде кездесе
бермейді. Көбінесе фразеологиялық бірлік пен фразеологиялық тізбек-
терде ұшырыасады.